B) дүниеде бардың бәрі ақылға сия бермейді, өмірде бардың бәрі шындық емес C) дүние дегеніміз шындық емес
D) дүниеде бардың бәрі шындық
E) дүниеде бардың бәрі ақылға сияды, өмірде бардың бәрі шындық
10. Көлемі бойынша ұғымдар жалқы және жалпы болып бөлінеді. Жеке деп көлемі жалғыз, дара элементтен тұратын ұғымдарды («бірінші ғарышкер», «екінші дүниежүзілік соғыс», т.б.) айтамыз. Жалпы деп көлеміне кем дегенде бірден артық элемент кіретін ұғымды атайды («ғарышкер», «мемлекет», «қылмыскер» және т.б.). Берілген жауаптардың ішінен көлемі бойынша жалқы ұғымды көрсетіңіз.
A) Австралия B) материк
C) теңіз
D) кітап
E) қала
11. Дүниеге көзқарастың келесі бір мифтен кейінгі қалыптасқан түрі – дін. Қазіргі кездегі бір ғана құдайға сенетін монотеистік діннің пайда болуына дейін оның бастапқы нышандары осыдан жүздеген мың жылдар бұрын қалыптасқан. Оларды алғашқы діни сенімдер деп атайды: тотемизм, фетишизм, анимизм, магия, политеизм т.б.
Төменде берілген жауаптардың ішінен белгілі бір халықтың немесе этностың шығу тегін хайуанаттармен немесе өсімдіктермен туыстық байланыста қарастыруының ғылыми атауын табыңыз.
A) магия
B) тотемизм C) анимизм
D) политеизм
E) фетишизм
12. Қанат велосипедпен 1 сағатта ауылдан көлге дейін барып, кідірместен кері қайтқан. Ауылдан көлге дейінгі жылдамдығы 6 км/сағ, ал көлден ауылға дейінгі жылдамдығы 12 км/сағ болды. Көлден ауылға дейінгі арақашықтықты табыңыз.
A) 9 км
B) 4 км C) 6км
D) 3 км
E) 4,5 км
13. Квадраттың қабырғалары 20% -ға ұзартылған. Квадраттың ауданы қанша пайызға көбейетінін есептеу керек.
A) 25%
B) 56%
C) 4%
D) 44% E) 24%
14. Банкте жылдық мөлшерлемесі 12% болатын депозитке 50000 теңге салынды. Депозитке салынған ақша 3 айдан кейін қанша болатынын есептеу керек.
A) 50500
B) 64000
C) 52000
D) 54500
E) 51500 15. А нүктесінен шыққан бала жолдың жартысын, өз адымдарын қостап санап, ал қалған жартысында үштеп санады. Екі түрлі санаудың айырымы
250-ге тең болды. Б нүктесіне дейін қанша адым бар екенін есептеу керек.