VІІІ. Тақырып: Жақтың сынықтары кезінде жақтардың иммобилизациясы 1. Мақсаты: резиденттерді жақтың сынықтары кезінде жақтардың иммобилизациясын жүргізу дағдысын үйрету.
2. Үйрету әдісі:кіші топтар
3. Ақырғы нәтиже: жақтың сынықтары кезінде жақтардың иммобилизациясын жүргізу дағдысын игеру
4. Медициналық заттар мен қондырғылар тізімі: муляж
5. Дағдыны орындау алгоритмін сипаттау (8 қадам)
Жоғарғы жаққа шендеуішті дайындау: алюминий сымынан крампонды қысқыштар көмегімен 0,8 см кеңістіктері бар диаметрі 0,5 см 8 ілмектер жасайды. Шендеуішті жоғарғы жақтың формасы бойынша майыстырады.
3
Төменгі жаққа шендеуішті дайындау: алюминий сымынан крампонды қысқыштар көмегімен 0,8 см кеңістіктері бар диаметрі 0,5 см 8 ілмектер жасайды. Шендеуішті төменгі жақтың формасы бойынша майыстырады.