Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет349/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   345   346   347   348   349   350   351   352   ...   832
 
Микроскоппен
зерттегенде қан тамырларының барлық қабаты зақымдалып
алып жасушалы панартериит
дамитыны анықталады. Аурудың барысында 
қабынудың бүкіл фазасы өрістеп, ақыры тамырдың қабырғасы шорланып 
тынады. Осыған орай, бейспецификалық аортааретриттің даму барысын үш 
кезеңге бөлуге болады. 
Алғашқы (жедел) кезеңде
тамырлардың ішкі 
эластикалық мембранасы ыдырап, барлық қабаттарын лимфоциттер, 
плазмациттер жайлайды. Алып жасушалар бірен-саран ғана болады. Эндотелий 
көбейіп, тромбылар түзіліп, интима қалыңдайды. 
Кейінгі (жеделдеу) кезеңде
пролиферация басымдау болып, макрофагтар, эпителиоидтық, алып және 
плазмалы жасушалар, лимфоциттер шоғырланып, гранулемалар түзеді. 
Ақтық 
(склерозды) кезеңде
тамырлардың қабырғасын дәнекер тін жайлап, одан 
эластикалық мембрананың қалдықтары ғана ұшырасады. Ал, тамырлардың 
қабырғасында тромбылар беріштенеді, онда өндіршін тамырлар көбейіп, 
саңылауды тарылтады, тіпті бітеп те тастайды. 
Т
ҮЙІНШЕКТІ ПЕРИАРТЕРИИТ
 
Түйіншекті периартериит
(синонимдары: классикалық түйіншекті 
периартериит, Куссмауль — Мейер ауруы) — негізінен орта және кіші калибрлі 
артериялар жүйесіндегі дәнекер тін зақымдалатын ревматизмдік ауру. 
Этиологиясы мен патогенезі.
Этиологиясы әлі белгісіз. Басты патогенездік 
механизмі — иммунды кешендердің тамырлар қабырғасына әсері. Сондықтан 
тамырларда фибриноидты некроз дамиды. 
Патологиялық анатомиясы
. Көбіне бүйректің (90—100%), жүректің тәждік 
(88—90%), шажырқайдың (57—60%), бауыр мен мидың (46%) кіші және орта 
калибрлі артериялары зақымдалады. Кейде артериит көлденең жолақты 
бұлшықетте, асқазанда, ұйқы безінде, бүйрекүсті бездінде, шеткі жүйкелік 
сабақтарда дамиды. Үдеріс мойын артериясы, бұғанаасты, мықын, сан 
артериялары сияқты ірі тамырларды да қамтуы мүмкін. 
Бұл аурудың морфологиялық негізі — 
васкулит
. Ол артерияның ортаңғы 
қабатын сегменттеп немесе айнала шарпитын 
альтерациялық
үдерістер
— 
фибриноидты некроздан басталып, біртіндеп 
экссудациялық
одан 
жасушалы 
пролиферациялы жауапқа
ұласады. Үдеріс ақырында негізінен тамырдың 
сыртқы қабатын жайлайды. Артериялардың қабырғасында түйіншектер 
қалыптасып, 
склероз
дамып, қ
алындайды
(түйіншекті периартериит; 166-сурет). 
Даму барысында көбірек ұшырасқан қабыну фазасына қарай, түйіншекті 
периартерииттік 
васкулиттерді
морфолог 
деструкциялы

деструкциялы-
пролиферациялы
және 
пролиферациялы
деп жіктейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   345   346   347   348   349   350   351   352   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет