Нуржігіт Алтынбеков
358
қамтыса,
уытты әсерлік колитке
уремия, сулема, дәрі-дәрмектер себеп
болады, ал
уытты
әсерлік-аллергиялық колиттер
тобына алиментарлық және
копростаздық колиттер жатады.
Патологиялық анатомиясы
. Жедел колиттің морфологиялық нысандары
катарлы, фибринді, іріңді, геморрагиялы, некрозды,
гангреналы және ойық
жаралы деп бөлінеді.
Катарлы
колит
кезінде ішектің кілегейлі қабықшасына қан толып, үстіне
ұйымалы, шырышты немесе іріңді экссудат жиналады (ұйымалы катар,
шырышты немесе іріңді катар). Жасушалар кілегейлі қабықша мен оның астына
да шоғырланады. Кілегейлі қабықшаның астында қанды ошақтар болады.
Эпителий дистрофия мен некробиозға ұшырап, сыдырылып, түлейді
(десквамация), бездер секретті көп түзеді.
Фибринді
колит
некроз бен фибринді экссудаттың
кілегейлі қабықшаны
қамтыған тереңдігіне, яғни қалыптасқан фибринді қабыршықтың ішектің
іргесімен жалғасу беріктігіне байланысты
крупті
және
дифтеритті
колитке
жіктеледі («
Дизентерияны
» қара).
Іріңді
колит
,
әдетте флегмоналы
(
флегмоналы колит
). Егер ішектің іргесінде
қанды ошақтар тым көбейіп, қан
сіңген аймақтар пайда болса,
колит геморрагиялы
деп аталады.
Некрозды
колит
кезінде үдеріс кілегейлі қабықшамен ғана шектелмей,
оның астын да
қамтиды.
Гангреналы колит
— некрозды колиттің даму варианты.
Жедел ойық
жаралы колит
көбіне ішектегі дифтериттік немесе некрозды үдерістің жалғасы
ретінде өрістейді. Ал тоқ ішектік амебиазбен сырқаттанғанда ойық жара бірден
қалыптасады.
Жедел колит
асқынса
, кейде қан кетеді немесе ішектің іргесі тесіліп,
перитонит, парапроктит дамуы, параректалдық жыланкөз қалыптасуы мүмкін.
Жедел колит созылмалы колитке де ұласады.
Достарыңызбен бөлісу: