Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет733/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   729   730   731   732   733   734   735   736   ...   832
пен перибронхылық пневмония. 
Бронхылардың ішкі қабатымен қатар (
эндобронхит
), ортанғы (
мезобронхит

және сыртқы қабаты да (
перибронхит
) зақымдалады. 
Панбронхит
көбіне 
некрозды
немесе 
іріңді-некрозды
болады. 
Ондай өкпені кескенде бронхылардың зақымдалған жерлері туберкулез 
төбешіктеріне ұқсап, бозғылт жасыл түсті болады. Панбронхиттің бұл нысаны, 
әдетте бронхэктазға, өкпе абсцесіне, іріңді плевритке ұласады. Үдеріс 
зақымдалған бронхының төңірегіне жайылса, 
перибронхылық пневмония
дамып, 
ол 
созылмалы
сипат алып, 
пневмосклерозбен
аяқталады. 
Қазіргі емнің нәтижесінде қызылшаның өкпеге зардабы шамалы. Бұрын 
беттің жұмсақ тіндерінде ылғалды гангрена – нома (жегі) жиі байқалатын-ды, 
ол да 
жойылды

Өлімнің себептері
. Қызылшамен аурулар оның өкпедегі зардаптарынан 
немесе жалған круптан тұншығып өледі. Қазір қызылшаға қарсы сарысуды 
(серопрофилактика) қолданып, вакцина егудің (вакцинация) арқасында онымен 
сырқаттану да, өлім-жітім де күрт азайды. 
ЭПИДЕМИЯЛЫ ПАРОТИТ 
Эпидемиялы
паротит
(
parotitis
epidemica
; қазақша: мысқыл, шіренше) – 
негізінен шықшыт безінің интерстицийі қабынатын, жедел ағымды жергілікті 


Нуржігіт Алтынбеков 
580
инфекциялық ауру. Көбіне 5–15 жас аралығындағы балалар мен 18–25 жас 
шамасындағы жастар, олардың ішінде ер адамдар жиі ауырады. 
Этиологиясы мен патогенезі
. Паротитті көлемі 150 нм, РНҚ-лы вирус 
қоздырады; ол миксовирустар тобына жатады. Вирус ауру адамнан ауа-тамшы 
арқылы жұғады. Ауыздың, мұрынның, жұтқыншақтың шырышты қабықшасы 
арқылы организмге кіріп, кейін 
вирусемия
дамытып, 
сілекей бездері мен басқа 
да бездерге
және 
ОЖЖ
-ға қоныстанады. Сілекей бездерінде көбейіп, сілекей 
орасан көп бөлінеді. Аурудың мерзімі 7–9 тәулік, кейде одан ұзақтау. 
Ауырғандарда тұрақты иммунитет қалыптасады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   729   730   731   732   733   734   735   736   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет