Нуржігіт Алтынбеков



Pdf көрінісі
бет10/91
Дата16.05.2023
өлшемі1,09 Mb.
#93891
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   91
Нуржігіт Алтынбеков 
Көз алмасын қоршаған қабықтары мен олардың туындыларын 3 түрлі жарықты сындыратын 
диоптрикалық (мөлдір қабық, көз камераларындағы сұйықтық, көз бұршағы, шыны тәріздес дене), 
аккомодациялық (нұрлы қабық, кірпікшелі дене, кірпік тәрізді өсінді); рецепторлық (көздің торлы 
қабығы) аппараттарға жатқызылады.
10. Көз алмасының жалпы құрылысы. Көз алмасының қабықтары, бөлiктерi мен олардың 
туындылары. Тiндiк құрамы. 
Көз ( Ophthalmos oculus ) - көру мүшесі , көру анализаторының шеткі бөлігі , рецепторлы қызметін 
атқаратын көздің торлы қабығындағы нейрондар тізбесі . 
Көз алмасы ( bulbus oculi ) үш қабықпен қоршалған .
Сыртқы фиброзды қорғаныш қызметін атқаратын және көз алмасының сыртқы бұлшық еттері 
бекінген кабығы . Бұл қабығының алдыңғы мөлдір бөлігі қасаң қабық болса , ал артқы бөлігі скера 
( ақ қабық ) болып саналады . Ортаңғы қабығы ең негізгі зат алмасу процесінде маңызды ролі бар 
қан тамырлы қабық . Бұл қабық үш бөліктен тұрады : нұрлы қабық , цилиарлы дене және қан 
тамырлы - хориодей бөлігі ( choriodea ) . 
Көздің сезімтал ішкі қабығы - торлы қабық , көздің рецепторлы бөлігі , құрамында нейрондары 
бар . Бұл фоторецепторлы нейрондар аркылы ағзаға , ми қыртысына , қыртыс астындағы көру 
орталығына кнформацня беріледі . Көз алмасын қоршаған қабықтары мен олардың туындыларын 
үш түрлі жарықты сыйдыратын немесе диоптрикалық ( қасаң қабық , көз камераларындағы 
сұйықтық көз бұршағы мең шыны тәріздес дене ) ; аккомодациялық ( нұрлы қабық , кірпікшелі 
дене мен кiрiтiк төрізді өсінді ) ; рецепторлы ( көздің торлы қабығы ) аппараттарға жатқызады .
Көздің сыртқы фиброзды қабығы - скера ( sclera ) құрамында тығыз қалыптасқан талшықты 
дәнекер тіні мен коллаген талшықтарының жігі бар қабық . Коллаген халықтарының жігі біртіндеп 
жіңішкере келііт көздің қасаң қабығының меншікті затына айналады . Склера көру нервінің маңын 
да қалыңдайды ( 1,2-1,5мм ) , алдыңғы бөлігінде ( 0,6мм ) , көз экваторында жұқарады ( 0,3-0,4мм ) 
. Көздің ішіндегі қысым көтерілгенде бұл қабық жұқарып , көптеген патологиялық өзгерістердің 
пайда болуына әкеліп соғады.
Көз алмасын қоршаған қабықтары мен олардың туындыларын 3 түрлі жарықты сындыратын 
диоптрикалық (мөлдір қабық, көз камераларындағы сұйықтық, көз бұршағы, шыны тәріздес дене), 
аккомодациялық (нұрлы қабық, кірпікшелі дене, кірпік тәрізді өсінді); рецепторлық (көздің торлы 
қабығы) аппараттарға жатқызылады 
Көздің жарық сындырғыш аппараттары 
Диоптрикалық аппарат – мөлдір қабық, көз бұршағы, шыны тәрізді дене, көздің алдыңғы және 
артқы камераларындағы сұйықтық жатады. 
Қасаң қабық – көзге жарықты өткізіп, сындыратын қорғаныш қызмет атқаратын, фиброзды 
қабықтың 1/16 бөлігін құрайтын, өте жоғары оптикалық гомогенді қасиетке ие қабық б.т.
Оның 5 қабатын ажыратады: алдыңғы көп қабатты жалпақ эпителиі, алдыңғы шектеушілік 
мембрана, қасаң қабықтың меншікті заты, артқы шектеушілік мембранасы мен артқы эпителий 
жатады. Ең негізгі және қалың қасаң қабықтың меншікті заты, құрамында коллаген талшықтары 
мен өсінділі фибробласттар бар. 
Көз бұршағы – екі бүйірі дөңес, мөлдір дене, пішіні өзгермелі. Көз аккомодациялық кезеңінде 
алысты жақындатады немесе керісінше. Сыртынан мөлдір капсуламен қоршалған. Капсула 
астында бір қабатты көз бұршағының эпителийі орналасады. Көз бұршағының құрамында мөлдір 
ақуыз – кристаллин болады. 
Шыны тәріздес дене – көз бұршағы мен торлы қабықтың арасында орналасқан мөлдір, желатин 
тәрізді зат. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет