Областной учебно-методический кабинет организаций дошкольного, общеобразовательного



Pdf көрінісі
бет289/302
Дата06.01.2022
өлшемі2,84 Mb.
#14200
1   ...   285   286   287   288   289   290   291   292   ...   302
Ауа  
топырақ 
ӛнеркәсіп 
біздің ғаламшарымыз болашақта 


202 
 
денсаулық және қоршаған орта   
Ауа  -  ӛзіңізді  қоршаған  ортаны  қорғау  министрі  деп  есептеңіз.  Сіздің 
алдыңызда  ауаның  ластану  деңгейін  тӛмендету  міндеті  тұр.  Сіздің 
кеңесшілеріңіз  бен  сарапшылар  бұл  мәселені  шешудің  бірнеше  ықтимал 
жолдарын  ұсынады.  Олардың  қайсысын  Сіз  анағұрлым  тиімді  деп 
есептейсіз?  
 1.  Оларды  пайдаланудың  анағұрлым  жоғары  тиімділігіне  қол  жеткізу, 
сұранысты  азайту  және  оның  салдары    ретінде  ластайтын  заттардың 
қалдықтарын  және  олармен  ауаның  ластануын  тӛмендету  мақсатында 
энергия тасымалдағыштар мен электр энергиясының бағасын кӛтеру.  
2.  Олардың  жұмысы  қоршаған  ортаны  қатты  ластандыруға  әкеп  соғатын 
ескірген ӛндірістік кәсіпорындарды  және тиімділігі аз ауа фильтрлері бар 
ӛндірістерді жабу.  
3. Шекті рұқсат берілетін ластайтын концентраттардың  және шекті рұқсат 
берілетін  қалдықтардың (атап айтқанда, күкірт газы, азот оксиді және шаң 
тозаңдар) нормаларын заңнамалық тұрғыдан тӛмендету.  
4. Ӛнеркәсіптік кәсіпорындарда атмосфераға түсетін ластайтын заттардың 
қалдықтарын тӛмендетуге ықпал ететін тазалау ғимараттарын орнату.   
   Топырақ  -  адамдар  су  мен  ауаның  ластануы  сияқты  жер  қыртысының 
құлдырауы  мен  бұзылуына  алаңдауда.  Тӛменде  санамаланған  жер 
қыртысы құлдырау себептерінің қайсысын Сіз осы мәселенің  ӛзектілігіне 
қоршаған адамдардың кӛзін жеткізу үшін пайдаланар едіңіз?  
1. Агротехниканың бұзылуынан (жоғары ӛнімділікті қамтамасыз ету үшін 
ӛсімдіктерді  ӛсіру  тәсілдері  кешенінен),  табиғи  ӛсімдікті  жоюдан,  мал 
күтімінен жер қыртысының мүжілуі.  
2. Жер қыртысының сортаңдануы.  
3.  Жер  қыртысының  ауыр  металдармен,  пестицидтермен,  нитраттармен 
ластануы.   
   Ӛнеркәсіп  -  Сіз  қоршаған  ортаны  ластайтын  зауыттың  иесісіз.  Жақын 
арада қоршаған ортаны қорғауды күшейту туралы қабылданған жергілікті 
заң  Сізді  белгілі  бір  дәрежеде  зиянды  шығарындыларды  азайтуды 
міндеттейді.  Сондықтан  Сіз  консультанттардан  осы  проблеманы 
зерделеуді  сұрадыңыз.  Зерттеулер  шығарындыларды  тазалау  үшін 
қосымша  құрал-жабдықты  сатып  алу  керек  екенін  кӛрсетті.  Бірақ  оның 
бағасы  қымбат  болғандықтан,  Сізге  100  жұмысшыны  жұмыстан  босату 
керек. Сіздің әрекетіңіз? 
1. Құрал-жабдықты сатып алып, жұмысшыларды жұмыстан босатасыз. 
2. Уақытты ұзартып,әзірше ештеңе ауыстырмайсыз.  
3.  Жаңа  құрал-жабдыққа  ақша  жинайсыз  немесе  коммерциялық  несие 
аласыз. 
4.  Басқа  консультанттарды  жалдап,  оларға  тазалаудың  неғұрлым  арзан 
жолдарын табуды ұсынасыз.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   285   286   287   288   289   290   291   292   ...   302




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет