Облыстық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет166/284
Дата31.12.2021
өлшемі3,75 Mb.
#22605
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   284
 
Пайдаланылған әдебиеттер 
1.  «Қазақстан 
Республикасының  білім  беруді  дамытудың   2011-2020  жылға 
арналған  Мемлекеттік бағдарламасы»  Астана, 2010 ж 
2.  А. А. Байтұрсынова «Арнайы педагогика: проблемалары мен даму болашағы». Алматы. 
3.  Кемтар  балаларды  әлеуметтік  және  медициналық  педагогикалық  түзету  арқылы 
қолдау  туралы. ҚР 2002ж  №343 заңы 
 
 
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ - ӨМІР ҚАЖЕТТІЛІГІ 
 
Маханова Гульмария Қойбағарқызы, 
Актөбе көлік, коммуникация және жаңа технология колледжінің арнайы пән оқытушысы 
 
 Қазіргі  таңда  барлық  әлем  жұртшылығының  назарын  аударып  отырған  мәселе 
балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім 
беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру. Инклюзивті оқыту – барлық 
балалардың мұқтаждықтарын ескеретін, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын 
қамтамасыз  ететін  жалпы  білім  үрдісінің  дамуы.  Инклюзивті  білім  беру  дегеніміз  – 
балалардың  жынысына,  жас  ерекшеліктеріне,  географиялық  тұратын  жеріне,  қимыл-


244 
 
қозғалыстық және ақыл-есінің жағдайына, әлеуметтік-экономикалық жағдайына қарамастан, 
сапалы білім алу және өздерінің потенциалдық дамыту мүмкіндігіне ие болу. 
Инклюзивті  (франц. inclusif –  өзінеенгізетін,  лат. include –  ішінеаламын,  енгіземін) 
немесеенгізілгенбілім  беру  –  жалпыбілім  беру  мектептеріндеерекшеқажеттіліктері  бар 
балалардыоқытуүрдісінсипаттауүшінпайдаланылатын термин. 
Психикалық дамуының негiзгi бұзылыстары интеллектуалды даму деңгейi, яғни, зейiнi, 
есте сақтауы, ойлауы, кеңiстiктi бағдарлауы төмен болып келедi. Осы себептерге байланысты 
психикасы дамуы тежелген (ПДТ) балалардың  оқу үлгерiмi төмен болады. Бұл балалардың 
оқуға  үлгермеушiлiгi  жетi-сегiз  жастан  анық  байқалады.  Ата-аналары  көмекші  не  арнайы 
мектептер  мен  мектеп-интернаттарға,  психологиялық-педагогикалық  түзеу  кабинеттері  мен 
коррекциялық-түзету сыныптарына балаларын бергісі келмеген жағдайда  жалпы білім алатын 
мектептерде ПМПК-ның ұсынысы бойынша жеңілдетілген бағдарлама мен оқытуына толық 
құқылары бар. Жалпы білім беретін мектептер мен бала бақшалар ПМПК-ның қорытындысы 
бойынша көрсетілген, яғни, баланың деңгейіне қарай жеңілдетілген бағдарлама мен кемтар 
балаларды тәрбиелеуге және инклюзивті оқытуға дайын болғандары жөн. Инклюзивті оқытуға 
жалпы  мектептерде  арнайы   психологы,  әлеуметтік  мұғалімі,  олигофрено  мұғалімі, 
логопед  мамандары жұмыс жасайды. Егер бала көмекші бағдарламаны толық игерген болса, 
оған арнайы куәлік беріледі, ал игермесе, анықтамағана алады. Егер ата-анасы баласын арнайы 
мектеп-интернатқа жібергісі келмесе, жергілікті жалпы мектепте мүмкіндігі шектеулі баланың 
мүмкіндігіне қарай, жеңілдетілген бағдарлама бойынша, инклюзивті оқытуға міндетті.   
Инклюзивті  білім  берудің  негізіне  балалардыңкезкелгенкемсітушілігінболдырмайтын, 
барлық  адамдарға  тең  қарым-қатынасты  қамтамасыз  етиетін,  бірақ  ерекше  білім  алу 
қажеттіліктері  бар  балалар  үшін  ерекше  жағдай  жасайтын  идеология  жатады.  Инклюзивті 
білім  беру   мәселесі  шетелдерде  1970  жылдан  бастау  алады,  ал  90  жылға  қарай  АҚШ  пен 
Еуропа өздерінің білім беру саясатына осы бағдарламаны толық енгізді. Ал, біздің елімізде 
инклюзивті  білім  беру  жүйесінің  дамуы  туралы  ресми  дерек  «Қазақстан  Республикасының 
Білім   беруді  дамытудың  2010-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік   бағдарламасында» 
көрсетілді. Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін 
мектептердегі  оқыту  үрдісін  сипаттауда  қолданылады.  Демек,  инклюзивті  оқыту  негізінде 
балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік 
қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы 
жағдай  қалыптастыру  идеологиясы  жатыр.  Осы  бағыт  балаларды  оқуда  жетістікке  жетуге 
ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын қалыптастырады.  
Мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  білім  алу  құқықтары  «Қазақстан  Республикасының 
балалардың  құқықтары  туралы»,  «Білім  беру  туралы»,  «Мүмкіндігі  шектеулі  балалардың 
әлеуметтік  және  медициналық-педагогикалық  түзетуге  ықпал  ету  туралы»,  «Арнайы 
әлеуметтік  қызмет  туралы»  Қазақстан  Республикасының  Заңдарында,  Қазақстан 
Республикасының  Конституциясында  бекітілген.  Инклюзивті  білім  беру  немесе  «білім 
баршаға» бағдарламасы - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және 
мектеп  өміріне  белсене  қатысуға  мүмкіндік  береді.  Бұл  бағдарламаны   Біріккен  Ұлттар 
Ұйымының  Бас  Ассамблеясы  мақұлдап,  БҰҰ-ның  Конвециясына  2006  жылдың   13 
желтоқсанында енгізілді.Инклюзивті оқыту- негізгі принцептері: 
1.  Адам  құндылығы  оның  мүмкіндігіне  қарай  қабілеттілігімен,  жеткен  жетістіктермен 
анықталады. 
2.  Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті. 
3.  Әрбір адам қарым қатынасқа құқылы. 
4.  Барлық адам бір-біріне қажет. 
5.  Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады. 
6.  Барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді. 
7.  Әрбір оқушы үшін жетістікке жету-өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін 
жүзеге асыру. 
8.  Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді. 


245 
 
Инклюзивті оқыту балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту 
мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен 
сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың 
жағдайлары  да  өзгереді.  Инклюзивті  оқытуды  ашқан  мектептерде  оқыған  балалар  адам 
құқығы туралы білім  алуға мүмкіншілік алады, өйткені  олар бір  - бірімен қарым  - қатынас 
жасауға, танып білуге,үйренеді.Инклюзивті бағыт кемтар балаларды оқуда жетістікке жетуге 
ықпал  етіп,  жақсы  өмір  сүру  мүмкіншілігін  қалыптастырады. Инклюзивті  білім  беру 
жағдайында  жұмыс  жүргізетін  мектептерде  білім  мазмұнын  үш  түрлі  бағдарлама  бойынша 
реттеген  абзал.  Атап  айтқанда:  жалпы  мектептерге  арналған  типтік  оқу  бағдарламалары; 
мүмкіндігі шектеулі балалардың ақаулық типтеріне сәйкес арнаулы білім беру бағытындағы 
оқу бағдарламалары; мүмкіндігі шектеулі балалардың психофизикалық ерекшеліктерін есепке 
ала отырып әзірленетін оқытудың жеке бағдарламасы.  Инклюзивті оқыту- барлық балаларға 
мектепке дейінгі оқу орындарында  мектеп және мектепке өміріне белсене қатысуға мүмкіндік 
береді.  Инклюзивті  оқыту-оқушылардың  тең  құқығын  анықтайды  және  ұжым  іс-әрекетіне 
қатысуға мүмкіндік береді. Адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға 
мүмкіндік  береді.  Инклюзивті  оқыту-барлық  балалардың  мұқтаждығын  ескеретін  ерекше 
қажеттілігі бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы.  
Инклюзивті  білім  беру  балалардың  оқу  үрдісіндегі   қажеттіліктерін  қанағаттандырып, 
оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту 
мен  сабақ  беруге  енгізілген  өзгерістері  тиімді  болса,  онда  ерекше  қажеттіліктері  бар 
балалардың жағдйын да өзгереді. Инклюзивті білім беруді ашқан мектептерде оқыған балалар 
адам құқығы туралы білім алуға мүмкіндік алады. Инклюзивті оқыту балаларды жалпы білім 
беру  үрдісіне  толық  енгізу  және  әлеуметтік  бейімделуге,  жынысына,  шығу  тегіне,  дініне 
қарамай  балаларды  айыратын  кедергілерді  жоюға  ата-аналарын  белсенділікке  шақыруға 
балалардың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, қоршаған 
ортаның   балаларды  жас  ерекшеліктеріне  бейімделуіне  жағдай  қалыптастыру,  яғни  жалпы 
білім  беру  сапасы  сақталған  тиімді  саясат.Қорыта  айтқанда, қазіргі  таңда әр  оқушыға  жеке 
тұлға  ретінде  қарап,  саналы  тәрбие сапалы  білім  беру  өмір  талабы  болып  табылады. 
«Бәріне  бірдей мүмкіндік», «Сапалы білім - барлығы үшін» деген ұстанымды қолдаймын. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет