272
Оқушыларды «қабілеттілік пен мүмкіндіктеріне» байланысты топқа бөлуге
Ынталандырушы әдістемесін жиі қолдануға
Стандарттық тестілеуге жол бермеу қажет.
Өз тәжірибемде әртүрлі сыныптарда оқитын мүмкіндігі шектеулі бірнеше балалармен
жұмыстанып көрдім. бастапқы кезде, әрине аздаған қиындықтар кездесті, өйткені ол балаларға
сабақ барысында аранаылап уақыт арнап, көңіл бөлу қажет болғандықтан. Кейін, сол ерекше
білім беруді қажет ететін балалармен жүргізілетін арнайы бағдарламалар құрылып, сол
бағдарламалар бойынша толыққанды жұмыстар жасалды. Осы орайда, ол балалардың
бойында өзге оқушыларда жоқ қабілеттердің болатынына көзім жетті.
Барлық бала тең дәрежеде және өз мүмкіндігінше білім алуы тиіс.Инклюзивті білім беру
даму мүмкіндігі шектеулі балаларға қоршаған орта мен жалпы қоғам алдында тең құқылы
болуға қолдау көрсетеді. Мектеп тек білім беру қызметін ғана атқармай, бала өмірінде тәрбие
берудің де негізгі саласы болып табылуы тиіс. Мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік –
тұрмыстық өмірге бейімделуін толық қалыптастырып, қоғам өміріне толыққанды енуіне
мүмкіндік беретін адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруымыз керек.
Жалпы білім беретін мектепте даму мүмкіндігі шектеулі балаларға қолайлы жағдай
жасалуы тиіс. Балаға аяушылық, мүсіркеушілік факторлары керек емес, ол балаларға
адамгершілік, еңбексүйгіштік, өмірге құщтарлық, қоршаған ортаны сүю, адамдарға
өшпенділікпен емес, махаббатпен қарап, тіл табыса алуға үйретуіміз қажет. Басқа дені сау
балалар қол жеткізе алатын мүмкіндік ол балалардың да қолынан келетінін баса түсіндіруіміз
қажет. Ал осы жағдайларды басты назарға алып, түзету көмегін беретін дефектолог-мұғалім
жалпы білім беретін мектептің мұғалімдеріне нұсқаушы болуы керек. Инклюзивті білім беру
барлық балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім беру үрдісінің дамуы.
Сондықтан да мұғалім мүмкіндігі шектеулі балалардың қалыптасуына, өз бетімен өмір
сүруіне бағыт – бағдар беруі тиіс.
Алдымен баланың даму ерекшелігін анықтайтын тесттер арқылы ойының, қиялы мен
зейінінің тұрақтылығын анықтау қажет. Оны оқуға, жазуға, есепке, еңбектенуге, мәдени
тәртіп ережелерін үйреніп, әртүрлі әрекетке икемділігін қалыптастыру маңызды болып
саналады. Әрбір педагог, ата-ана, жалпы адамдар даму мүмкіндігі шектеулі балаларға
көмектесіп,олардың өмірде өз орнын табуына жағдай жасауы керек. Бұл балалар үшін білім
мазмұнын дидактикалық ойындар, түрлі көрнекі құралдар арқылы қалыптастыру өте маңызды
болып саналады.
Баланың танымын алғашқы күннен бастап дамыту құралы да, балада оқу мен білімнің,
тәрбиенің негізін қалыптастыратын да ойын әрекеті болып саналады. Қай ғалымды алмайық
өздерінің ойын туралы еңбектерінде: «Ойын баланың жетекші әрекеті» деген сипаттама
береді, өйткені ойын баланы ақыл-ой жағынан да, дене жағынан да алға жетелеп, дамытады,
баланың ойын өрбітіп, бойын өсіреді.
Даму мүмкіндігі шектеулі балалармен ұйымдастырылған ойын түрлері, балалардың
сөйлеу тілінің қалыптасуына зор ықпалын тигізеді. Қорыта айтқанда жас нәрестенің дені сау
болса, отбасына зор қуаныш пен бақыт әкеледі. Елімізде өркениетті қоғам құру үшін тәрбиелі,
дені сау азаматтарды көп болып тәрбиелеуіміз керек.
Достарыңызбен бөлісу: