Облыстық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет20/284
Дата31.12.2021
өлшемі3,75 Mb.
#22605
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   284
Байланысты:
2019obl.konf2

Бірінші шарт– оқыту процесін дараландыру және саралау  
Арнайы  білім  беру  қажеттіліктері  бар  оқушыларда  біліктілікті,  дағдыларды  және 
денсаулықтың психо-совматикалық резервін меңгерудің түрлі мүмкіндіктері бар. Жалпы білім 
беретін мектептер осы айырмашылықтарды ескеру керек. Атап айтқанда, жалпы білім беретін 
ортаға балаларды енгізудің түрлі нысандарын қамтамасыз етуге қажетті:  
а)  қалыпты  сыныпта  оқыту  -  танымдық  қабілеттері  сақталған  оқушыларға  арналған. 
Олар үшін арнайы білім беру бағдарламаларының қажеттілігі жоқ, тек мұғалімнің жеке көмегі 
керек болуы мүмкін. Осы сыныпқа ерекше қажеттіліктері бар 1-2 оқушыны оқытуға болады. 
Мұндай  сыныпта,  ауытқуы  жоқ  оқушыларды  оқытатын  білім  беру  саласындағы  педагог 
мамандар сабақ бере алады. Қажет болған жағдайда, мұғалім, психологиялық-педагогикалық 
қолдау  қызметінің  мамандарынан,  ресурс  орталықтарынан  қосымша  кәсіби  ақпараттар  ала 
алады.  
б)  арнайы  сыныпта  оқыту  –  арнайы  жағдайлар  талап  етілетін  (арнайы  бағдарламалар, 
арнайы  әдістер  мен  оқыту  тәсілдері,  арнайы  жабдықтар  мен  дидактикалық  құралдар, 
психологиялық-педагогикалық  үздіксіз  қамқорлық)  оқушыларға  арналған.  Бұл  сыныптарда 
арнайы педагогикалық білімі бар немесе курстық даярлаудан өткен мұғалімдер жұмыс істеуі 
тиіс. Оқытуды ұйымдастыру арнайы білім беру ұйымдарына қойылатын барлық талаптарға 
сәйкес арнайы оқу жоспары мен бағдарламалары бойынша жүргізіледі.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет