326
туындайтын проблемалар ең алдымен, әлеуметтік мәселелер, әлеуметтік қолдау
формаларының жеткіліксіздігі, денсаулық сақтаудың, білім берудің, мәдениеттің, тұрмыстық
қызмет көрсетудің және т.с.с. қол жетімсіздігі.
Олардың ішінде макро-, мезо- және микродеңгейдегі проблемаларды бөлуге болады. Бұл
проблемалардың кешені барлық балаларға тең мүмкіндіктерді жасауға бағытталған қоғам мен
мемлекеттің күшімен шешіледі. Балаларды әлеуметтендірудің елеулі проблемаларының бірі
қоғам мен мемлекеттің дамуында ауытқуы бар тұлғаларға қарым-қатынасы болып табылады.
Бұлқарым-қатынас әр түрлі аспектілерде көрініс табады: арнайы білім беру, оқыту жүйесін
жасауда, қолжетімді денсаулық сақтау жүйесін құруда және т.с.с. Бала құқығының
декларациясында «дене бітіміне, психикасына немесе әлеуметіне қатысты толық емес бала
оның ерекше жағдайына байланысты арнайы білім және күтіммен қамтамасыз етілуі қажет»
деп айтылған.
Бала құқықтары туралы конвенцияда «қатысушы мемлекеттер ақыл-есінемесе
денсаулығына қатысты жарымжан бала оның қадір-қасиетін қамтамасыз етіп, өзіне деген
сенімділігін арттырып және қоғамдық өмірге белсене араласуына жәрдемдесетін жағдайларда
толыққанды және лайықты өмір сүруі қажет екенін мойындайды» деп баяндалған.
Мемлекеттік деңгейде өмірлік қиын жағдайға ұшыраған балаларға көмек көрсетуге
бағытталған арнайы бағдарламалардың үнемі қабылданып жүзеге асырылатынына
қарамастан, тек мемлекеттің ғана күші жеткіліксіз. Бұндай балалардың өмір сүруі мен
дамуына қолайлы жағдайларды жасау бойынша міндеттердің көпқырлығы, күрделілігі мен
ауқымдығы бұл жұмыста балалардың жанында жүрген барлық қоршағандардың қатысуын
талап етеді.
Достарыңызбен бөлісу: