33
Психология, педагогика, оқытудың қазіргі заманғы технологиялары
жəне дербес пəндер əдістемелерін оқып үйрену барысында студенттер
«Кəсіби қазақ тілі» пəнін оқуға қажетті дайындықтан өткен: өз
мамандығының ерекшелігін, педагогикалық жəне əдістемелік пəндердің
ғылыми аппаратын, психологиялық-педагогикалық ұғымдардың мəні мен
ерекшелігін біледі.
Пəнді оқып-үйренген соң студенттердің педагогикалық шеберлік, сөйлеу
мəдениеті, бастауыш мектептегі тілді жəне математиканы оқыту
əдістемесінің тарихы, əлеуметтік педагогика, жазуға үйрету əдістемесі
сияқты пəндерді игеру үшін қазақ тілінде қосымша əдебиеттерді оқуға
мүмкіндіктері туады. Сонымен бірге алған біліктерін ғылыми жұмыстар,
мақала, рефераттар, т.б. орындауда қолдана алады. Студенттердің ғылыми
конференцияларына қатыса алады.
Достарыңызбен бөлісу: