Образования


Материалдар және зерттеу әдістемелері



бет159/248
Дата30.09.2022
өлшемі2,01 Mb.
#40969
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   248
Материалдар және зерттеу әдістемелері. Осы стандарт ұйымға саясатты əзірлеп іске асыруға жəне заңнамалық жəне нормативтік актілердің талаптарын ескеретін мақсаттарға, сондай-ақ OH&S саласындағы қауіп-қатерлер туралы ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік беру үшін OH&S менеджменті жүйесіне қойылатын талаптарды белгілейді. Ол барлық типтер мен өлшемдердегі ұйымдардың географиялық, мəдени жəне əлеуметтік жағдайларындағы айырмашылықтарына қарамастан қолдануына арналған [4].
OH&S саласындағы менеджмент стратегия жəне бəсекеге қабілеттілік мəселелерді қоса кең ауқымды проблемаларды қамтиды. Осы стандартты лайықты енгізуді көрсету ұйымда тиісті OH&S менеджмент жүйесі болған кезде мүдделі тараптарды сендіру үшін ұйым пайдаланылуы мүмкін. OH&S менеджмент жүйесі мəселесін қозғайтын ауқымды мəселелері бойынша кең мағыналы басшылық нұсқаулыққа зəру ұйымдар OHSAS 18002 стандартына назар аудару керек. Басқа стандарттарға берілген барлық сілтемелер тек ақпарат үшін жасалады. Кәсіпорын қызметі (Plan – Do – Check – Act – PDCA) «Жоспарла – Жаса – Тексер – Əрекет ет» ретінде белгілі əдіснамаға негізделуі қажет. PDCA əдіснамасы мынадай тəсілмен қысқаша сипатталады:
Жоспарла: мақсатты айқындаңыз жəне OH&S саласында ұйымдастыру саясатына сəйкес нəтижелерді алу үшін қажетті процестерді жасаңыз.
Жаса: процестерді іске асырыңыз
Тексер: OH&S саласындағы саясатқа, мақсаттарға, заңнамалық, нормативтік жəне басқа талаптарға қатысты мониторинг жəне процестерді өлшеуді жүргізіңіз.
Əрекет ет: OH&S саласындағы қызметтер көрсеткіштерін тұрақты жақсарту үшін əрекет қабылдаңыз.
Ұйымдағы еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі жай-күйін талдау қорытындылары еңбекті қорғауды басқару жөніндегі жұмыстың жай-күйін жалпы бағалауды көрсететін анықтама түрінде рәсімделеді. Еңбекті қорғау жөніндегі жұмыстың жай-күйі туралы жиынтық кесте жасалады [5,6,7].
Мұнай және газ өндіру – өнеркәсіп салаларының ішіндегі экологиялық қауіптілерінің бірі болып саналады. Ол үлкен жер көлемін алумен, ластандыру мүмкіндіктерімен, өндірістік нысандардың жарылыс және өрт қауіпінің жоғарылығымен ерекшеленеді. Ұңғымаларды бұрғылауда, мұнай өндіру мен дайындауда қолданылатын химиялық реагенттер мен өндіру процесінде ауаға тарайтын көмірсутектері және олардың қоспалары өсімдіктер мен жануарлар әлеміне, адам өміріне қауіп төндіретін зиянды заттар болып табылады. Кәсіпорындардағы мұнай өндірумен байланысты қауіп-қатердің негізгі көздеріне қысыммен жұмыс жасайтын ыдыстар, атмосферада кездесетін көмірсутектердің, күкіртсутектердің, уытты заттардың булары, сонымен қатар көміртегі тотықтары, әртүрлі жұмыстарға арналған улы химиялық реагенттер, әртүрлі механизмдердің айналу бөлшектері, жоғары кернеудегі электр қондырғыларының, құралдардың, газдардың, сұйықтардың өртенуі және жарылуы жатады [8,9,10].



Сурет 1 - Сапа жүйесінің элементтері


Еңбек қорғауды басқару жүйесінің ішкі мәдениетінде - сапа жүйесін енгізу шарттары әр кәсіпорын үшін жеке болып табылады, алайда негізгі қағидаттар мен тұжырымдамаларға сүйене отырып, нақты жағдайларға бейімделген, рәсімделген процестің жобасы ұсынылады, оның нәтижесі бірнеше бағытта шешіледі:


- ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;
- техникалық қамтамасыз ету;
- қоғамдық қамтамасыз ету;
- бағдарламалық қамтамасыз ету;
- әдістемелік қамтамасыз ету;
- еңбекті құқықтық қамтамасыз ету;
- құжат айналымының құрылымы;
- жұмыстарды сертификаттау.


Сурет 2 - Еңбекті қорғау сапасын басқару жүйесін енгізу кезеңдері


Бірінші кезеңде қолданыстағы басқару жүйесі бейімделеді, байланыстар орнатылып, ішкі регламент құжаттары мен шаблондары сілтемелері, әдістемелік және нормативтік қамтамасыз етуге қойылатын талаптар, жобаның орындаушылары белгіленеді. Содан кейін жобаның жүйесі дайындалады.


Екінші кезеңде ұйымдастыру шаралары жүзеге асырылады: қажет болған жағдайда қайта құрылымдау жүргізіліп, лауазымдық нұсқаулықтарға өзгерістер енгізіледі, қоғамдық ұйымдар құрылады, ақпараттық технологиялар енгізіледі, қызметкерлер оқытылады, жұмыс жағдайларын бақылау тетігін қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіледі және т.б. өзара байланысты қатынастардың контуры жасалады.
Үшінші кезеңде сапа жүйесін енгізу жүзеге асырылады, жеке элементтерге және жалпы сапа жүйесіне тестілеу жүргізеді. Еңбек қорғау бойынша сертификаттау жұмыстары жүргізіледі (2-сурет). Жобаны іске асыру барысында еңбекті қорғаудың негізгі функцияларын қолдайтын ақпараттық технологияны (АТ) қолданбай аяқталмайды. Жұмыс көлемін арттыру жағдайында ақпараттық технологияларды енгізу еңбек қорғау қызметі құрамы санын азайтуға мүмкіндік береді.
Осылайша, жүйенің жобасын басқарудың әртүрлі деңгейлері мен сатыларын қамтитын және үйлестіретін теңдестірілген басқару шешімдерінің құралдарын ұсынатын ұйымдастырушылық орта ретінде қарастыруға болады.
Жүйені кезең-кезеңмен енгізу қолданыстағы басқару моделіне талап етілетін және мүмкіндігінше әртүрлі бөлімшелердің жаңа міндеттерге теріс және консервативті қатынасын болдырмауға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет