Образования


Зерттеу нәтижелері және талдау



бет176/248
Дата30.09.2022
өлшемі2,01 Mb.
#40969
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   248
Зерттеу нәтижелері және талдау. Қазақ және моңғол тілдеріне ортақ сөздердің фонетикалық жүйесі - екі тілдің де, қазіргі табиғатымен есептегенде, көне моңғол тілінің дыбыс жүйесі, қазіргі қазақ тілінің фонетикалық жүйесімен сәйкеседі. Ал қазіргі моңғол әдеби тіліндегі сөздердің дыбыстық жүйесімен салыстырғанда, екі тілге ортақ сөздердің басым көпшілігінде сәйкеседі де, бірқатар сөздерде, алмасу, ауытқу құбылыстары байқалады.
Мәселен, көне моңғол тіліндегі «жадағай, чалма, сылтақ, қара, тақа» сөздері, қазіргі моңғол әдеби тілінде задгай, цалам, шалтаг, хар, тах» тұлғасында ұшыраса, қазіргі қазақ әдеби тілінде «жадағай, шалма, («ч»-шыл говорда чалма), сылтау, қара, тақа» тұлғасында кездеседі. Ал кейбір сөздерде, көне моңғол тіліндегі «көкерекү, чігіре, чікіку» сөздері қазіргі монгол әдеби тілінде «хөхрөх, чийр, чихэх» тұлғасында кездеседі. Бұл сөздер қазіргі қазақ әдеби тілінде «көгеру, шиыр» («ч»-шыл говорда чыйыр), сығу, тығу» тұлғасында ұшырап, дыбыстық жүйесінде орын алмасу, сыну құбылыстары байқалады [1, 13 бет].
Қазақ және монғол тілдеріндегі бейнелеуіш түбірлер бірнеше дыбыс сәйкестіктерін түзіп қолданылады, дыбыс өзгерістері дауысты дыбыстарды да, дауыссыз дыбыстарды да қамтиды.
Бейнелеуіштер құрамындағы дауысты дыбыс өзгерістері:
ұ≈ү сәйкестігі қазақ тілінде бұлтың → бұлтыңдау, бұлтың ету` моңғол тілінде бүлтгэнэх → бүлтэлзэх,бүлтэг - бүлтэг хийх`, бүлтэс – бүлтэс хөдлөх` бұлтың - бұлтың қозғалу`;
ү≈ө сәйкестігі қазақ тілінде бүкшең → бүкшеңдеу`моңғол тілінде бөгцгөнөх → бөгцөлзөх`, бөгцөг-бөгцөг хийх`бүкшең – бүкшең ету`;
ы≈а сәйкестігі қазақ тілінде дыңғыр →дыңғырлау, даңғырлату` моңғол тілінде дангар → дангар, дангар - дунгар хийх`; қазақ тілінде дырыл моңғол тілінде дар - дар хийх`, моңғол тілінде тасралтгүй дар – дар хийв`үздіксіз дырылдады`; қазақ тілінде шыж→шыжылдау, шыж ету` моңғол тілінде шаж – шаж хайрагдах`; қазақ тілінде шыр → шырылдау, шыр ету`моңғол тілінде цар – цар дуу сонсдох, чарлан уйлах` шырылдап жылау;
ы≈у сәйкестігі қазақ тіліндесылқ → сылқылдау, сылқ ету` моңғол тілінде сул, сулрах`;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет