Кесте 2 – Топырақтың агрохимиялық сипаттамасы
Топырақ типі
|
рН
|
Тығыз қалдық, %
|
Тұздардың қосындысы, %
|
Тұздылығы
|
Гумус, %
|
Егер алдында
|
Шалғынды- батпақты
|
7,6
|
0,69
|
0,848
|
күшті тұздалынған
|
1,34
|
Егін жиналғаннан кейін, дәстүрлі технологиямен өңделген атызда
|
Шалғынды- батпақты
|
7,72
|
0,72
|
0,568
|
орташа тұздалынған
|
1,26
|
терең өңделген атызда
|
Шалғынды- батпақты
|
7,56
|
0,54
|
0,386
|
әлсіз тұздалынған
|
1,34
|
Егер алдында екі атыздағы топырақтың сипаттамалары бірдей болды. Топырақ типі шалғынды батпақты, күшті тұзданған болатын. Жазғы вегетациялық кезеңнен кейінгі топырақ сипаттамалары өзгерді. Ең көп айырмашылық көрсеткені топырақтағы тығыз қалдық пен тұздылығы. Жаңа технологиямен өңделген топырақта тұзданудың әлсіз түріне жетіп,топырақтың қарашірігі, яғни гумусы тұрақталған. Ал дәстүрлі өңдеу технологиясында ол көрсеткіш төмендеп отыр.
Екі кестедегі мәліметтерге сүйенсек, тұзды топырақтың тұздылық мөлшері терең өңделген топырақта азайып, егілген мәдени дақылдың өсуіне жағдай жасаған.
Қорытынды. Қызылорда облысының климаттық жағдайы тұздан толық арылуға мүмкіндік бермейді. Тек топырақ құрамындағы тұз мөлшерін азайту жолында жұмыстар жасалынып жатыр. Арал өңіріне алғаш күріш ауыспалы егісінің жүйесі орнағаннан бері мелиоративті-инженерлік жүйеге келтірілген ауылшаруашылық жерлердегі топырақты терең өңдеу жұмыстары жүргізілмегендіктен, қандайда бір дақыл еккеннің өзінде кәдімгі соқа арқылы жердің топырағын жылма жыл біркелкі тереңдікте өңдеп отырғандықтан соқа табаны қатая бергеннің үстіне қатая берген. Қатты қабатты босату арқылы егілген дақылға зияндылық емес оның өсіп өнуіне жағдай жасау арқылы өнімнің ұлғаятынына жүргізілген зерттеу жұмыстарындағы алынған мәліметтер көрсетіп берді. Ең бастысы, осы технологияда топырақтың өршіген тұздылық мөлшері бәсеңдейді.
Достарыңызбен бөлісу: |