Өңеш дивертикулдары


Ценкер дивертикулдар этиологиясы



бет3/8
Дата30.03.2023
өлшемі1,48 Mb.
#77680
1   2   3   4   5   6   7   8
Ценкер дивертикулдар этиологиясы
  • Қосымша жұтқыншақ-өңеш дивертикулдардың түзілуіне өңеш қабырғасының туа біткен әлсіздігі де себеп болуы мүмкін.
  • Ценкер дивертикулы
  • Өте баяу жылдар бойы ұлғаяды, оның мөлшерлері шие мөлшерінен баланың басындай мөлшерге дейін болуы мүмкін. Онда кейде 1,5 л дейін сұйықтық болуы мүмкін (эзофагоцеле).
  • Ценкер дивертикулы жиі превертебралды жоғарғы көкірекке қарай төме немесе өңештің артында орналасады.
  • Клиникалық көрінісі
  • Дивертикул мөлшеріне байланысты болады. Кейде кездейсоқ рентгенологиялық зерттеу кезінде пациенттерге сезілмейтін үлкен емес (1-2 см дейін) өңеш кіреберісінің пульсионды дивертикулы анықталады. Бұл Ценкер дивертикулының функциялық стадиясы (предивертикул).
  • Аурудың 3 стадиясын ажыратады.
  • Ағымның бастапқы стадиясы симптомсыз өтеді. Сосын саливация күшейіп, жұтынған кезде ыңғайсыздық, тамақта тырнау сезім, жөтел пайда болады.
  • Кейде тамақ ішкен кезде немесе қобалжыған кезде тамаққа кесек келген сезімі – Келдің «клецки белгісі» болады.
  • Клиникалық көріністер I стадия
  • Біртіндеп пациенттер үйреніп, тамақ ішкен кезде мойын бұлшықеттерінің кернеуіне және бастың қозғалысына, жиі жөтелге, кекіруге мән бермейді, мәжбүрлі диетаны жеңіл ұстанады, тамақты сумен ішуге, тамақ ішкен соң тамақты шаюға (дивертикул дәреті) және т.б. үйренеді.
  • Пальпация кезінде оларда шайнау бұлшықетінің кернеуі мен ауырсынуы — Поттенджер симптомы анықталады.
  • Бұл стадия созылмалы фарингит түрінде өтуі мүмкін.
  • Клиникалық көріністер IІ стадия
  • Клиника дивертикул денесінде шырыш, тамақ пен ауа тоқырауымен байланысты, пациенттің жалпы жағдайы қанағаттанарлық болады.
  • Қараған кезде пальпация кезінде азаятын, тамақ ішкен кезде ұлғаятын жұмсақ томпаюмен мойынның асимметриялық қалыңдауы байқалады.
  • Сұйық тамақ ішкен соң томпаюдың ортасында ұрғылағанда шалпыл шуы естіледі, ал бүйірінен басқан кезде шұрылдау – көпіршікті дыбыстар (Купер симптомы) естіледі.
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет