Рұқсатсыз енуден қорғау жүйелері
Жүйеге ену үшін қажет:
жүйе туралы мәлімет жинау;
жүйеге кіріп байқап қарау.
Әр түрлі мақсатпен мәлімет жинауы мүмкін:
қатысушылырды таңдау;
құжатты, ведомоствалық бюллетенді, басылымды талдау;
электронды поштаны алып қалу;
телефонның, телекстің, екеу-ара әңгімелерін тыңдау;
ұрлықты ұйымдастыру;
бопсалушылық және парақорлар.
Ақпарат алу арнайы журналдардан, газеттерден басқа да басылымдардан мақалаларды оқып жинақтау арқылы іске асады. Электрондық поштаны жолдан алып қалу - есептеу жүйесінде ақпарат алмасу құралы сияқты. Көптеген анықтамалық жүйелер хакерлердің үлкен көлемді мәліметтерді, қолданушылар парольдерін алуына мүмкіндік жасайтын блокпен жабдықталған. Сонымен қатар хакерлер өздері блоктар орнатып, сол арқылы ақпарат алып отырады.
Байланыс арнасынан хабарламаны алып қалу келесі әрекеттерді қамтиды:
таратқыш қондырғы көмегімен ауызша мәліметтерді тосып алу;
телефон, телекс хабарламаларын тыңдау;
дисплейдің электронды сәулеленуін бақылау;
ұсақ толқынды және жерсеріктік хабарларды тосып алу.
Коммуникациялық байланыс каналы желісінің дамуы жеткізілетін ақпаратты ұрлау мақсатында оған қосылуға мүмкіндік береді.
Жүйеге кіру әдістері
Хакер алдын-ала көлемді ақпарат жинап болғаннан соң жүйеге енуге тырысады. Жүйеге ену құралын таңдау қолда бар ақпараттарға, яғни телефон нөміріне, байланыс жолына қол жеткізуге, жүйе жұмысының хаттамасына, қолданушы кодымен пароліне тәуелді . Ол төмендегілерді пайдалана алады:
байланыстық автотергіштер;
байланыс хаттамалары;
атауландыру жұмыстары;
пайдаланушының идентификаторы (сәйкестендіргіш);
парольдер.
Достарыңызбен бөлісу: |