Оқылым. Қазақтың дастарханы


Бітеу буынды сөздерді табыңдар



бет2/3
Дата03.12.2023
өлшемі21,56 Kb.
#133150
1   2   3
Байланысты:
олимпиада 5-6кл

9.Бітеу буынды сөздерді табыңдар.
А) қабырға, ұшақ В) деңгей, сұрақтар, С) құлақшын, сынып Д) қармақ, жаңбыр Е) бор, отбасы
10. Қатесі бар сөзді белгілеңіз.
А) қалам В) кітап С) жумыс Д) үй Е) оқимын
Барлығы-10 балл


3. Жазылым.

Өзіңнің шетелдік досыңа «Қазақстанның мерекелері» туралы хат жаз.


Барлығы-10 балл.

Олимпиадалық тапсырмалар. 6 сынып

  1. Оқылым. 1-тур

Қазақстандағы ең биік әрі танымал таулардың бірі - Іле Алатауы. Ол республиканың оңтүстік шығысында орналасқан. Бұл Тянь-Шань тау жүйесінің солтүстік тізбегі.
Тянь-Шаньнің оратлық бөлігінде, Қазақстан, Қырғызстан мен Қытай шекараларының қиылысқан жерінде ең биік шыңдардың бірі, Қазақстанның ең биік нүктесі Хан-Тәңірі шыңы жатыр. Оның биіктігі - теңіз деңгейінен 6 995 метр. Ал республиканың оңтүстік-батысында Жоңғар Алатауы тауы жатыр. Бұл тұмса табиғатының көркі таңдандыратын тамаша жер. Мемлекеттің шығысында Зайсан көлінен Қара Ертіс алабына дейін Алтай таулары созылып жатыр. Оларды үш аумаққа бөледі: Оңтүстік Алтай, Кенді Алтай, Қалба жоталары. Мұнда Алтайдың символы Мұзтау тауы орналасқан. Ол - басын мәңгі қар мен мұз басқан Алтай мен Сібірдің ең биік нүктесі. Оның биіктігі - теңіз деңгейінен 4 506 метр.

1 тапсырма. Мәтінге 5 сұрақ құрастырып жаз. 5 балл


2 тапсырма. Сан есімдерді теріп жазып, олардан реттік сан есім құра. 5 балл
3 тапсырма. Мына сөздерге синоним тауып жаз: мәңгі , көркі,әйгілі 3 балл
4 тапсырма. Мына сөздерге антоним жаз: биік, үлкен. 2 балл



Барлығы: 15 балл



2. Лексика –грамматикалық тест

1.Екі буынды сөзді белгілеңіз.
A) орамжапырақ B) арзан C) мемлекеттік D) қалашық

2. Сөздері үнді дауыссыздан басталған сөйлемді табыңыз.
A) Ағам жоғарғы оқу орнында оқиды. B) Елімізде ақылды балалар көп.
C) Мен нағыз маман Ләззатқа ризамын. D) Вокзалға қандай автобуспен баруға болады?

3.Негізгі түбірді анықтаңыз.
A) Атамекен. B) Ата-ана. C) Дос. D) Ағалық.

4.Туынды зат есімді табыңыз.
A) Білімді. B) аспан. C) отан. D) жер.
5.Синонимдік жұпты анықтаңыз.
A) Күшті – қорқақ. B) Сыйламау – сыйлау. C) Әсем – көркем. D) Ұзын – қысқа.
6. Еңбек туралы мақал-мәтелді белгілеңіз.
A) Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол. B) Кітап – ғылым, тілсіз мұғалім.
C) Отан үшін күрес – ерге тиген үлес. D) Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті.

7. Жіктік жалғауы бар зат есімді көрсетіңіз.
A) Оқушының. B) Оқушыны. C) Оқушымын. D) Оқушынікі.
8. Мақалдың екінші бөлімін табыңыз.
«Отансыз адам, ...».
A) ......оттан да ыстық. B) ....., қаларсың ұятқа.
C) ......ормансыз бұлбұл D) ..... ескісі жақсы.
9. Синоним сөздерді табыңыз.
А) Сұлу, бай, байтақ В) Ұлаң-байтақ , кең, ұлаң-ғайыр
С) Жақын, шалғай, биік D) Алыс, үлкен, кең
10. Тань-Шяньнің ең биік нүктесін тап
А)Сарыарқа таулары В) Жұмбақтас С) Хантәңірі D) Алатау


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет