Қазіргі кезде оқыту әдістерін таңдап алуға қатысты біркатар өлшемдер үсынылады. Мұндай өлшемдерге жататындар: 1) оқыту әдістерінің білім берудің дидактикалық принциптеріне сәйкестігі; 2) оқыту әдістерінің тәрбиелеу мен білім беру міндеттеріне сәйкестігі; 3) оқыту әдістерінің қолданылып отырған жағдайлардың өзіндік ерекшеліктеріне сәйкестілігі; 4) оқыту әдістерінің таңдап алынған оқыту нысандарына сәйкестілігі. Бұл өлшемдердің барлығы да өзара тығыз байланысты, бір-бірімен ұштастырыла қанағаттандырып отыруды талап етеді.
Оқыту құралдары. Оқыту құралдары — мұғалімдер мен оқушылар арасында білімдерді меңгеру, танымдық және практикалық іс-әрекет тәжірибесін қалыптастыру үшін қолданылатын материалдык немесе идеалдық объектілер. Материалдык күралдарға оқулықтар, оқу құралдары, кестелер, модельдер, макеттер, оку-техникалық қүралдары, оқу-лабораториялық жабдықтар, оқу орны , жиһаз, бұйымдар т.б. жатады. Мектепте кең қолданылатын ТОҚ түрлері: ақпараттық, білімді бақылау, бағдарламалық оқыту, тренажерлар. Ақпараттар беру үшін қолданылатын ТОҚ түрлері: кинопроекторлар, диапроекторлар, эпипроекторлар, графопроекторлар, видеомагнитофон, теледидар т.б. Қазіргі кезде кеңінен қолданылатын техникалық оқыту кұралдарына компьютерлер жатады.
Оқыту құралдары жүйесін қолдану мынадай принциптерді қанағаттандыруы қажет: 1. Жабдықтар оқу үдерісі элементтеріне қойылатын барлық талаптарды қанағаттандыруы тиіс. Мұндай талаптар: құбылыстағы маңызды нәрсені көрнекі түрде көрсету, көрнекіліктің бәріне бірдей көрінуі және қабылдануын қамтамасыз ету, эстетикалылығы т.с.с 2. Жалпы қызмет көрсететін жабдықтар бір-біріне және демонстрациялық құрылғыларға сәйкес келуі керек. 3. Оқыту құралдары саны мен типі оку бағдарламасының материалдық қажеттіліктерін толық қанағаттандыруы қажет.
4. Оқыту құралдары нақты оқыту жағдайларына сәйкес болуы тиіс. Көрнекілік кұралдары төмендегі функцияларды орындауы қажет: — мектепте көрсету мүмкін емес құбылыстар, үдерістермен таныстыру; — заттың қазіргі түрін және өткен тарихи дамуын бейнелеп көрсету; — кұбылыстар мен үдерістер сипаттамаларындағы өзгерістерді көрнекі түрде көрсету; — бұйымды қолдану, дайындау немесе жобалау кезеңдерін көрсету; — нәрсенің кұрылысын және жұмыс істеу принциптерін, оларды басқаруды, техникалык кауіпсіздігін көрнекі түрде көрсету; — ғылым тарихы мен оның даму болашағымен таныстыру. Көрнекілік кұралдар үш топқа бөлінеді: 1) көлемдік кұралдар (модельдер, коллекциялар, аспаптар, аппараттар т.б.); 2) баспа құралдары (картиналар, плакаттар, портреттер, графиктер, кестелер және т.б.); 3) проекциялық материалдар: кинофильмдер, видеофильмдер, слайдылар