Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі



бет502/668
Дата24.04.2022
өлшемі5,4 Mb.
#32069
1   ...   498   499   500   501   502   503   504   505   ...   668
Литература

  1. Баранников А.В. О системе оценивания учебных достижений младших школьников в условиях безотметочного обучения в общеобразовательных учреждениях, участвующих в эксперименте по совершенствованию структуры и содержания образования // Начальная школа. Плюс до и после. ¹ 8. 2003.

  2. Кочетова А. Стратегия оценки // Директор школы. – 1994.

  3. Чошанов М.А. Школьная оценка: старые проблемы и новые перспективы // Педагогика. ¹ 10. 2000.

БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ РӨЛІ МЕН МАҢЫЗЫ
Даулетова Н. А.(Атырау)
«...Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың

ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге

асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру – бүгінгі

жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз... Ал жас ұрпақтың

тағдыры – ұстаздардың қолында».

Н.Ә.Назарбаев
Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі - маңызды мәселелердің бірі.

Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару мұғалімнің қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.

Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі – оқытудың әдіс- тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда мұғалімдер инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып, сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.

Ұлы Абай жиырма бірінші қарасөзінде «Ғылым, өнер – дүниенің кілті. Оны білгенге дүние арзанырақ түседі», – дейді. Абай «ғылым, өнер» дегенде алдымен білімді меңзеп отырса керек. Өзі өмір сүрген ХІХ ғасырда халқының жаппай сауатты болуын аңсаған ағартушы, ойшыл ақын қазақтың тек ғылым-білімнің арқасында ғана озық елдің ойлы азаматы атанарына сенген. ХХІ ғасырдың Абай заманынан уақыт айырмашылығы болғанымен, ғылым-білім, мақсат-мүдде хақында түсінік өзгерген жоқ. Бәсекеден тұратын бүгінгі әлемде ұлтымыздың өзгелерге тәуелді болып кетпеуі үшін басты тегеуріні – білім болмақ. Ал білім беру жүйесіне инновациялық технологиялардың енгізілуі, оқытудың дәстүрлі өнімсіз стилін ығыстырып, оқушылардың танымдық белсенділігі мен өзіндік ойлауын қамтамасыз ететін дамытушы, сындарлы білім беру моделіне көшуге жол ашады. Әлемдік білім беру жүйесіне негізделген осындай басым бағыттарды көздей отырып, оқушының ойы озық, саналы, дара тұлға ретінде дамуын қамтамасыз ету басты нысанада қарастырылады.

Мұғалімнің ролі оқушының өз әлеуетіне сүйеніп және оқыту технологиясын қолданып, өздігінен білім алатын білім беру ортасын құру болып табылады. Білім беру саласындағы осындай мазмұндық өзгерістер талабынан оқыту әдістемесін жетілдіру, білім беру ісін инновацияландыру мәселесі туындап отыр. Осыған орай Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басым міндеттерінің бірі-оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсетілген.

Инновациялық технология түрлері саналуан, оларды таңдау және одан шығатын нәтиже оқытушының кәсіби біліктілігіне байланысты. Педагогикалық технологияларды білім беру жүйесіне енгізу жүйелі әрі мақсатты түрде жүргізілгенде ғана жетістікке жетуге болады.

Қазақстандық ғалым Ғ.М.Құсайыновтың пікірінше, педагогикалық технология – мұғалімнің жоспарлаған оқу мен тәрбиелеу жолындағы мақсаттар мен нәтижелерге жету және сабақ беру үрдісіндегі ұжымдық оқыту әдісі. Себебі ұжымдық оқыту әдісі қазіргі заман талабына сай жан-жақты жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеп шығуға мүмкіндік береді деп есептейді. Сондықтан ғалым: «Педагогикалық технология – оқу жоспарлары мен бағдарламаларында берілген оқу материалын оқушылардың өздері бірін-бірі оқыту арқылы меңгеру үрдісі», –десе [1], ғалым Ж.Қараевтың пікірінше, «Технология дегеніміз – әдістемелік жүйе мен сәйкес дидактикалық үрдістер кешенінің тәжірибеде жүзеге асырылатын жобасы, ал педагогикалық жағдаяттарға сай қолданылатын әдістер, тәсілдер оның құрамды бөлігі болып табылады» [2].

Елімізде мектептер мен жоғары оқу орындары үшін білім беру технологияларын ойластырып, ғылым мен практиканы ұштастыра зерттеп жүрген ғалымдарымыз баршылық. Атап айтар болсақ: «Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі» (Ж.А.Қараев, Ж.У.Кобдикова), «Сатылай кешенді талдау технологиясы» (Н.А.Оразыхынова) т.б. педагогикалық технологияларды жатқызуға болады.

Кез келген технологияны білім беру үрдісінде енгізуде міндетті орындалуға тиісті шарт бар. Ол шарт – технологиямен толық қаруланған мұғалім. Себебі кез келген технологияның білім беру үрдісіне дендеп енуіне тікелей қызмет ететін – мұғалім. Ол үшін мұғалім технологияны меңгеріп қана қоймай, оны өз тәжірибесінде нақты қолдана алуы, сондай-ақ өзінің анализі, рефлекциясы арқылы өзін-өзі жетілдіріп отыруға тиіс.

Инновациялық технологиялардың барлығына ортақ тән белгілер – жаңашылдық, жүйелілік, үнемділік, тұтастық, дамытушылық, субъект-субъектілік қарым-қатынастар. Сондай-ақ білім беру технологиялары – оқытудың ұтымды жолдарын зерделейтін, оқу үрдісінде түрлі әдіс-тәсілдерді мақсатты түрде жұмылдыратын, оларды сабақта жүзеге асырудың жолдарын көрсететін, жаңа ұстанымдар жүйесін ендіретін күрделі құбылыс.

Оқу үрдісіне педагогикалық технологияларды енгізудің қажеттілігі қандай деген сұрақ туындайтыны белгілі. Кез келген технологияны мақсатты түрде білім беру үрдісіне енгізетін болса, мұғалім немесе оқытушы өзі басшылыққа алып отырған технологиясының мақсатын, міндетін, ерекшелілігін жете түсінеді, сол арқылы оң нәтижеге қол жеткізумен қатар шығармашылық белсенділігі артып, қол жеткізген жетістігін өзі саралай алады, әріптестерімен бәсекелестікте жаңа сапада жұмыс жасайды.

Ұстаздар арасында белгілі бір технологияны басшылыққа алып, оны білім беру үрдісінде нәтижеге бағыттап жұмыс жасап жүргендері өз ісінің хас шеберлері десек қателеспеспіз.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басым міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсетілген.

Мәселен, «Оқытудың үшөлшемді әдістемелі жүйесі» педагогикалық технологиясы жаңаша өзгерген мақсатпен оқушылардың өздігінен танып, іздену іс-әрекеттерін меңгертуді талап етеді. Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударады. Оқушы өзі ізденіп, өзі оқып, өзі үйренеді. Сабақта проблемалық оқыту іске асырылады. Мұғалім сабақта басқарушылық міндеттер атқарады, оқушыға бағыт-бағдар беріп тұрады. Негізгі көңілді әрбір оқушының жеке мүмкіндіктерін, қабілеттерін, қызығушылықтарын анықтауға бөледі.

Оқушының қызметі көптеген тұлғалық қасиеттеріне қарай бағаланады (интеллектуалды дамуы, тіл мәдениеті, дербестігі, жауапкершілігі т.б.). Әрбір оқушының дамуы басқа оқушымен емес, өзімен салыстырылады. Оқушыға өзін-өзі бағалауға мүмкіндік беріледі.

Бұл технологияда жеке оқыту мен топтық оқыту түрлері негізгі болып табылады. Топтық оқытудың негізгі мақсаты – оқушыларды шағын топтағы бірлескен жұмысқа тарту. Мұнда қажетті жағдайда оқушылар бір-бірінен көмек сұрай алады, ортақ міндеттерді шешеді. Бұл жағдайда әрбір оқушы тек өзінің жетістіктерін бағалап немесе кемшіліктерін түсініп қана қоймайды, сонымен бірге ортақ нәтижеге өзі қалай әсер ететінін көре алады.

Жеке оқыту түрі оқушыға кейбір тапсырмаларға тереңінен тоқталуға мүмкіндік береді, өзінің де, мұғалімнің де алдында тапсырмаларды орындау нәтижесіне жауапты болуға үйретеді. Оқытудың бұл түрінің негізгісі – оқушыға сенімділік, өзіне жауап беру қабілетіне сүйену, ар-намыс және өзін-өзі сыйлау қасиеттерін ынталандыру.

Бұл оқыту технологиясы оқушыларға жұмыс міндетті үш деңгейлік:

1-деңгей – оқушылық, 2-деңгей – алгоритмдік, 3-деңгей – эвристикалық және

4-қосымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады.

Деңгейлік тапсырмалардың басты мақсаты – сынып оқушыларын «қабілетті-қабілетсіз» деген жіктерге бөлуді болдырмау. Сабақта қандай оқушы болмасын, жақсы оқитынына қарамастан жұмысты 1-деңгейден бастап орындайды. 1-деңгей тапсырмаларын орындау – мемлекеттік білім стандарты мазмұнының ең аз қажетті көлемін меңгеруге кепілдік береді. Әрбір оқушы бірінші деңгейдегі тапсырмаларды орындауға міндетті және одан жоғары 2-4 деңгейдегі тапсырмаларды орындауға құқылы. Барлық деңгейді орындауда сыныпта үлгермей жатқан жағдайда қалған тапсырмаларды үйде орындауға мүмкіндік алады. Сол арқылы әр оқушының қабілетіне, жеке оқу қарқынына қарай үй тапсырмасын саралап беру мәселесі шешіледі. Демек, үй тапсырмасы дәстүрлі жағдайдан ерекше, деңгейлік тапсырмалар қатарында ескеріледі.

«ОҮӘЖ» технологиясы білім сапасының нақтылы нәтижелілігіне, жеке тұлғаға бағытталған оқытудың жаңа үлгісі ретінде білімнің кешенді жүйесін құруда ұлттық ғылыми құндылығымен ерекшеленеді.

Ал «Сатылай кешенді талдау» технологиясы – күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалады.

Сатылай кешенді талдау дегеніміз – оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері, өзіндік ерекшелігі бар және оқушыларға білімді ғылыми негізде сатылай, жүйелі, кешенді меңгертіп, оларға ұлттық құндылықтарды бағалай, қолдана білуге машықтандыратын оқыту [2].

Аталмыш технология – тек қана білімді белгілі бір көлемде беріп, қажетті шеберлік пен дағдыны қалыптастырумен ғана шектелмейтін, баланың жалпы тұлғалық дамуына, ойлау, есте сақтау, қиялдау, елестету сияқты басқа танымдық-психологиялық қасиеттерінің жақсы үйлесімді дамуына бағытталған оқытудың түрі, яғни оқушылардың танымдық қасиеттерін дамытуда бұл технологияның пайдасы зор.

«Сатылай кешенді талдай оқыту» технологиясында мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас жаңа қағидаларға негізделеді. Олар: ынтымақтастық, өзара сыйластық, түсіністік, әріптестік сияқты қасиеттер. Бұл технологияның маңызды тағы бір ерекшелігі – оқушыларды жақсы, жаман, орташа деп бөлмей, тек материалды өте жылдам, жылдам, баяу қабылдауына қарай тапсырманы да он деңгейге икемдеп, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызуды мақсат тұтады.

Оқушының шығармашылық қабілеті оның ойлауы мен практикалық әрекеттері арқылы дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтар – «Сатылай кешенді талдау» технологиясын қолдану сабақтары болып табылады. Бұл технология бойынша өткізілген сабақтарда оқушыда ерекше ақуал, мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастық қатынас қалыптасады. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетін ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана оқушы интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.

Осыған сәйкес сабаққа қойылатын талап та мұғалімнен зор шеберлікті қажет етеді. Мұғалім сабақ үрдісінде материалды дайын күйінде бермей, оқушы ізденісіне жол ашатындай, түрткі болатындай әдіс-тәсілдерді таңдап алуы қажет. Сонда ғана оқушы шын мәнінде өзіндік ойлау қабілеті бар, жеке адам болып қалыптасады.

Дегенмен де, әліде болса білімберу ісінде уақыттың көбі баланы жалықтыратын баяндау, түсіндіру, үлгіні көрсету сияқты өнімсіз еңбекке жұмсалады. Осы себептен оқушы игерген білімін іс-әрекетте пайдаланаалмау қиындығына тап болады. Ал оқушыны сатылай кешенді талдау технологиясымен оқытатын болсақ, ізденушілік – зерттеушілік әрекеттерін ұйымдастыру жағдайы басты назарда болмақ.

«Сатылай кешенді талдау» технологиясының дәстүрлі оқытудан айырмашылығы: көздеген мақсатында, мазмұнында, білім берудің негізгі факторында, мұғалімнің ролі мен атқаратын қызметінде, әдіс-тәсілдерінде, оқушының білім алу белсенділігінің түрінде, оқу үрдісін ұйымдастыру түрлерінде.

ХХІ ғасыр – жеке тұлғаны қалыптастыру, ізгілендіру, дамыту ғасыры. Қоғамның әрбір даму кезеңі ең алдымен сол қоғамға сәйкес жаңа адамды қалыптастыруды көздейтіні – ешқашан маңызын жоймайтын тарихи құбылыс. Олай болса, мұғалімдердің алдында тұрған бірден-бір мақсат – оқушылар алған білімдерін пайдаға асырып, өзара әрекет ете алатын, ұлттық құндылықтарды меңгерген жеке тұлға тәрбиелеу.

Сабақты оқытудың инновациялық технологиясымен өткізу –– оқушылардың білім сапасын арттырып, олардың шығармашылық және ойлау қабілеттерін дамытып отырады, ал педагогтар үшін кәсіби шеберліктерінің өсуіне жәрдемдеседі. Жалпы білім сапасын көтеру бір күндік жұмыс емес. Ол оқытушыдан шеберлікті, ізденісті қажет етеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   498   499   500   501   502   503   504   505   ...   668




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет