Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі


БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУДА МҰҒАЛІМ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ



бет655/668
Дата24.04.2022
өлшемі5,4 Mb.
#32069
1   ...   651   652   653   654   655   656   657   658   ...   668
БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУДА МҰҒАЛІМ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ
Алжанов С. (Қызылорда)
Білімді болу деген сөз- белгісіз нәрсені ашу қабілетіне ие болу

деген сөз. Ал белгісіз нәрсені аша блу деген сөз –ол теориялық

өнердің барлығына тән, ортақ жайт.

Әл-Фараби

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы» Қазақстан халқына жолдауында білім беру жүйесінің мазмұнында көрсетілген мақсатын жүзеге асыру үшін бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуге жағдай жасайтын білім жүйесін дамыту мен мемлекеттік, жалпы ұлттық басымдылық беріп, ел болашағы азаматтарының қызметтік және мәдени сауаттылық, яғни құзыреттілік деп аталатын білімділіктің жаңа деңгейіне шығуына жағдай жасау міндеті тұр. Сол себепті ертеңгі ел болашағы-бүгінгі оқушы жетістіктері ретінде күтілетін нәтижелерді нақты тұжырымдаудың, білім берудің маңызы зор.

Білім беру саласында мемлекеттің алдында тұрған міндет-12 жылдық білім беруге көшу жағдайында мұғалімнің құзіреттілігін дамыту, оның кәсіби шеберлігін арттыру. Қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен жаңалықтар педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен, жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық. Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі мұғалімдердің, зиялы қауымның деңгейіне байланысты. Дәстүрлі білім беру жүйесінде білікті мамандар даярлаушы кәсіби білім беретін оқу орындарының басты мақсаты-мамандықты игерту ғана болса,ал қазір әлемдік білім кеңістігіне ене отырып, бәсекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну –қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің бірі. Жалпы алғанда, «құзырлылық» ұғымы жайлы К. С. Құдайбергенова «құзырлылық ұғымы- соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның субьектілік тәжірибесіне ерекше көңіл бөлу нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым. Құзырлықтың (латын тілінде «competens») тікелей аудармасы белгілі сала бойынша жан жақты хабардар, білгір деген мағынаны қамти отырып, қандайда бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді» деп көрсетеді.

Бұл жайлы Б. Тұрғынбаева « өзінің практикалық әрекеті арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуде қолдана алуын – құзырлылықтар деп атаймыз» деп анықтаса, Ресей ғалымы Н. Кузмьминаның көзқарасы бойынша, « Құзырлылық дегеніміз- мұғалімнің басқа бір адамның дамуына негіз бола алатын білімділігі мен абройлылығы».

Қазақстан Республикасының 12 жылдық білім беру тұжырымдамасында мұғалімдердің кәсіби- тұлғалық құзыреттілігін қапыптастыру басты мақсат екенін анықтай келе, 12 жылдық білім беруде мұғалім төмендегідей құзіреттіліктерді игеруін қажет етеді.

- арнайы құзыреттілік – өзінің кәсіби қызыметін жоғары деңгейге көтеруге және өзінің болашақтағы дамуын жобалау қабілетінің болуы;

- әлеуметтік құзыреттілік – біріккен кәсіби қызметпен айналысу , бірге әрекет ету және мұғалім мамандығымен сәйкес кәсіби қатынас түрін пайдалана білу қабілетінің болуы. Өз еңбегінің нәтижесіне әлеуметтік жауапкершіліктің болуы;

-тұлғалық құзыреттілік –тұлға ретіндегі кәсіби даму және тарату қабілеті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   651   652   653   654   655   656   657   658   ...   668




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет