Оқытушы пәнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені



бет19/24
Дата16.10.2022
өлшемі0,62 Mb.
#43392
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Адресациялау жүйесі. Микро-ЭЕМ-нің негізгі сипаттамаларының бірі онда қолданылатын адрестеу түрлері немесе жадқа қатынасу әдістері. Бұл келесідей түсіндіріледі: жадқа қатынас жасау кең орындалатын операция болып табылады, сонымен қатар микро-ЭЕМ-нің салыстырмалы үлкен емес разрядтылығында үлкен сыйымдылықты жадқа тікелей қатынас жасау мүмкін емес (шындығында, егер сөздің өлшемі байтқа тең болса, онда жадтың тек 256 ұяшығына ғана қатынас жасауға болады. Ал бұл көптеген жағдайда жеткілікті емес). Сондықтан микро-ЭЕМ-де тікелей, салыстырмалы және жанама адрестеу өздерінің модификацияларымен қолданылады.
Бағдарламалық қамтамасыз ету. Қазіргі уақытта бағдарламаны жасап шығару ЭЕМ жасап шығарудың жалпы бағасының 50—80 % тұрады және өлшеу-есептеу құралдарын жасап шығарғанда айтарлықтай бөлігін қамтиды.
Бағдарламалау машиналық тілде, ассеммблер тілінде, жоғарғы деңгейлі тілде жүзеге асырылуы мүмкін.
Машиналық кодта (командада) қолмен бағдарламалау үлкен емес тапсырмаларға қолдануға болады. Бұл жағдайда арнайы аппараттық құралдар керек емес және көлемі жағынан шағын бағдарламалар пайда болады, жадқа да көп жүк түсірмейді.
Машиналыққа қарағанда ассеммблер тілінің бір артықшылығы онда бағдарламалау символдық белгілерімен жүзеге асады, ал олар машиналық кодқа қарағанда өте қарапайым. В этом случае могут использоваться как аппаратные средства, так и специальная программа для перевода с языка ассемблера на машинные коды. Бұл кезде бағдарлама бірінші жағдайға қарағанда ұзындау болып келеді және жадтың бір бөлігі ассемблер бағдарламасына бөлінеді.
Жоғары деңгейлі тілдер (ПАСКОЛЬ, СИ, БЭИСИК, және т.б.) маманға профессионалдық тілге жақын тілде бағдарламалауға мүмкіндік береді. Бұл кезде бағдарламалау бірден жылдамдайды, машинадан машинаға берген кезде қайтадан бағдарлау керек емес. Бірақ объекті бағдарлама көлемі бойынша ассемблер қолданғанға қарағанда одан да үлкен болып келеді, мұнда сонымен қатар бағдарламаны машина тіліне аудару үшін арнайы аппараттық және бағдарламалық құралдар керек.
Жоғары деңгейлі тілдер ірі бағдарламалар үшін қолданылады (1000 байттан артық).
Бағдарламалау құралдарының бес негізгі классын бөліп қарастыруға болады:

  • Редактірлеуші бағдарламалары,

  • Трансляция жасайтын бағдарламалар (ассемблерлер, компиляторлар и интерпретаторлар),

  • Жүктеуші бағдарламалар,

  • Модельдеуші бағдарламалар

  • Және отладка бағдарламалары.

Редактірлеуші бағдарламалар бастапқы бағдарлмаларды жасауды жеңілдетеді. Трансляция жасайтын бағдарламалар бастапқы бағдарламаны машиналық кодқа аударады. Жүктеушілер объекті бағдарламаны сыртқы жадтан микро-ЭЕМге тасымалдайды. Модельдеуші бағдарламалар объекті бағдарламаны микро-ЭЕМ болмаған жағдайда тексеруге мүмкіндік береді. Отладка жасаушы бағдарламалар отладка процессін жеңілдетеді.
Барлық құралдар кросс-құралдар және резидентті құралдар болып бөлінеді. Кросс-құралдар – көбіне қуатты ЭЕМде бағдарламаны жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Резидентті құралдар – өздері арналып жасалып жатқан микро-ЭЕМ немесе МП-де орындалатын бағдарлама.
Қазіргі кезде трансляция жасаушы бағдарламалардың пайда болуы және микро-ЭЕМ жады сыйымдылығының артуы одан да қиын тапсырмаларды орындауда жоғары деңгейлі тілде жазылған бағдарламалар үлесін арттырады.
Микро-ЭЕМ-нің техникалық сипаттамалары электроникалық техниканың дамуымен анықталады. Олар аз уақытта айтарлықтай үлкен өзгерістерге ұшырауда.
Қорытындыда ерекше айта кететін жайт, әлі де болса микро-ЭЕМдер разрядтылығы, жылдамдығы, жад сыйымдылығы және перифериялы құрылғы құрамы бойынша мини-ЭЕМ-ге жол береді, алайда көлемі және бағасы бойынша артықшылықтары бар. Бұл оларлың қолданысқа кең түсуіне себепкер.

Ұсынылатын әдебиеттер


1 Управляющие вычислительные машины в АСУ технологическими процессами. / Под ред. Т. Харисона. - М.: Мир, 1975, т1.- 530с.
2 Автоматизация измерений и контроля электрических и неэлектрических величин: Учеб. пособие для вузов. Н.Д. Дубовой и др.; под ред. А.А.Сазонова.- М.: Издательство стандартов, 1987
3 Николайчук О.И. Система малой автоматизации.- М.: СОЛОН-Пресс, 2003. 256 с
4 Захарченко Н.В., Нудельман П.Я. и др. Основы передачи дискретных сообщений: Учебное пособие для ВУЗов связи. –М.: Радио и связь, 1990. – 239 .
5 Измерительные приборы со встроенными микропроцессорами. А.М. Мелик-Шахназаров и др.; - М.: Энергоатомиздат, 1985

СДЖ арналған бақылау тапсырмалары


1. Сұраққа жауап беру «Технологиялық процесстерді басқару үшін ақпаратты енгізудің және шығарудың сандық ішкі жүйесі»
2. Сұраққа жауап беру «Жіктеулер, функциялар, техникалық және метрологиялық сипаттамалар»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет