Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық



Pdf көрінісі
бет89/132
Дата14.10.2023
өлшемі3,13 Mb.
#115145
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   132
Байланысты:
Акмеология оқулық

Әлеуетті дамыту
» түсінігі ең алдымен тұлғаның қабілеттерін 
дамытумен байланысты. 
Тұлғадағы 
биологиялық әлеуеттің 
негізгі екенін байқау қиын 
емес. Өйткені ол физиологиялық және психикалық белсенділік пен 
еңбекке қабілеттіліктің тұрақтылығына әсер етеді. Бұл әлеует 
ресурстарының болуы жеке тұлғаның өзін-өзі дамытудағы рөлі зор. 
Психологиялық әлеует - 
психикалық үдерістердің (есте сақтау, 
зейін, ойлау, елес, эмоционалдық-еріктік) салалық көлемі мен 
сипатын көрсетеді. Бұл әлеует тұлғаның арнайы қабілеттерімен 
байланысты болғандықтан, оның ашылуы тиісті қабілеттердің 
дамуымен анықталады. 
Мінездік әлеует - 
белсенділік, мақсаттылық, шешімшілдік, 
қатаңдық сияқты мінездегі сапалардың дамуы арқылы кәсіби 
әрекеттегі жетістіктерге жеткізеді. 
Тұлғаның 
тәжірибедегі әлеуеті
оның өмір сүру барысында 
жинақталады. Қызмет түріне қарай жеделдеуі мүмкін. Ал тұлғаның 
бағыттылық әлеуеті
оның жеке стандарттары мен эталондары, 
мақсаттары мен мәндерін білдіре отырып, акмеологиялық мазмұнға 
ие. 
Жеке тұлға әлеуеті туралы ұғым оның қасиеттерінің 
қалыптасуы мен әлеуметтік келешегінің өркендеуі жағынан алып 
қарағанда ұстаздың бар мүмкіндіктерін танытады. 
Мұғалімнің тұлғалық әлеуеті
- қоғамдық және жеке тұлға 
қажеттілігінің ең жоғары дәрежедегі сәйкестігін сипаттайтын, 
қатынастары мен оның өзіне тән ең маңызды деген қасиетінің 
эталоны болып саналады.
Мұғалімнің кәсіби белсенділігі - 
өзінің іс-әрекетінің аймағын 
кеңітуге деген ұмтылысымен, оқытудың заманауи формалары, 
әдістері мен құралдарын іздестірумен, өзін-өзі тәрбиелеудің барлық 
амалдары мен құралдарын қолдана отырып, өзін-өзі дамытумен 


209 
айналасуымен, қоғаммен белсенді 
қарым-қатынаста
болуымен 
сипатталады. 
Қарым-қатынас дегеніміз
- адамдар арасындағы байланыстың 
орнауы мен дамуы, ортақ іс - әрекет қажеттілігі мен ақпарат 
алмасуы, өзара әрекеттің ортақ стратегияларын қалыптастыруы, 
басқа адамды қабылдауы мен түсінуді қамтамасыз ететін күрделі 
көп жақты үдеріс. 
«Коммуникативтік» терминіне қатысты зерттеу еңбектердің 
қай-қайсысында да оның қарым-қатынас құралы, сөйлесуге 
байланысты қасиеті баса айтылады. Мұның өзі сөздің, ең алдымен, 
тілдік қарым-қатынасқа, 
екіншіден
, адамдардың өзара ұғынысуына, 
бірін-бірі түсінуге негізделетінін дәлелдейді.
«
Коммуникация
» - қарым-қатынас, өзара байланыс деген 
ұғымды білдіреді. 
«
Коммуникация
» термині ғылыми әдебиеттерде XX ғасырдың 
басында пайда болды және кез-келген байланыс нысандарының 
құралы ретіндегі жалпы ғылыми мәнімен қатар қоғамдағы ақпарат 
алмасу ерекшеліктерімен байланысты әлеуметтік мағынаға ие 
болды. 
Коммуникация мәселелері
лингвистикалық, психологиялық, 
философиялық жұмыстарда байланыс теориясы, ақпараттар 
теориясы және кибернетика ықпалымен 
қарым-қатынас
мәселесіне 
арналған сұрақтар шеңберінде қарастырылды. 
Болашақ мұғалімнің кәсіби әлеует құрылымын
құраушылары- 
ның негізгісі «
Kоммуникативтік әлеует
» болуына байланысты 
коммуникативтік әлеует көрсеткіштеріне атап өткен жөн. 
«
Kоммуникативтік әлеует
» ұғымы адамдардың өзара әрекет-
тестігі және тілдік қарым-қатынасы үдерісінде ақпарат алмасумен 
байланысты түсінік сапасында танылатындығы белгілі. 
Коммуникативтік әлеует жеке тұлғаның басқа адамдармен тіл 
табысуына, орнаған қарым-қатынасының беріктілігіне байла-
нысты, оның әлеуметтік мәнінің жүйелігімен және әртүрлілігімен 
айқындалады (Н.И.Шевандрин).
Коммуникация және тұлға проблемаларының әдіснамалық 
аспектілерін зерттей келе, коммуникативтік әлеует – тұлғаға тән 
барлық кезде толығымен іске асырылмайтын коммуникативтік 
мүмкіндіктер деп тұжырымдады (А.А.Брудный). 
«Тұлға теориясын, коммуникация теориясын қарастыратын 
және бағыттылықты, әлеуетті, тұлғаның басқа адамдармен 
қатынасында көрініс табатын тұрақтылығы шегін сипаттайтын 


210 
«тұлғаның коммуникативтік ядросы»» ұғымынан бастау алуы тиіс» 
(В.Т.Ганжин).
«Коммуникативтік әлеует» ұғымына берілген анықтамаларды 
толығырақ кесте 3-тен көруге болады.
Кесте 3 - «Коммуникативтік әлеует» туралы ғалым-
зерттеушілердің анықтамалары 
«Коммуникативтік әлеует» анықтамасы 
Зерттеуші ғалымдар 
Коммуникативтік әлеует - адамның қарым-
қатынас 
сапасын 
анықтайтын 
мүмкіндіктерінің сипаттамасы. Ал оның 
құраушылары: 
-
қарым-қатынастағы құзыреттілік;
-
тұлғаның коммуникативтік қасиеттері; 
коммуникативтік 
қабілеттері 
(қарым-
қатынастағы бастамашылдық, белсенділік 
таныту 
қабілеті, 
қарым-қатынастағы 
серіктестің күйіне эмоциональды назар 
аудару, 
қарым-қатынаста 
өзіндік-жеке 
бағдарламасын қалыптастыру және іске 
асыру және т.б.); 
Руденский 
Е. 
В. 
Социальная 
психология: 
Курс 
лекций. - М.: ИНФРА-
М; 
Новосибирск: 
НГАЭиУ, 1997. - 224 с. 
Тұлғаның коммуникативтік әлеуеті оның 
қарым-қатынас құру қабілетінің өлшемі 
және формасымен, мінез-құлқымен, өзге 
адамдармен 
байланыс 
құруының 
тұрақтылығымен 
анықталады. 
Құраушылары: 
гносеологиялық; 
аксиологиялық;шығармашылық; 
коммуникативтік; көркем; 
Каган М.С. Философия 
культуры: моногр. 
СПб.: Петрополис, 
1996.
415 с.
 
Болашақ мұғалімнің коммуникативтік 
әлеуеті оның тұлғалық сапаларының 
интеграциясы және білім, іскерлік және 
дағдылардың ерекшеліктері. 
ПушкинаА.Е.
Формирование 
коммуникативного 
потенциалабудущих 
учителей иностранного 
языка. 
13.00.01. 
Дисс.канд.пед.н. 
Казань - 2003, -С.83 с. 
Коммуникативтік әлеует - коммуникативтік 
білім, білік және дағдылардың бірлігі, әрі 
оның қасиеттері: қалыптасуының 
динамикалығы, іс- 
Орбан-Лембрик 
Л.Е. 
Социальная 
психология: 
особенности общения 


211 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет