Қожа Ахмет Яссауидің софылық философиясы


З.Фрейдтің психоанализ ілімі. Либидо ұғымы



бет9/26
Дата22.12.2022
өлшемі80,5 Kb.
#58878
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26
12. З.Фрейдтің психоанализ ілімі. Либидо ұғымы.
Психоанализ — Австрия ғалымы Зигмунд Фрейд қалыптастырған XX ғасыр мәдениетінің барлық саласына зор ықпал еткен психологиялық ілім және психиатрияны емдеу әдіснамасы. З. Фрейд өз зерттеуін бастаған кезде психиатрия ғылымы биологияның ықпалына айырықша ұшырағаны соншылық, психологиялық құыбылыстардың қалыптасуы мен дамуын түсіндіру және рухани ауруларды емдеу түгелдей өнеркәсіп дәуіріне тән механикалық әдістермен орындалатын. Фрейд 1885 жылы Парижде әйгілі психиатр, қосымша митанушы Charcot-тан тәлім алып, Charcot-тың қояншық (истерия) ауыруын зерттеуінің ықпалына ұшырады. Сөйтіп ол бала кездегі рухани жарақат пен жайсыз кешірменің кейінгі өмірдегі көңіл күйге әсерін зерттей бастады. Алғашқы емі Anna O деп аталған Josef Breuer деген қыздың психологиялық ауруына психоанализ жасаудан . Ол кезде фрейд гипноз және сөйлетіп емдеу (talking cure) тәсілдерін қолданып, емделушінің көңілін мазалаған, алаңдатқан астыртын істі ашуға тырысты. Кейін фрейд гипноз амалы арқылы ауырудың кезінде көңілінде жарақат қалтырған оқиғаны тауып шығуға тырысты. Бірақ бұл ауруды жақсартпаған соң фрейд басқа амалдарды қарастырды. Либидо - (лат. libido- құштарлық, ұмтылыс)- австрия психологы З.Фрейд негізін қалаған психоанализ теориясындағы ұғым. Бұл термин бастапқыда сексуалды әуестіктің негізінде жататын ішкі психикалық энергияны, қуатты белгілеу үшін қолданылған, ал кейінгі, соңғы жұмыстарда адамның кез келген белсенділігінің қайнар көзі мағынасында пайдаланылған. Осыған байланысты эрос (өмір инстинкті- либидо) және оған қарсы тұратын барлық деструктивтік (қиратқыш) әуестіктердің себебі болатын танатос ұғымдары енгізілген. Олар өзара әрекетте болады, адам жүріс- тұрысының бүкіл әртүрлілігі осы екі бастаманың өзара әрекеттестігінің нәтижесі. З.Фрейд Эрос пен Танатосты бейсаналықтың мәні деп жариялады.
13. Таным теориясындағы (гнеосология) ақиқат мәселесі.
Практикамен, яғни іс-тәжірибемен тығыз байланысты келесі мәселе – дүниетану жолындағы ашылған білімнің ақиқаттығы. Әңгіменің қиындығы мынада: қайсыбір білімнің екі жағы бар. Бірін- шісі – адамның биологиялық табиғаты, яғни оның түйсіктері, жүйке мен ми ерекшеліктері, сонымен қатар нақтылы-тарихи жағдайдағы қоғам құрылымы, оның мәдени ерекшеліктері, ғылыми ақпаратты өңдеп, пайдалану тәсілдерімен байланысты. Екіншісі – танымда бейнеленетін шынайы шындықтың өз қасиеттері мен ерекшеліктерін анықтау болмақ. Танымның осы екі жағы бір-бірімен өте тығыз байла- ныста екені сөзсіз. Олай болса, біздің білім мазмұнының қай жақтары жеке адам, я болмаса адамзатқа тәуелсіз түрде зерттеліп жатқан заттың шынайы қасиеттеріне сәйкес келеді? Бұл сұрақ білім ақиқаттығы мәселесінің өзегін құрайды.
Әрине, жалпы түрде алғанда, өзімен-өзі өмір сүріп жатқан шынайы білім дүниеде жоқ. Ол – адам, әлеуметтік топ, я болмаса жалпы қоғамның білімі. Ол бітімі жағынан субъективті. Сонымен қатар онда дүниедегі зерттеліп жатқан заттар мен құбылыстардың бізге тәуелсіз ішкі мәндік жағы ашылады. Осы тұрғыдан алғанда, ақиқат деп дүниедегі заттар мен құбылыстардың адамның санасында тиісті түрде бейнеленуін айтамыз.
Сонымен қатар біз мына нәрсені ұмыт қалдырмауымыз керек. Дүниені зерттеуде адамзат шегіне жеткен ақиқатқа ешқашанда жете алмайды, өйткені ол – шексіз үдеріс. Сондықтан да ақиқат жөніндегі ілімде оның шынайы, салыстырмалы, абсолютті, прагматистік, когеренттік т.с.с. жақтары ерекше бөлініп алынып, талданады.
Шынайы ақиқат деп адам, я болмаса адамзатқа тәуелсіз, яғни заттың өзіндік қасиеттерін бейнелейтін білім мазмұнын айтамыз. Батыс философиясында прагматистік (pragma – іс, іс-әрекет) ақиқат деген де ұғым бар. «Егер белгілі бір тұжырымды, я болмаса көзқарасты басшылыққа алып, жақсы, өзімізге пайдалы нәтижелерге жетсек, онда оны прагматистік ақиқатқа жатқызамыз», – дейді осы ағымның өкілдері.
Ақиқат мәселесін талдай келе, әрқашанда оның нақтылығын ұмыт қылмаған жөн. Дүниеде дерексіз, барлық жағдай мен уақытта пайдалануға болатын ортақ ақиқат жоқ. Бұл жөнінде Гегель былай әңгімелейді: адам өлтірген жас жігітті дарға асу үшін алаңға әкеле жатыр. Алаңға жиналған халық оған тас лақтырып, неше түрлі қарғыс сөздер айтуда. Осы кезде алаңда тұрған бір қыздың аузынан: «Шіркін, қандай сұлу жігіт еді!» – деген сөздер шығып кеткенде, басқалар оған жекіп: «Қылмыскер қалай сұлу болады, сен не шатып тұрсың?» – десе, екіншілер: «Қазіргі жастар бұзылған», – деген «терең» пікір айтады. Бұл, әрине, мәселеге дерексіз тұрғыдан қарау деген сөз. Өйткені алаңда тұрғандардың арасында ешкім де сол жігіттің адам өлтіруге қалай барғанын, мүмкін, оны байқамай, я болмаса кездейсоқ жағдайда жасағанын білмейді.
Енді философия тарихында кең орын алып, осы уақытқа дейін талда- нып келе жатқан «ақиқат пен сенім» мәселесіне көшейік. Өз уақытында Ибн-Рошд: «Белгілі бір нәрсе туралы қарама-қарсы тұрған екі ақиқатты айту мүмкін емес, ол – біреу, олай болса, ақыл-ой таразысынан өтуі қажет», – деген пікір айтқан болатын. Ф.Аквинский керісінше, сенім ақиқаты білім ақиқатынан жоғары, өйткені ол – Құдайдың аяны деген пікір ұстады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет