Ойлау және интеллект бұзылыстары


Ассоциациялық процестің жылдамдауы



бет2/5
Дата03.12.2023
өлшемі105,76 Kb.
#132932
түріДерексіз
1   2   3   4   5

Ассоциациялық процестің жылдамдауы әрбір уақыт аралығында түзілген ассоциация мөлшерінің көбеюі, олардың басталуының жеңілдеуі. Сонымен бірге үздіксіз пайда болған ой-пікір, пайымдау. Ой қорытындысы неғұрлым үстіртін, кездейсоқ байланыстарға себепші бола түседі.

Ассоциациялық процестің баяулай мұнда жанағы айтқанымызға қарама-қарсы ассоциация өте баяулайды, олар жұтаң бола түседі. Ой пікірлер мен түсініктер өте аз, қиыншылықпен түзіледі мазмұны да бірыңғай, тапшы болып келеді.

Ойлаудың персеверациясы – ассоциациялық процестің шұғыл қиындауы байқалғанда белгілі бір ойдың, бір түсініктің ұзақ уақыт бойы басым келуі. Айталық, бірінші сұраққа жауап бергеннен кейін сол жауап басқа мазмұндағы келесі сұрақтарда да қайталанып отырады.

Ойлаудың пайымдылығы – алдыңғы ассоциацияның ұзақ уақыт бойы үстем болуы салдарынан жаңа ассоциациялардың түзілуі шектен тыс баяулайды.Науқас бірдеңені баяндау кезінде қажетсіз көріністер егжей-тегжейлі келтіріледі, ешқандай мәні жоқ ұсақ-түйектер ыждағатпен сипатталады.

Ойлаудың пайымдылығы – алдыңғы ассоциацияның ұзақ уақыт бойы үстем болуы салдарынан жаңа ассоциациялардың түзілуі шектен тыс баяулайды.Науқас бірдеңені баяндау кезінде қажетсіз көріністер егжей-тегжейлі келтіріледі, ешқандай мәні жоқ ұсақ-түйектер ыждағатпен сипатталады.

Ойлаудың байланыссыздығы (инкогеренция) – ассоциация түзілуіне, қабылдау, түсініктер, ұғымдар жалғастығына, байланыстар мен қарым-қатынастардағы шындықтың бейнеленуіне қабілеттің жоғалуы.

Ой тасқыны (ойдың қаптап кетуі, ментизм) - науқастың қалауынан тыс, оның санасында пайда кездейсоқ болатын ойлармен сипатталады, бұл кезде “қаптап кету” жайында айтады.

Бұндай кезде науқастың қалауынан тәуелсіз басқарылмайтын ойдың ағымы жайында түсінеді.

Ойдың үзілуі – шперунг тоқтау, үзілу, ойдың бөгелуі, ойдың тежелуімен көрініс береді, ой қысқа уақытқа кенеттен тоқтап қалады. Бастың бос болған сезімі, кейде науқастар “ұрлап алу , тазалаумен” салыстырады және байланыстырады. Шизофрения кезінде болады. Резенерлік - бос пікір айтуға бейімділік, беткей ұқсастық (аналогия), пікір айту нақты дәлелге негізделмейді. Нәтижесінде өнімсіз, резенерлік ойлау пайда болады, шизофренияға тән. «Идеально здоровых людей нет, у всех что-нибудь да болит. В условиях современного цивилизованного общества это неизбежно, болезни-расплата за прогресс. Судите сами, можно ли говорить, что чувствуешь себя хорошо…». Ойдың үзілуі - ойлардың өзара байланыспайтын механикалық үйлесуі, реттелмейтін, бір мақсатқа бағытталмаған болып келеді. Сөйлемдер арасында мағыналық байланыс жоғалады, кей жағдайларда сақталуы мүмкін. Науқастың не жайлы айтып жатқанын түсіну мүмкін болмайды, сөйлеудің сыртқы формасы сақталғанмен қисынсыз болады. Шизофрения кезінде болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет