Өлшеп-есептеу кешендері (ӨЕК) - нақты өлшеу есептерін орындауға арналған өлшеу құралдарының, компьютерлердің және көмекші құрылғылардың функционалды түрде біріккен жиынтығы. Өлшеу құралдарының ӨЕК-не жататын басты белгілері: процессор мен компьютердің бар болуы; өлшеу құралдарымен программалы басқару; мөлшерленген метрологиялық сипаттамалардың бар болуы; техникалық (аппаратты) және программалы (алгоритмді) ішкі жүйелерден тұратын блокты-модульдік құрылым.