Омарқожаұлы Нұрберген Омарова Қарлығаш мал азықтандыру пәнінің практикумы



бет59/66
Дата21.11.2022
өлшемі1,05 Mb.
#51405
түріПрактикум
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   66
4.5. Шошқаазықтандыру

Шошқа азыққа талғамсыз, кез-келгенін жейтін жануар (псеядный). Қорегінің негізін құрастыратын құнарлы жеммен қатар олар тамыр-түйнек жемістілер мен құрама сүрлем (комбинированный силос) секілді шырынды азық, асхана қалдығын (пищевые отходы), ал жазда көкшөпті жақсы жейді. ІІІошқаның тез жетіліп, жедел өсіп, көбейетін, көп төлді өсімталдығымен қатар күйіс қайырмайтын, бір қарынды мал екенін ескеріп, азығының жеңіл қорытылатын, энергетикалық тұрғыдан қуатты, ал биологиялық құндылығы түрғысынан құнарлы болуын қадағалайды. Сондықтан, шошқа рационын тез қорытылатын, энергиясы мол, протеині ауыспайтын аминқышқылдарына бай, витаминді азықтардан тұрады. Өйткені күйісті малдікіндей ас қорыту жолында микробиологиялық түзу онша өріс алмайтын шошқаға барлықдерлік тіршілікке қажетті аминқышқылдары мен витаминдері желінген жемшөбімен жеткізілуі керек.




4.5.1. Мегежін мен қабан азықтандыру

Мегежін азықтандыруын жасына, салмағы менфизиологиялық ахуалына сәйкес ұйымдастырады. 2 жасқа дейінгі шошқаның өсуі аяқталмағанын ескеріп, жасмегежіннің салмақ қосуы мен арықтаған мегежіннің қоңын көтеруіне азықтандыру деңгейін 1кг қосымша салмақ қосуына - 4 а.ө., яғни 44,2 МДж АЭ есебінен өсіреді. Қысыр мегежіннің күйін келтіру үшіназықтандырудеңгейі ұрықтандырудан 10-14 күн бұрын 25-30% жоғарылатылады. Сол секілді мегежін буаздығының соңына қарай, яғни қоректік заттарға мұқтаждығы күрт өсетін екінші жартысында, азықтандыруқоректілігі 15-20% үстемеленеді.Үстемелеп азықтандырғанда мегежіннің тым семіруі де ұрықтануына кері әсер ететінін ескереді.


Қоңданып, күйі келген мегежін дер кезінде нәтижелі ұрықтанып, 114 тәуліктен соң салмағы (3 ай + 3 апта + 3 күн) 1,2-1,3 кг тартатын, орта есеппен, 10-12 бас торай туады. Мұншама көп ұрықтың эмбрионалдық өсіп-дамуына көптегенорганикалық және минералдық заттар қажет етіледі. Буазды кезеңінде жатырдағы 10-12 бас торай дамуына 1,5-1,7 кг белок, 150-160 г Са, 80-85 г Р жұмсалып, мегежін денесіндегі қоректік заттар қоры 1,5-2 есе өседі. Содан буаздық барысында мегежіннің энергетикалық алмасуы 25-45%жоғарылап, дұрыс азықтандырылған жағдайда жас мегежін салмағы - 50-55 кг, сақа мегежіндікі - 35-40 кг ауырлайды.
Мұны қамтамасыз ету үшін 100 кг тірілей салмағына берілетін құрғақ зат көлемі... буаз 2 жасқа дейінгі жасмегежінге - 1,8-2,4 кг, 2 жастан асқан сақа мегежінге - 1,2-1,6кг, торай емізетін мегежінге — 3 кг болып, оның әр 1 кг қысыр және буаз мегежін азығында - 1,05 а.ө., 11,6 МДж АЭ,140 г және 105 г қорытылатын протеин, 6 г лизин, 3,6 гметионин + цистин, 8 г Са, 7,2 г Р, 81 мг Ғе; торайын емізетін мегежін азығында - 1,30 а.о., 14,4 МДж АЭ; 186 г "шикі" және145 г қорытылатын протеин, 8 г лизин ; 4,8 г метионин+ цистин ; 140 г, 70 г аспайтын шикі жасұнық; 7 г Са, 5,6 г Р,116 мг Ғе болып, қалған микроэлементтер мен витаминдеркөлемі келесідей жеткізілуге тиіс: Си - 17 мг, Mn - 47 мг, Zn -87 мг, Со - 1,7 мг, I - 0,25 мг, каротин - 12 мг, А витамині -5,8 мың х.ө., Д витамині - 0,6 мың х.ө., Е витамині - 41 мг, В, витамині - 2,6 мг, В2 витамині - 23 мг, В3витамині - 7 мг, В4витамині - 11,6 мг, В6витамині - 80 мг, В12витамині -29 мкг. Мегежінді еметін әр торай басына 0,33-0,38 а.ө. жеткізілуі керек те, 1 кг сүтпен 300-350 г ақуыз, 2,1 г Са, 1,2 г Р шығарылатындықган, 1 а.э. 110-112 г қорытылатын протеин, 7,2 г Са, 5,9 г Р болуға тиіс.
Мегежін азығының құрғақ затындағы энергия мен қоректік заттардың шоғырлану деңгейі "шикі" клетчатка көлемімен реттестіріледі. Қысыр мегежін рационының құрғақ затындағы "шикі" клетчатка көлемі - 12% құраса, торай емізетін мегежін азығында - 7-8% дейін азайтылады. Физиологиялық ахуалына сәйкес мегежін азықтандыру нормасы 4.28-кестеде берілген.

4.28-кесте.Тірілей салмағы 140-160 кг мегежін азықтандыру нормасы



Көрсеткіштер



Қысыр
кезінде



Буаз кезінде, күні

Торай
емізетінкезде

1-84

81-114

Азық өлшемі

2,8

2,2

2,7

6,3

Алмасу энергиясы, МДж

31,1

24,0

29,8

69,8

Құрғақ зат, кг

2,67

2,1

2,6

4,85

"Шикі" протеин, г

374

294

360

902

Қорытылатын протеин, г

280

220

270

703

Лизин, г

16,0

12,6

15,4

38,9

Метионин+цистин, г

9,6

7,6

9,2

23,3

"Шикі" клетчатка, г

310

294

198

340

Ас тұзы, г

15

12

15

28

Кальций, г

23

18

22

45

Фосфор, г

19

15

18

37

Каротин, мг

31

24

30

56

Темір, мг

216

170

268

563

Мыс, мг

45

63

65

82

Мырыш, мг

232

183

224

422

Марганец, мг

125

99

121

228

Кобальт, мг

5

4

4

8

Иод, мг

0,9

0,7

0,9

1,7

Каротин, мг

30

33

35

40

А витамині, мың х.е.

15

15

17

25

Д витамині, мың х.е.

1,5

1,5

1,7

2,5

Е витамині, мг

105

140

125

200



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет