Кешіктірмей күйік себебін жойыңыз (мысалы жалынды сөндіру). Денесінен тұтанған немесе ыстық май, су, химиялық зат сіңген киімді, ол теріге жабысқан жерлерін қалдырып, өзге жерлерін шеш.
Күйген жерді суық судың астында 10-15 мин (ағынды су) ұстаңыз.
Егер дененің зақымдалған үлкен жерінің көлемі үлкен болса, оның үстін суық суға малынған ақжаймамен жабыңыз. Салқындатқаннан кейін құрғақ таңғыш, дәкі немесе ақжайма қолданыңыз.
Егер зардап шегуші есінен айрылмаған болса, оған суық су бер.
Есіңде болсын!Күйген жерге қандай да бір май немесе крем жағуға, теріде пайда болуы мүмкін көпіршіктерді ашуға (жұқпалылардың ену қауіпі) болмайды.
Күйген алаң онша үлкен болмаса (қызарған тері, көлкілдек бүршік) жергілікті жердің травпункттіне қарал. Дененің күйген алаңы үлкен болған жағдайда "103-жедел жәрдемін" шақыр.
Тыныс алу жолдарындағы немесе өңештегі бөгде заттар
Белгілері: зардап шегуші мойнын ұстап, ештеңе айта алмайды, жан таласа дем алғысы келеді, ауа жетіспегенін сезінді, көгере бастады. Тыныс жолдары жарақаттанған кезде: шуылға ұқсас қатты жөтеледі.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа ыңғайлы жағдай жасау. Басын алға еңкейту, қысып тұрған киімдерді шешу.