Өндірістік тәжірибе бойынша есеп 3 – курс студенті 0518000 – «есеп және аудит»


Біліктілік бойынша штаттық жұмыс орнындағы жұмыстар



бет7/9
Дата04.06.2023
өлшемі301,58 Kb.
#98625
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Біліктілік бойынша штаттық жұмыс орнындағы жұмыстар




    1. Кіріс және шығыс кассалық ордерлерін толтыру, оларды кіріс жіне шығыс кассалық ордерлері журналына тіркеу

Кассалық ордерлер – ақшаның «СК АБСОЛЮТ» ЖШС-нің кассасына түскенін немесе оның нысаналы мақсатқа берілгенін растайтын құжаттар. Оларда толтыру үшін негіздеме, тіркелетін құжаттар атап көрсетіледі, ешқандай түзету мен өшіріп жазуға жол берілмейді. Ақшаның түсуі кіріс ордерімен рәсімделеді, онда сомасы, кімнен (не үшін) алынғаны және басқа деректер көрсетіледі. Ақшаның берілуі – шығыс ордерімен рәсімделеді. Кассалық ордерлерге кассир қол қояды, жыл бойына хронологиялық тізбекпен нөмірленеді (кіріс және шығыс ордерлері бөлек-бөлек). Кассалық ордерлер мен оларға тіркелген құжаттар негізінде касса кітабына жазбалар жазылады. Барлық ордерлерді кассаға табысталғанға дейін бухгалтерия арнаулы журналда тіркейді.


Кассалық операцияларды дайындау кезінде төмендегі құжаттар пайдаланылады:

  • кіріс кассалық ордер;

  • шығыс кассалық ордер;

  • кіріс және шығыс кассалық ордерлерді тіркеу журналы;

  • кассалық кітап.

Кассаға қолма қол кіріс кассалық ордер бойынша қабылданады, ал шығыс болуы шығыс ассалық ордер арқылы жасалады. Оларға ақша алу немесе беруге негіз болған құжаттар қоса тігіледі.
Ақша өткізетін тұлғаға кіріс кассалық ордердің бөлігі болатын жыртылмалы квитанция беріледі.
Қолма қол ақша беру кезінде шығыс кассалық ордер немесе оған қоса тігілетін құжаттарда қаржы басқарушының қол таңбасы болуы тиіс. Құжаттарға келсек, олар қайта пайдалану мүмкіндігін болдырмайтын күні, айы, жылы белгіленген «Алынды» немесе «Төленді» таңбасымен жойылады. Кіріс және шығыс кассалық ордерлерде ешқандай өшірулер мен түзетулерге жол берілмейді.
Егер ақша бұл кәсіпорында жұмыс істемейтін тұлғаға берілетін жағдайда, сол шығыс ордерінде реквизиттері жазылатын төл құжат немесе оның орнына жүретін құжатын көрсетуге тиіс.
Кіріс және шығыс ордерлеріне кезекті номер беріледі және олар тіркеу журналында есепке алынады.
Кассаның кіріс-шығыс операциялары дер кезінде бастапқы құжаттармен рәсімделіп отырады.
Кассаға түскен ақшалар (КО-1нысанындағы) "Кассалық кіріс ордері" бойынша кірістеледі. Бұл құжатта міндетті түрде бас бухгалтердің және кассирдің қолдары болуы керек. Сонымен бірге құжаттың ақша өткізген тұлғаға берілетін жыртылатын бөлігі - квитанциясы болады. Онда да бас бухгалтердің және кассирдің қолдары болуы керек және кәсіпорынның мөрі басылады. Егер ақша банктегі шоттардан алынған болса квитанция толтырылмайды.
Кассаның шығыс операциялары (КО – 2 нысанындағы) "Кассалық шығыс ордерімен" рәсімделеді. Бұл құжатта кәсіпорын басшысының, бас бухгалтердің, ақша алушының және кассирдің қолдары болуы шарт. Ақша алушы алған сомасын жазумен көрсеткен соң, қол қоюы керек.
Кіріс және шығыс ордерлері бухгалтерияда толтырылады және кассаға берілмес бұрын бухгалтериядағы арнайы "Кіріс және шығыс кассалық ордерлерін тіркеу" журналына тіркеледі.



    1. Кассир есептеріне құжаттық өңдеуді жүргізу

Кассадағы нақты ақшаның қозғалысы бойынша операциялар төмендегі бухгалтерлік жазулар арқылы тіркеледі:


1010 "Кассадағы ақша қаражаттары"
1030 "Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаттары "
Сатып өткізілген тауарлар, көрсетілген қызметтер, орындалған жұмыстар үшін кассаға төленген нақты ақшаның сомасына:
1010 "Кассадағы ақша қаражаттары "
6010 "Өнімдерді өткізу мен қызметтер көрсетуден түскен кіріс "
1210 "Сатып алушы мен тапсырысшылардың ұзақ мерзімді берешегі "
Жолдағы ақша қаражаттары кассаға келіп түскенде:
1010 "Кассалағы ақша қаражаттары "
1030 "Жолдағы ақша қаражаттары "
Ағымдағы банктік шоттарға өткізілген нақты ақша сомасына:
1030 "Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаттары "
1010 "Кассадағы теңгемен ақша қаражаттары "
Жұмыскерлерге кассадан берілген еңбекақы сомасына:
3350 "Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек "
1010 "Кассадағы ақша қаражаттары "
Есеп беруге тиісті адамдарға кассадан берілген нақты ақша сомасына:
1250 "Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі "
1010 "Кассадағы ақша қаражаттары "
Ұйымдар ақшаларын сақтау үшін өздері қалаған банк мекемелерінде ағымдық банк шоттарын ашуға құқылы. Банк шоттарын қолданудың артықшылығы - ақша қаражаттарының банк ғимаратында нақты қорғауда болуы.
Қолма-қол ақшаны қабылдау, сақтау және жұмсау үшін кәсіпорында касса болады. Қолма-қол ақшамен жұмыс істеу ережелері ҚР-ы Ұлттық банкінің нұсқауымен бекітілген.
Нұсқау мыналарды ұйғарады:

  • ҚР-ы банк мекемелерінде барлық ақша қаражаттарын сақтау;

  • чекте көрсетілген мақсаттарға, банктерден алынатын қолма-қол ақшаларды жұмсау;

  • банк мекемелерімен бекітілген лимиттер шегінде кәсіпорынның кассасында қолма-қол ақшаны сақтау;

  • кассалық құжаттарды дайындау және қолма-қол ақшаны қабылдау мен беру тәртібі;

  • ақша қаражаттарын сақтау мен тасымалдау кезінде олардың түгелдігін қамтамасыз ету бойынша көрсетулер;

  • кәсіпорын кассаларының орнын жабдықтау тәртібі.

Кіріс және шығыс ордерлер, оларға кезекті нөмір беріледі, тіркеу журналында есепке алынады.

Кесте 6 - Кассаға түсетін қолма қол ақша сомасының бухгалтерлік есеп шоттарындағы корреспонденциясы





Операциялар мазмұны

Дебет

Кредит

1

Банктегі есепшоттан кассаға түскен ақша қаражаты (еңбекақы беруге, шаруашылық шығындары және т.б)

1010

1030

2

Тапсырыс берушілерден, сатып алушылардан, көрсеткен қызмет, өнім үшін кассаға түскен қолма-қол ақша

1010

1210

3

Өнім өткізіп, қолма-қол есеп айырысудан (өткізуден түскен, жұмыстан, көрсеткен қызметтен) түсім

1010

6010

4

Өткізілген негізгі құралдар, МЕА құнды қағаздар үшін төленген түсім

1010

6210

5

Жолда деп саналатын ақшалай қаражат кассаға түсті

1010

1030

6

Жұмсалмаған есеп берілетін сома кассаға қайтарылады

1010

1250

7

Банктен қысқа мерзімді қарыз қолма-қол ақшамен алынады

1010

3010

8

Алдағы кезеңдер табысы шотына әртүрлі төлемдер кассаға түсті (жалға беру ақысы және т.б)

1010

3520

9

Түгендеу кезінде анықталып, кіріске алынған кассадағы ақшаның артық шығуы

1010

6280

10

Жабдықтағаны, орындалған қызмет үшін аванс түскенде

1010

3510

11

Еншілес серіктестіктерден (тәуелді, бірлесіп бақыланатын) қайтқан берешектер

1010

1220,1230

Кассалық операциялар қолма-қол ақша қабылдаған соң бас бухгалтер немесе өкілетті тұлға қол қойған кассалық кіріс ордерімен (ККО) (ф. № КО-1)Ұйым кассасына қолма-қол ақшаның түсуін ресімдеу үшін қолмен өңделгенде де, компьютерде өңделгенде де, ақпарат қолданылады. Кассалық кіріс ордерін бухгалтерия қызметкері бір данамен жазады, оған бас бухгалтер немесе өкілетті тұлға және кассир қол қояды, кассирдің мөрімен куәландырады, кассалық кіріс және шығыс құжаттар тіркеу журналында тіркеледі және ақша тапсырушының қолына беріледі, ал ордер кассада қалады.



    1. Қаржылық жағдайын стратегиялық дамуы

Қаржылық жоспарлау қажеттілігін соңғы он жылда кәсіпорын басшыларының көпшілігі мойындады, бірақ тек жедел және қысқа мерзімді қаржылық жоспарларды енгізу қажетті нәтижелерге әкелмеді.


Қаржылық стратегия-бұл жалпы ұйымдастырушылық стратегиялық мақсаттарға жету үшін қаржыны мақсатты басқарудың ұзақ мерзімді бағыты.
Қаржылық стратегияны әзірлеу процесі кәсіпорынның ұзақ мерзімді дамуының нақты қаржылық мақсаттарын қалыптастыру қажеттілігін анықтайды. Кәсіпорынның қаржылық даму мақсаттары бір жағынан корпоративтік стратегияның миссиясы мен мақсаттарын іске асыруды қамтамасыз етуі керек, екінші жағынан басқа функционалдық және экономикалық бірліктердің стратегияларының мақсаттарын қолдауы керек.
Кәсіпорынның қаржылық қызметінің стратегиялық мақсаттары-бұл қызметті ұзақ мерзімді перспективада бағыттауға және бағалауға мүмкіндік беретін оның соңғы стратегиялық қаржылық жағдайының қажетті параметрлері формальды түрде сипатталған нәтижелер.



ҚАРЖЫЛЫҚ СТРАТЕГИЯЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ



СТРАТЕГИЯЛЫҚ МІНДЕТТЕР

ЖЕКЕ ОРЫНДАУ СТРАТЕГИЯСЫ


Жедел


Жалпы

Жалпы қаржылық стратегия-бұл кәсіпорынның қызметін анықтайтын қаржылық стратегия. Мысалы, барлық деңгейдегі бюджеттермен қарым-қатынас, кәсіпорынның білімі мен кірісін пайдалану, қаржылық ресурстарға және оларды бір жылға қалыптастыру көздеріне деген қажеттілік.


Операциялық қаржы стратегиясы-бұл қаржы ресурстарын ағымдағы маневрлеу стратегиясы, яғни экономикалық тұрақсыздықтың қазіргі жағдайында ерекше маңызды болып табылатын ішкі резервтердің жұмсалуы мен жұмылдырылуын бақылау стратегиясы; тоқсанға, айға әзірленуде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет