Оразбекова Сандуғаш Нариманқызы Аймақтағы халықты әлеуметтік қорғауды жетілдіру 6N0506 – Экономика



бет2/8
Дата14.09.2023
өлшемі83 Kb.
#107314
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Автореферат С.Н.Оразбекова

Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Әлеуметтік саланың әртүрлі аспектілері жеткілікті түрде терең зерттеліп, белгілі шет ел ғалымдарының еңбектерінде көрініс тапқан. Экономикалық әдебиеттерде Қазақстанда әлеуметтік-бағдарланған нарықтық экономиканы, халықты әлеуметтік қорғау жүйесін дамыту және оның мәселелері, нарықтық экономика жағдайында халықты әлеуметтік қорғауды басқару бойынша бірқатар еңбектер жарық көрген. Осы мәселені зерттеуде келесідей отандық ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған: Ә.Ә.Әлімбаев, Т.П.Притворова, К.Б.Тәжібекова, Ж.Т.Хишауева, Е.Арын, Б.Б.Досқалиева, М.Мельдаханова, П.Б.Исахова, М.Б.Мұрзатаева, Г.Абдикаликова, Г.Н.Сансызбаева, Б.Тәтібеков, А.Карбаев, Г.Б.Исмаилова, С.Бакесова және т.б.; шетелдік ғалымдардан: П.Самуэльсон, Дж.Хикс, Дж.Кейнс, Хейг-Симонс, Э.Энгель, Л.И.Абалкин, В.П.Юдин, Н.М.Римашевская, В.Д.Ройка, С.М.Березин, В.В.Басов, Б.Г.Забышко, В.Ш.Один, Л.Т.Судас пен М.В.Юрасов, В.П.Галаганов, И.А.Кричевский мен С.Ф.Гончаров, В.Т.Лиалишенко, С.В.Калашников және т.б. еңбектерінде қарастырылған. Әлеуметтік саясат және оны реформалаудың ерекшеліктері А.Белісбаева зерттеулерінде өз шешімін тапқан. У.Шеденовтың еңбектері әлеуметтік басымдықтарды талдауға арналған. Сонымен бірге, әртүрлі бағыттағы экономистер арасында, сол сияқты саясаткерлер арасында бір жақты емес баға берулерді туғызатын теориялық және қолданбалы аспектілердегі әлеуметтік саланы негіздеу мәселелері нарықтық күштер мен мемлекеттік реттеу арақатынасының мәселелері болып саналады. Осы мәселелерді негіздеудегі олқылықтар мен тәжірибе көрсетіп отырған талап-тілектер осы бағытта тереңдетіп ғылыми зерттеу жүргізудің объективті қажеттілігін туғызды.
Диссертациялық зерттеудің мақсаты аймақтағы халықты әлеуметтік қорғаудың теориялық негіздерін ескере отырып, аймақтағы халықты әлеуметтік қорғауды жетілдіру жөнінде ұсыныстар жасау арқылы бағалау және атаулы әлеуметтік көмек саясатын жетілдіру, қазіргі экономикадағы ерекшеліктерді зерттеу. Бұл мәселелерді шешу әлеуметтік саламен байланысты, өйткені барлық реформалар ең алдымен, халыққа қатысты онымен байланысты болады. Осы мәселені шешудің неғұрлым тиімді құралдары мен механизмдерін табу үшін оның барлық әлеуметтік саладағы жүйелері кіретін мемлекеттің әлеуметтік саясатына мұқият талдау жасау қажет.
Мақсаттарға қол жеткізу үшін келесідей міндеттерді орындау аса қажет болады: әлеуметтік саладағы істің дәл осы кездегі жағдайын анықтау, бұл үшін осы мәселе бойынша жазылған әдебиеттерді зерттеу; әлеуметтік саланы мемлекеттік басқару бойынша тәжірибелік тұжырымдамаларды іздеп табу; аталған тұжырымдамаларды жүзеге асыруға әсерін тигізетін факторларды анықтау; анықталған факторлар мен тәжірибелік тұжырымдамаларды салыстыру жолымен әлеуметтік саланы мемлекеттік басқаруда қолдану үшін солардың ішінен неғұрлым перспективалысын таңдап алу; аймақтағы халықтың әлеуметтік жағдайын талдау, халықтың тұрмыс – тіршілігін жақсарту, кедейшілікті жою, әлеуметтік қамсыздандырылу мәселелерін зерттеу және халықты әлеуметтік қорғаудың көп деңгейлі жүйесін дамыту, нарықтық қатынастарға негізделген атаулы әлеуметтік көмек көрсету (тұрмысы төмен азаматтарға, оның ішінде әйелдер мен жастарға), ана мен баланы әлеуметтік қорғау жүйесін нығайту жөніндегі қағидаттарды жетілдіру, аймақтық негіздерін ескере отырып халықтың тұрақты жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету, әлеуметтік әріптестік негізінде әлеуметтік диалогты нығайту, бюджет саласында еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет