Ордабекова Хафиза Арысбайқызы


Қазақ тілінің фразеологиялық және этимологиялық жүйесі



Pdf көрінісі
бет27/131
Дата16.06.2022
өлшемі1,73 Mb.
#36950
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   131
5 Қазақ тілінің фразеологиялық және этимологиялық жүйесі.
Фразеологизмдер ‒ халықтың, этностың рухани және материалдық 
мәдениетінен ақпаратын беретін, сонымен қатар көне мифологиялық 
санасынан ақпарат беретін, өзін қоршаған шындық болмысты қабылдауының 
нышаны болып табылатын, ғаламның тілдік бейнесі мен ұлттық ғалам 
бейнесін танытатын тілдік бірліктер жүйесі. Фразеология саласын қазақ тіл 
білімінің жеке пәні ретінде қалыптастыруда, оның нысаны мен тілдік 
табиғаты, фразеологизмдердің лексика-семантикалық сипаты мен лексика-
грамматикалық 
ерекшелігі, 
олардың 
стилистикалық 
қызметі 
мен 
фразеологиялық 
құбылыс 
заңдылықтары 
І.Кеңесбаев, 
М.Балақаев, 
М.Копыленко, Т.Қордабаев, Ө.Айтбаев, А.Ысқақов, Ш.Рахматуллаев, 
Г.Байрамов, З.Ураксин, А.Юлдашев, Т.Сайрамбаев, І.Ахунзянов сынды 
ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты зерттеледі. 
Фразеология– екі не одан да көп сөздің тіркесе келе тұтас бір меншікті 
мағынаға ие болып, бір бүтін единицаға айналуы. Фразеологиялық тіркес 
құрамындағы сөздердің тұрақтылығы, яғни даяр қалпында жұмсалу белгісі,
мағына тұтастығы, тіркестің тиянақтылығысияқты өзіне тән үш 
белгісіарқылы айқындалады. Тұрақты сөз тіркестерін зерттейтін фразеология 
ғылымының зерттеу нысаны‒ жеке номинативті атау ретінде қызмет 
атқаратын фразеологиялық бірліктер болса, жеке ғылым саласы ретінде 
фразеологиялық 
мағынаның 
қалыптасуы 
мен 
дамуын, 
олардың 
семантикалық‐ құрылымдық және стилистикалық қызметі тұрғысынан 
зерттеуді мақсат етеді.
Фразеологиялық тіркестер мағына жағынан жеке сөзге, құрамы жағынан 
еркін сөз тіркестеріне жақын болып келеді. Сондықтан фразеологиялық 
тіркестердің басты белгілерін ажырату үшін сөз және еркін сөз тіркесімен 
салыстыра қарастыру керек. Фразеологиялық тіркестер екі не одан көп сөздің 
тіркесі сияқты көрінгенмен, олар ауызша және жазбаша сөйлеу тілінде бір 
бүтін единица ретінде даяр күйінде қолданылады. Мәселен, тауға шығу, 


45 
көлікпен қайту, ананың баласы сияқты еркін тіркестер ауызекі сөйлеу тілі мен 
жазу кезінде сөздердің ойға лайық таңдалуынан барып тіркеседі. Ал қыпша 
бел, қаба сақал, жүрек жұтқан, сүт пісірім уақыт сияқты тіркес 
құрамындағы сөздер тұтас алынып, даяр қалпында қолданылады. Бұл құбылыс 
фразеологизмдердегі мағыналық бірліктің күштілігін көрсетеді. Демек, 
фразеологизмдер сыртқы тұлғасы жағынан еркін сөз тіркесіне ұқсағанымен, 
құрамындағы сөздердің өзара мағыналық тұтастығымен ерекшеленеді. 
Фразеологизмдер жеке сөз сияқты форма және мазмұнға ие тілдік 
бірліктер. Жеке сөздің формасын тарихи қалыптасқан дыбыстар тіркесімі 
жасаса, фразеологиялық тіркестің формасын сөздер құрайды. Мәселен, 
зығырданы қайнау, қанды көйлек дос, малтасын езу. Фразеологизмдерді тілде 
атқаратын атауыштық қызметіне байланысты жеке сөзге жақын болғанмен, 
тұрақты тіркестердің семантикалық құрылымы фразеологиялық мағына мен 
қосымша коннотациялы реңктерден тұрады. Төбе шашы тік тұру тіркесін
қорқу ұғымын беретін жеке сөзбен де, қатты қорқу сияқты синтаксистік 
тіркеспен де беруге болады, алайда өзара синонимдес қатар құрайтын тілдік 
бірліктердің мәні тұрақты тіркеспен салыстырғанда солғын келеді. Бір 
нәрседен қатты қорыққанда қорқыныш сезімі іске қосылады. Шартты рефлекс 
негізінде адамда жалпы мазасыздану, тамырдың қатты соғуы мен тыныс 
алудың жиілеуі, көз қарашығы ұлғайып, төбе шаштарының тік тұруы сияқты 
рефлекстер пайда болады.
Тұрақты тіркестер тұтас мағына бүтіндігіне ие болғандықтан, сөйлемде 
жеке сұраққа жауап беріп, жеке сөйлем мүшесінің қызметін атқарады. 
Мысалы: Жиналғандар директордың бұйрығын сілтідей тынып тыңдап алды 
да, ләм-мим деместен асығыс тарай бастады (Қ.Жұмаділов). Қанжығасы 
майланар ғұмыр атты саят пәнидің олжасы қанша? (С.Сматаев). Келмей жатып 
дікіңдеп, әңгір таяқ ойнатып, ақыл үйреткеніне зығырданы қайнайды 
(Б.Тілгенеов). Берілген мысалдардағы фразеологиялық тіркестер пысықтауыш, 
анықтауыш және баяндауыш қызметінде жұмсалып тұр.
Қазақ тіл білімінде фразеологизмдердің зерттелуі І.Кеңесбаевтың 
еңбектерімен байланысты. 1977 жылы жарық көрген «Қазақ тілінің 
фразеологиялық сөздігі» деген еңбегінде 10000-ға жуық фразеологиялық 
тіркес қарастырылған. І.Кеңесбаев фразеологизмдерді өзіне ұқсас тілдік 
бірліктерден ажыратып танудың басты үш белгісін айқындап береді: 
- мағына тұтастығы; 
- тіркес тиянақтылығы;
- даяр қалпында жұмсалу үлгісі (4, 32). 
Фразеологизмнің түрлерін тілші-ғалымдар білдіретін мағынасына
құрылымдық ерекшеліктеріне, атқаратын қызметіне қарай топтастырады. 


46 
Академик В.Виноградов фразеологизмдерді құрастырушы сыңарларының 
мағыналарының өзара қатысы жағынан алып фразеологиялық тұтастық, 
фразеологиялық бірлік, фразеологиялық тізбек деп үш типтік түрінкөрсетеді, 
ал Н.М.Шанский жоғарыда көрсетілген типтік түрлеріне төртінші етіп 
фразеологиялық сөйлемшеніқосады. К.Аханов «Тіл білімінің негіздері» атты 
еңбегінде 
фразеологизмдердің 
семантикалық 
категориялары, 
өзіндік 
ерекшеліктері мен түрлері туралы пікірін білдіре отырып, Н.М.Шанскийдің 
ізімен фразеологиялық тіркестерді жоғарыда аталған төрт топқа бөліп 
қарастырады да, мақал-мәтелдер мен қанатты сөздерді фразеологиялық 
бірліктер қатарына кіргізу не кіргізбеу даулы мәселе екендігін айтады. 
М.Балақаев түйдекті тіркестердің жасалу жолының бірі – тұрақты тіркестер 
дей келіп, қазақ тіл білімінде тұрақты тіркестердің сөз тіркесінің бір сыңары 
қызметінде жұмсалатындығын алғаш көрсетіп берді. Т.Қордабаев, А.Ысқақов 
тұрақты тіркестерді идиомалық тіркестер және фразалық тіркестер деп екіге 
бөліп көрсетеді (5).  
Қазақ тіліндегі фразеологизмдерді арнайы зерттеген І.Кеңесбаев тұрақты 
тіркестерді өз ішінен екі түрге жіктейді: фразеологиялық түйдек және 
фразеологиялық тіркес. Фразеологиялық тіркесті өз ішінен жасалу жолдары 
мен құрамындағы мағыналарының ұйымдасуына қарай түйін тіркес және 
түйіс 
тіркесдеп 
бөліп 
көрсетеді. 
Дегенмен, 
тілші-ғалымдардың 
фразеологизмдердің жіктелімін жасаудағы көзқарастары бір-бірінен алшақ 
кетпейді.
Қазіргі әлемдік лингвистикада көрініс тапқан антропоөзектік парадигма 
негізінде тілдің фразеологиялық жүйесі этнолингвистикалық, когнитивті және 
лингвомәдени аспект тұрғысынан Ә.Қайдар, Р.Сыздық, Н.Уәли, Е.Жанпейісов, 
З.Ахметжанова, Р.Шойбеков, С.Исабеков, Г.Смағұлова, Г.Сағидолда, 
Р.Авакова, А.Салқынбай, М.Сабитова, С.Мұратов, С.Сатенова т.б. тілші-
ғалымдардың еңбектерінде қарастырылады. Бұл бағыттағы зерттеулердің 
қатарына Ә.Қайдардың «Бір мың әсерлі де бейнелі оралым» атты қазақша-
орысша фразеологиялық сөздігінде мыңнан аса фразеологизмдер қамтылып, 
500-дей фразалық және идиомалық тіркестердің қалыптасуының тарихи-
этнографиялық, 
әлеуметтік-тұрмыстық 
факторлары 
қарастырылып,
этнолингвистикалық сипаттама берілген.
Этимология – тіл білімінің жеке сөздер мен морфемаларының шығу 
тарихын зерттейтін саласы. Этимология негізінен екі салаға бөлінеді: ғылыми 
және халықтық этимология. Ғылыми этимология ̶ сөз төркінін, морфемалар 
тарихын, дамуын дәл анықтап түсіндіру. Морфеманың алғашқы мағынасын, 
сырын, қандай өзгерістерге түскенін айқындау үшін бес түрлі принцип 
қолданылады: 
генеологиялық 
принцип, 
фонетикалық 
принцип, 


47 
морфологиялық принцип, семантикалық принцип, этиологиялық принцип. 
Халық этимологиясы – шығу тегі жағынан әртүрлі сөздерді әркімнің өз ұғым-
түсінігіне жақындатып қолдануы.
Қазіргі тілімізде кездесетін ару сөзін ертедегі қазақ әдебиеті 
нұсқаларынан жиірек кездестіруге болады. Ару сөзі «сұлу, сүйкімді», «абзал, 
ардақты» деген мәнде жұмсалады. Доспамбет жырау толғауында:
Алғаным Әли ағаның қызы еді,
Қас арудың өзі еді.
Маңдайы күнге тимеген, 
Желге шашы үрмеген,
Серпіліп адам бетін көрмеген, – деген өлең жолдарында сұлу, сүйікті әйел 
мағынасында қолданылады. Академик Р.Сыздық «Сөздер сөйлейді» атты 
еңбегінде ару сөзінің о бастағы мағынасына байланысты мынадай пікір 
айтады: «Ару сөзінің ХV–ХVІІ ғасырлардағы әдеби нұсқаларда ару ат, ару ұл, 
ару батыртіркестерінің кездесетінін айта келіп, ару сөзінің «пәк, таза, 
кіршіксіз» және «діни ұғымдағы «әулие» мағынасының кеңеюі негізінде «игі, 
мінсіз, асыл, күнәсіз» деген ауыспалы мағыналары пайда болған» (6, 47).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет