57
морфема, негіз морфема және қосымша морфема. Түбір морфема – сөздің әрі
қарай бөлшектеуге келмейтін ең түпкі негізі. Негіз морфема сөз ішінде
бөлшектеуге келеді де, оның әрбір компоненті белгілі бір мағынаны білдіреді.
Морфема сөз бен сөз формасының құрамды бөлігі, морфема сөз ішінде ғана,
сөз ішіндегі единица ретінде қолданылады. Сөз – тілдің номинативті
единицасы, сөйлем – тілдің коммуникативті единицасы, ал морфема – тілдің
құрылымдық единицасы, яғни лексика-грамматикалық мағына білдіруші
құрал.
Жалпы морфема атаулы үш түрлі мағынаны білдіреді: заттық мағына,
дериватитві мағына және релятивті мағына. Заттық мағына – сөздің
(морфеманың) белгілі бір ұғымды білдіру мағынасы. Ондай мағынаны түбір
және негіз морфема иеленеді. Деривативті мағыналы морфемалар заттық
мағынаны нақтылай түсумен бірге ол мағынаны толықтыра, нақтылай түседі.
Релятивті мағыналы морфемалар сөз ішіндегі қатынасты айқындайтын, әрі сөз
түрлендіруші жұрнақтар арқылы алынатын мағына.
Аффикстік морфема қатарына
префикс, постфикс, инфикс, интерфикс,
трансфикс, конфикс жатқызылады.
Префикс – түбірдің алдынан
қолданылатын аффикс.
Постфикс – сөз түбірі мен сөз негізінен кейін
жалғанатын аффикс. Екі түбір немесе екі негіздің басын қосып, жалғастырушы
аффиксті
интерфикс деп атайды.
Трансфикс ‒ семит-хамит тілдеріне тән
аффикс түрі. Бірыңғай дауыссыз дыбыстан құралған сөз түбірін жарып кіретін
дауысты дыбыс.
Достарыңызбен бөлісу: