Орындаған: Дарубаева К. М. Жер мониторингі


сыйымдылығы және салыстыруға болатындығы



бет3/6
Дата06.01.2022
өлшемі0,92 Mb.
#15826
1   2   3   4   5   6

сыйымдылығы және салыстыруға болатындығы;

әдістер мен технологиялардың бірыңғайлылығы;

мәліметтердің дәлдігі;

мәліметтердің толық болуы

жер мониторингін үздіксіз жүргізу; 

көрнектілік принципі;

мәліметтерге қол жетімділігі;

арзандылығы мен тиімділігі;

орталықтан басқару принципі.

Бір-бірімен сыйымдылығы және салыстыруға болатындығы принципі жер мониторингін жүргізудің негізгі принципі болып табылады. Оның маңызы бірыңғай топтастырғыштарды, нормативтік-техникалық негіздердің бірыңғай мәліметтерін, бірыңғай мемлекеттік координаталар мен биіктіктер жүйесін қолдануда.

  • Бір-бірімен сыйымдылығы және салыстыруға болатындығы принципі жер мониторингін жүргізудің негізгі принципі болып табылады. Оның маңызы бірыңғай топтастырғыштарды, нормативтік-техникалық негіздердің бірыңғай мәліметтерін, бірыңғай мемлекеттік координаталар мен биіктіктер жүйесін қолдануда.
  • Әдістер мен технологиялардың бірлігі принципінің мақсаты мониторингті келісіп жүргізуде.
  • Мәліметтердің дәлдігі және сенімділік принципі жер мониторингі мәліметтерінің нақты күйі мен пайдалануына сәйкестігін қарастырады.
  • Мәліметтердің толық болуы принципінің маңызы белгілі мәселелерді шешу үшін ақпарат толық және жеткілікті болуында.
  • Жер мониторингін үздіксіз жүргізу принципінің маңызы жер қатынастарында, кейбір категориялардың саны мен сапасында, жер қорын таратуы мен құрамында болып жатқан өзгерістерге байланысты мониторинг ақпаратты жүйелік немесе мерзімдік жаңарту арқылы жүргізуде.
  • Көрнектілік принципін қолданып мониторингті жүргізу уақытында түрлі карталарды, сызбаларды, атластарды, есеп берулерді қолдану.
  • Мәліметтерге қол жетерлік принципі – мемлекеттік немесе коммерциялық құпия болатын мәліметтердің басқаларына қол жетімді болу керек.
  • Арзандылық пен тиімділік принципі бойынша жер мониторингінің мәліметтерін қабылдау, жүйеге келтіру, сақтауды қамтамасыз ететін әдістер, технологиялар мен тәсілдер қолданылады.
  • Орталықтан басқару принципі жер мониторингін ҚР-сы бойынша бірыңғай әдістеме арқылы және ҚР-ның жер ресурстарын басқару Агенттігімен жүргізуді қарастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет