Қорытынды аттестаттау емтихан материалдары
Пән:
Қазақстан тарихы
Бағыты: оқу жүктемесі төмендетілген
Білім беру ұйымының атауы:___________________________
Сынып: 11
Литер:___
Білім алушылардың аты-жөні___________________________
№5 билет
1)
Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік жіктелуінің ерекшеліктерін сипаттаңыз.
[5]
2)
Мәтінді және тарихи білімдеріңізді пайдалана отырып, индустрияландыру
саясатының жетістіктері мен кемшіліктерін талдаңыз.
Индустрияландырудың барлық ауыртпалығын шаруалар көтерді. Олар салық
төлеу, заемға жазылу, қолда бар қаржыларын, қымбат заттарын индустрияландыру
қорына өткізу арқылы өнеркәсіптің дамуына белсене атсалысты. Шаруалар астық, мал
шаруашылық өнімдерінің басым көпшілігін мемлекетке өткізу арқылы
индустрияландыру ісін барынша қолдады. Бұл мәселеде наразылық білдірушілер
шықса, олар ұсталып, айдалып, аластатылып отырды. Мұндай қуғындалғандардың
басым көпшілігі ауқатты шаруалар еді.
Мусин Ч. Қазақстан тарихы/ Оқулық, 3-басылым. Алматы, 2005
[10]
3)
«Қазақстанда заманауи халықаралық стандартқа сәйкес келетін отандық білім
беру жүйесі қалыптасуда». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз
жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер келтіріңіз.
[15]
Достарыңызбен бөлісу: