Орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұСҚау хат



бет105/154
Дата09.10.2022
өлшемі4,91 Mb.
#42012
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   154
Үлгілік оқу жоспары

Төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспары бойынша

1тоқсан

2тоқсан

3тоқсан

4тоқсан

1тоқсан

2тоқсан

3тоқсан

4тоқсан

5-сынып

1

2

2

3





6-сынып

1

1

3

2





7-сынып

2

2

3

1

2

2

2

1

8-сынып

1

1

2

2

1

1

2

2

9-сынып

2

2

2

2

2

2

2

2

10-сынып
(ҚГБ, ЖМБ)

1

1

1

1

1

1

1

1

11-сынып
(ҚГБ, ЖМБ)

1

1

1

1

1

1

1

1

Төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспарына сәйкес 7-9-сыныптарда және 10-11-сыныптарда жаратылыстану-математика бағытында
оқытылатын «Қазақстан тарихы» пәнінің апталық жүктемесі
1 сағатты құрайды. Сондықтан, осы оқу жоспарымен оқытылатын «Қазақстан тарихы» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалау өткізілмейді, қорытынды баға жартыжылдыққа қойылады.
Вариативтік компонент есебінен таңдалған 7-9-сыныптар мен
10-11-сыныптардағы жаратылыстану-математика бағытында оқытылатын «Қазақстан тарихы» оқу пәні бойынша жиынтық бағалау өткізілмейді, оқу жылының соңында «есептелінді» («есептелінген жоқ») деген белгі жазылады. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау, «Орта білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады (2022 жылғы 12 мамырдағы №193 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген 17, 18 тармақтар).
Білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу тәртібіне сәйкес 11-сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау «Қазақстан тарихы» пәнінен ауызша емтихан түрінде өткізіледі (ҚР БҒМ 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына 2022 жылғы 12 мамырдағы №193 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген 41 тармақ).
9,11сынып білім алушыларына арналған қорытынды аттестаттау туралы
«Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту
туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18
наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 мамырдағы №193 бұйрығының 39-4)-тармағына сәйкес 9-сынып білім алушылары таңдау пәні ретінде «Қазақстан тарихы» пәнінен жазбаша емтихан тапсырады.
Білім алушылардың білімі, білігі, сондай-ақ дағдылары МЖМББС-тан күтілетін нәтижелермен анықталады.
«Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18
наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 мамырдағы №193 бұйрығының 41-тармағына сәйкес 11-сынып білім алушылары міндетті пән ретінде «Қазақстан тарихы» пәнінен ауызша емтихан тапсырады.
5. Оқу пәнінің мазмұнына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларына сәйкес зертттеу жұмыстары
«Қазақстан тарихы» оқу пәні бойынша негізгі Үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес 10-11 сыныптарда әр оқу тоқсанының соңында зерттеу жұмыстарының тақырыптары ұсынылады.
10-сынып бойынша зерттеу тақырыптары:

  1. Әлемдік өркениет тарихындағы Ұлы Дала.

  2. Дәстүрлі қазақ қоғамының этноәлеуметтік ұйымдасуы.

  3. Қазақ мемлекеттілігінің эволюциясы.

  4. Мәдениет және дәстүр – ұлттың генетикалық коды.

11-сынып бойынша зерттеу тақырыптары:

  1. Әртүрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстанның экономикалық даму ерекшеліктері.

  2. Қазақстан этностары: тарихы мен тағдыры.

  3. Қоғамдық-саяси ойдың біріктіруші рөлі.

  4. Білім мен ғылымға үлес қосқан менің өлкемнің тұлғалары.

Зерттеу тақырыптары жалпылама берілген. Білім алушылар осы белгіленген тақырып шеңберінде түрлі мәселелерді қарастыра алады.
Негізгі Үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес 10-11-сыныптарда әр оқу тоқсанының соңында «Зерттеу жұмысы» сабағын өткізу қарастырылған. Зерттеу жұмысын жүргізудің мақсаты: теориялық материалды зерттеу тақырыптарының жеке аспектілері бойынша жүйелеу, терең талдау жасау және жалпылау.
Осы сабақтар барысында оқушылар жеке, жұпта немесе топтарда тақырыптық бөлімнің тоқсанда зерттелген аспектілердің бірі бойынша кішізерттеу жүргізеді. Зерттеу тақырыбын оқушылар тоқсан бойы таңдай алады. Әр тоқсан соңында оқушылар өз зерттеулерін аяқтап, әр түрлі формада сынып алдында таныстырады. Бұл баяндамалар, презентациялар, рефераттар, шағын жобалар, мақалалар, эссе және т.б. болуы мүмкін. Зерттеу жұмысы бойынша формативті бағалау қарастырылған. Сонымен, қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы сыныптарында оқитын оқушылар өздерінің зерттеу, креативті және сыни ойлау дағдыларын, қарым-қатынас, ынтымақтастық және азаматтық жауапкершілік дағдыларын жетілдіру үшін көп мүмкіндіктерге ие. Осы материалдарды әзірлеу кезінде әрбір тоқсанның соңында берілетін зерттеу жұмысы бұл жобалық жұмыс емес. Ол теориялық-практикалық зерттеу, онда оқушылар келесі зерттеу іскерліктері мен дағдыларын көрсетуі тиіс:

  • зерттеу мәселесін (тақырыбын) анықтау және тұжырымдау;

  • зерттеу жүргізу жоспарын (оның кезеңдері)құру;

  • зерттеудің мақсаты мен міндеттерін, болжам жасау,

  • зерттеу әдістерін таңдау және пайдалану;

  • алынған ақпарат көздерін көрсете отырып, зерттеу тақырыбы бойынша теориялық (сандық және сапалық) материалды (әдебиетке сілтеме, электрондық дерек көздері)таңдау және жүйелеу;

– ақпаратты бір түрден екінші түрге түрлендіру: сөздік – кестелік, кестеліксызбалық немесе графикалық және т. б.;

  • зерттеудің басында ұсынылған болжамды растайтын немесе жоққа шығаратын қорытынды жасау.

  • жүргізілген зерттеу жұмыстарын жетілдіру жолдарын немесе алынған теориялық қорытындыларды практикалық қолдану мүмкіндігін анықтау. «Қазақстан тарихы» пәні бойынша ұсынылатын сайттар: http://www.tarih-begalinka.kz; http://www.e-history.kz; http://bilimsite.kz/tarih/; http://testcenter.kz/entrants/for-ent/.

  1. Үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненті есебінен «Қазақстан тарихы» пәні бойынша жүргізілетін элективтік курстардың тақырыптары

Элективті курстар негізіне тарихи дәуірге, мемлекеттерге, тарихи тұлғаларға, тарихи туындылар мен ұлт тарихшыларына арналған, шаруашылықэкономикалық, саяси, мәдени, рухани және әлеуметтік мәселелерге арналған тақырыптар алынады. Элективті курс тақырыптары: «Алтын адам жәдігерлері»; «Түркі ғұламалары»; «Ұлы даланың тарихындағы әскери дәстүр»; «Ұлы дала көшпенділерінің мемлекеттілік идеясы мен дәстүрлі институттары, саяси нышандар мен билік атрибуттарының сабақтастығы»; «Қазақтың дәстүрлі тұрмыс-тіршілік салты»; «Қазақ қолөнерінің мәдени-тарихи негіздері»; «Алаш идеясы және Алаш қозғалысы» курсы.

  1. Оқу пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінде қарастырылатын әдістемелік тақырыптар

Әдістемелік бірлестік отырыстарында «Қазақстан тарихы» пәні мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін жетілдіру (әдістемелік бірлестік, жас мамандар мектебі, педагогикалық шеберлігін жетілдіру мектебі, шығармашылық топ және т.б.) бойынша ұсынылатын тақырыптар:

      • Оқу бағдарламасы негізінде сабақты жоспарлау мен критериалды

бағалау;

      • Рефлексия – мұғалімнің кәсіби дамуының негізі;

      • Қалыптастырушы бағалау – бағалаудың тиімді тәсілі;

      • Білім алушылардың тарихи ойлау дағдысын қалыптастыратын белсенді

әдістер;

      • Сабақта саралап оқытуды жүзеге асыру;

      • Зерттеу жұмысын жүргізуде құндылыққа бағытталған тәсілдерді қолдану;

      • Білім беруде қолданылатын цифрлық технологиялардың тиімділігі.

      • Жаңа ақпараттық құралдардың ерекшеліктері мен тиімділігі;

      • Цифрлық білім беру ортасындағы заманауи оқыту құралдары; – Өзара әрекеттесу және оқыту үшін әлеуметтік желіні қолдану технологиясы;

      • Инновацияларды және цифрландырудың озық практикаларын оқу процесіне енгізу;

      • Киберкеңістікте ақпаратпен қауіпсіз жұмыс жасаудың психологиялық- педагогикалық негіздері.

      • Сабақты талдау мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін дамыту құралы ретінде

      • Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушылар үшін білім беру процесін ұйымдастыру

      • Факультативтік сабақтар мен элективті курстарды ұйымдастыру.

«Қазақстан тарихы» оқу пәні бойынша оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық тасымалдау құралдары тізбесі.
2022-2023 оқу жылында қолданылатын оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдардың тізімі «Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқуәдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 216 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы ҚР БҒМ-нің 2022 жылғы 21 маусымдағы № 291 бұйрығымен бекітілген.

2022-2023 оқу жылында «Қазақстан тарихы» оқу пәні бойынша келесі оқулықтар қолданылады:

      • 5-сынып – 5-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» пәнінің оқулықтары (ежелгі заман: шамамен 1 млн жыл бұрын – V ғасыр);

      • 6-сынып – 6-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» пәнінің оқулықтары (ортағасырлар кезеңі: V - XVII ғасырлар);

      • 7-сынып – 7-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» пәнінің оқулықтары (жаңа заман кезеңі: XVIII -XIX ғасырлар);

      • 8-сынып – 8-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» пәнінің оқулықтары ( қазіргі заман тарихы кезеңі: XX ғасырдың бірінші жартысы);

      • 9-сынып – 9-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» пәнінің оқулықтары (қазіргі заман тарихы кезеңі: XX ғасырдың екінші жартысынан бүгінгі күнге дейін).


  1. «Қазақстан тарихы» пәнін оқыту процесінің тәрбиелік әлеуетін арттыру

«Қазақстан тарихы» пәні бойынша сабақтарды жоспарлау және ұйымдастыру барысында оқытудың тәрбиелік компонентіне ерекше назар аудару қажет.
Білім алушыларды тәрбиелеудің негізгі идеясы ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар. Сондықтан «Қазақстан тарихы» пәні бойынша Рухани жаңғыру идеясы негіздерінің құндылықтарын «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаларын оқыту мен тәрбиелеуде жүзеге асыру ұсынылады.
«Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттарын:
«Тәуелсіздік – кез-келген азамат үшін ең қастерлі құндылық» принципі бойынша пән мазмұнындағы ел тәуелсіздігі жолындағы күрестер тарихы, Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің жариялануы, «Мемлекеттік тәуелсіздік туралы» Конституциялық заңының қабылдануының тарихи маңызы тақырыптары арқылы тамыры терең тарихымызға құрметпен қарап, мемлекеттілігімізді қадірлеу, оны көздің қарашығындай қорғауға;
«Бірлік пен келісім – елдігіміздің мызғымас тұғыры» принципі (Қазақстан халқы Ассамблеясы, Білім беру мен ғылым, Қазақстан Республикасы Конституциясы мемлекеттің тұрақты дамуының кепілі тақырыбы аясында) бойынша халқымыздың бірлігі мен этносаралық татулығын сақтауға; Конституцияны қастерлеу, мемлекеттік тілді білу, ұлттық құндылықтарды қадірлеуге;
«Жер – ата-баба мұрасы, халық қазынасы» принципі бойынша ел мен жерді қорғау үшін болған тарихымыздағы соғыстарды зерделеу арқылы ата-баба аманатына адал болып, ұлан-ғайыр жерімізді қорғауға;
«Отбасы мен салт-дәстүр – қоғамның алтын діңгегі» принципі бойынша.
ғасырлар бойы қалыптасқан құндылықтарды, үлкенге – ізет, кішіге – құрмет көрсетуді дәріптейтін ата дәстүрімізді берік ұстануға ;
«Ұлттық мәдениет – халықтың рухани тірегі» принципі бойынша тарихты білу, мәдени құндылықтарды тану, мәдениетімізді зерделеп, өзге жұртқа насихаттай білуге;
«Білім мен еңбек – бақуатты өмірдің кілті» принципі бойынша табыстың кілті ретінде үздіксіз білім алу мен тынымсыз еңбек етуге;
«Прагматизм – бәсекеге қабілетті болудың кепілі» принципі бойынша білім алушыларды барынша қанағатшыл, үнемшіл, ұстамды болып, уақытты орынды пайдалануға тәрбиелеуді «Қазақстан тарихы» пәні мазмұнында қамтылған тақырыптарды меңгертуде жүзеге асыру ұсынылады.
Бұл білім алушылардың бойында патриотизм мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру мен дамытуға негіз болады.
Еліміздің орта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздеріне сәйкес жүзеге асырылады.
«Қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие» бағыты білім алушылардың бойында қазақстандық патриотизм сезімін, құқықтық және азаматтық сана-сезімді, жеке бас бостандығы мен ар-намысының құндылығын, парасаттылық пен адалдықты, толеранттылықты, еңбекке деген құрметті, «толық адам» қасиеттерін қалыптастырады, зорлық-зомбылық пен агрессиялық ой-пиғылдың, әртүрлі типтегі кемсітушіліктің алдын алуды қарастырады.
Оқыту процесіндегі «Қазақстан тарихы» пәнінің тәрбиелік әлеуетін арттыру үшін «Тарих тағылымы» мен «Қазақ мәдениетінің антологиясы» әлеуметтік жобалары, «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары», «Ұлы дала мұрагерлері» жобасын іске асыруды жалғастыру ұсынылады.

«Қазақстан тарихы» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстар мен тәрбиелік ісшараларды жоспарлау және ұйымдастыру кезінде 2022-2023 оқу жылында аталып өтілетін мерейтойлық күнтізбелік күндерге назар аударуды ұсынамыз:

  1. Қаз дауысты Қазыбек бидің туғанына – 355 жыл;

  2. Кенесары Қасымұлының туғанына – 220 жыл;

  3. Ахмет Байтұрсынұлының туғанына – 150 жыл;

  4. Дінмұхамед Қонаевтың туғанына – 110 жыл;

  1. Мәншүк Мәметованың туғанына – 100 жыл;

  2. Талған Бигелдиновтің туғанына – 100 жыл;

  3. Шерхан Мұртазаның туғанына – 90 жыл;

  4. Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне – 30 жыл;

  5. Қазақстанның БҰҰ құрамына кіргеніне – 30 жыл;

9 Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет