Орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұСҚау хат



бет111/154
Дата09.10.2022
өлшемі4,91 Mb.
#42012
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   154
4. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың нормативтік талаптарына сәйкес бөлім бойынша жиынтық бағалаудың саны
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау «Орта білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады:
Үлгілік оқу бағдарламаларына (негізгі және төмендетілген оқу жүктемесі бойынша) сәйкес «Құқық негіздері» оқу пәнінен өткізілетін бөлім бойынша жиынтық бағалау саны 18.6 -кестеде көрсетілген.
18.6-кесте. «Құқық негіздері» пәні бойынша жиынтық бағалау саны

Сынып

Бөлім бойынша жиынтық бағалау саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

9-сынып

1

1

1

1

10-11-сынып
(ҚГБ)

1

1

1

2

10-11-сынып
(ЖМБ)

1

1

1

2

Сынып

Төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспары бойынша

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

9

1

1

1

1

10-11 (ҚГБ)

1

1

1

2

10-11 (ЖМБ)

1

1

1

2

9-сыныпта және 10-11-сыныптарда 1 сағат көлемінде оқытылатын «Құқық негіздері» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалау өткізілмейді, қорытынды баға жартыжылдыққа қойылады.
5. Оқу пәнінің мазмұнына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларына сәйкес зертттеу жұмыстары
Зерттеу жұмысын жүргізудің мақсаты: теориялық материалды зерттеу тақырыптарының жеке аспектілері бойынша жүйелеу, терең талдау жасау және жалпылау.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарда (ҚР БҒМ 27.07. 2017ж. № 352 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламасы бойынша) әр оқу тоқсанының соңында «Зерттеу жұмысы» сабағын өткізу қарастырылған. Тұлғаның танымдық белсенділігін, шығармашылық, жобалық-зерттеушілік қабілеттерін дамыту үшін қоғамдық-гуманитарлық бағытта әр тақырыптық бөлімнен кейін келесі зерттеу жұмысы тақырыптары берілген.
10-сынып бойынша зерттеу тақырыптары:
1. Мемлекет және құқық формаларының эволюциясы 2. Жария құқық салалары ерекшеліктерінің сипаттамасы.

  1. Жеке құқық – адамның табиғи құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асуының кепілдігі

  2. Құқыққа қатысты процестер қадамдарының сипаттамасы.

  3. Адам құқықтарын қорғау жөніндегі қазіргі заманғы халықаралық ұйымдар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет