Орталық азия инновациялық


Мысал ретінде білім тексерудің төмендегідей формаларын атауға болады



бет33/39
Дата04.10.2022
өлшемі238,02 Kb.
#41280
түріЛекция
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   39

Мысал ретінде білім тексерудің төмендегідей формаларын атауға болады.


  • реферат жазу;

  • проблемалық мәселені шешудегші пікірталасқа қатысу;

  • оқушының хабарламасын бағалау;

  • қосымша бақылау нәтижесін көрсетіп тұрып оқушының хабарламасы;

  • қойылған сұраққа жауаптың сызбанұсқалық нобайын құру;

  • пәнге байланысты есептерді шешу немесе жазбаша түрде қабылдау;

  • тестік тапсырмалар бойынша жауап;

  • жұмыс дәптерін толтыру;

  • дидактикалық карточкаларды жазбаша толтыру арқылы жауап;

  • тақтада қорытынды кестені ұжымдық толтыру;

  • «жылдам жауапқа » қатысу (блиц-жауап);

  • берілген жауапқа «қиял - шығарма» жазу;

  • рөлдік ойынға қатысу үшін кейіпкер рөлінің мәтінін құруберілген

  • тақырыпқа көрнекілік және музыкалық қолдаумен жасалатын баяндама;

  • телехабар материалы бойынша реферат;

  • компьютерлік оқыту бағдарламалары бойынша жауап.

Осы тізімде негізінен ауызша әдістер келтірілген, көптеген ұстаздарсоның ішінде биология маманын алып қарасақ, білімді бақылаудың көрнекі және практикалық әдістерін де қолданады, мысалы:

      1. а)микроскоппен қарағандағы немесе ұлғайтқыш шынымен көргендегі препаратты танып білу;

      2. ә)тақта алдында берілген бөлшектерден (нақпішіндер, суреттер, гербарийлер т.б.) күрделі жүйелерді немесе үрдістерді құрастыру;

      3. б)мультимедиалық оқыту түрі жүйесіндегі практикалық жұмысты орындау;

      4. в)зертханалық жұмысты өз бетімен орындау.

Білімді бақылаудың ең көп таралған формасы – ауызша тексеру. Бұл әдіс әрбір оқушыны тексеруге мүмкіндік береді, сондықтан жекелей сұрау деп аталады.Оқушының ауызша жауабы тірі нысандарды көрсетумен, нобайларды, кестелерді көрсетуі, сызбанұсқаларды сызу, тәжірибелер қоюмен бірге жүруі мүмкін. Бұл кезде, ауызша тексеріс тек «бір оқушымен» жұмыс түріне айналмас үшін барлық сыныпты белсендіру керек. Оқушылар өз жолдастарының білмін бағалауда толықтырып, қатесін түзетіп, тақырып бойынша қосымша сұрақтар бере алады. Ұстаз тек қана материалды меңгеру деңгейі мен көлемін анықтап қоймай оқушының әр т үрлі бақылаулардан мысалдар келтіру, деректерді жүйелеу, талдау және жүйелі әңгіме құрай алу біліктілігін бағалайды. Ауызша тексерсте қойылатын сұрақтар баланың шамасы жететіндей және түсінікті болып, сонымен қатар тек бір сөзбен ғана жауап беретін емес, түсінікті баяндайтындай болуы керек .Жаппай ауызша тексерістің (немесе жаппай сұрау) жеке сұраудан айырмашылығы, бірінен кейін бірі қойылатын бірнеше сұрақтарға жауап беруде. Тексерудің осындай формасы балаларды белсендіреді, мұғалім орнынан төмен және үлгерімдегі балаларды тұрғызып сұрай алады. Тығыздалған сұрау дәстүрлі ауызша сұраудан айырмашылығы қарқындылығы мен шапшаңдығында. Балаларға қойылған сұрақтар оларды қайталап сұрамайтындай түсінікті болуы тиіс. Кейбір оқушылар тақта алдында суреттер, таблицалар, нобайларды пайдаланып кезекпен жауап берсе, келесілері орындарынан жауап беріп, бірін
– бірі толықтырып, қателерін түзетіп жатса, басқалары жазбаша жұмыс жасайды.
Жазбаша жұмыс білім тексерудің бір формасы. Осы жұмыстың нәтижесі де оқушының оқу материалын қаншалықты меңгергенін, білім көлемін және таным әрекеті мен оқыту пәрменділігін анықтауға мүмкіндік береді. Жазбаша жұмыс алу арқылы 10-15мин. ішінде бірнеше оқушының білімін бақылауға болады. Бірақ жазбаша жұмысты дайындаған кезде оның сұрақтары мен тапсырмаларының нақты, анық болуын қадағалау керек. Жазбаша тексеру оқушылардың жазба тіліндегі ойлау ерекшелігін, абстрактылық ойлауын дамытуға оң әсер етеді. Тексерудің бұл түрі арнайы құралды талап етпейді, оны сабақтың кез келген бөлімінде жүргізуге болады
Білімді бағалау тек қана оқу мазмұнын бақылауда ғана емес, жаңа материалды баяндағанда болады. Ұстаз жаңа материалды баяндау кезінде сұрақтар қойып, бақыланған құбылысты түсіндіруді, олардың себеп-салдарын ашуды сұрайды. Оқушылар әр түрлі нысандардың қасиеттерін байланыстырып, кейбір деректерді түсіндіруге қатыады. Осы кездн мұғалім оқушының бұрын игерілген білім мен біліктілігін қалай пайдаланғандарын, жауаптарын қандай формада баяндағандарын тексереді. Осындай жұмысты мұғалім міндетті түрде бағалауы тиіс. Оқушылардың жаңа материалды
түсіндіруге қатысуы ұстазға балалар білімінің тереңдігін бағамдауға, сөйтіп қосымша материал пайдалануға мүмкіндік береді. Білі тексерудің бір қажетті шарты – оқушыладың ауызша және жазбаша жауаптарын қойылатын ұстаздың қатал талабы, тапсырмалар мен сұрақтарды түсінікті етіп құру.Балалардың білім, білік, дағдыларын тексеру түрлері мен әдістерін ұстаз оқу материалының мазмұнына байланысты, сабақтың, тақырыптың, тараулар мен курстың нақты оқу-тәрбиелік мақсаттарына байланысты таңдап алады.
Тест – ағылшын сөзі, аударғанда «үлгі», «сынақ», «зерттеу» деген ұғымдарды білдіреді. Бұл термин физиологияда және медицинада, психологияда және педагогикада әр түрлі тұрғыда қолданылады. Жалпы тестік тапсырмалар екі түрге бөлінеді: ашық және жабық. Ашық тестік тапсырмаларда оқушы өзі қысқа жауаптарды берілген қағазға толтырады, ал жабық тест кезінде ол бірнеше жауап варианттары ішінен таңдап алады, бұл жауаптардың тек біреуі ғана дұрыс болады. Кейде әр түрлі бөліктерден бір тұтасты құрастыру үшін жауаптар тобы беріледі де, оның ішінен бірнеше дұрыс жауапты таңдап алу керек болады. Бірақ бұндай тапсырмалы тестер өте сирек кездеседі, себебі статистикалық өңдеуге қиын соғады. Ашық тестпен жұмыс істеу оқушыға өз бетімен белгілі бір белсенділік көрсетуге мүмкіндік береді, бірақ оны толтыру және қорытындысын шығару кезінде уақыт көп кетеді.
Жабық тесттер. Бұл тестер өте алуан түрлі. Олардың кейбіреулері оқушылардан тек өткен материалды ойға түсіруді талап етеді, кейбіреулері материалды түсінуін тексереді жәнек тапсырмаларды шешу біліктілігін байқайды. Тестерді: жауапты таңдап алу, үйлесімділікті табу, әрекеттер мен жағдайлардың ретін (кезектілігін) табу деп топтауға болады. Мысалы, сәйкестіктерді табу тестіне мүшелердің құрылысы мен қызметі арасындағы дәлдігін табу, ал әрекеттің, жағдайдың кезектілігін, жүйесін табу. Дұрыс жауапты таңдап алу тестінде кейде керісінше әрекет жасау – дұрыс емес жауаптарды дұрыс жауаптар қатарына алу беріледі.
Тестерде жалған жауаптар қолданылады, оларды дистракторлар деп атайды.Дистракторларды таңдап алғанда оқушы бірден біліп қойып, ойдан шығарып тастайтындай болмауы керек.
Білімді бағалаудың біз қарастырып өткен түрлері қазіргі кездегі кең таралған түрлері. Оқушылар білімін балл қою арқылы бағалау түрі эксперттік бағалау.
Бұл жерде эксперт ұстаз, әдістемеші, инспектор, жоғарғы оқу орнының оқытушысы т.б бола алады. Балдық білім бағалаудың артықшылығы, ол арқылы кез келген жұмысты бағалауға болады- тәрбиелік сипаттағы және шығармашылық тұрғыдағы, сонымен бірге олардың жекелеген бір параметрлерін ғана емес, тұтас алғанда жалпылай. Жазбаша не ауызша жауапты бағалай отырып ұстаз оқушының материалды меңгеру деңгейін, жауап беру логикасын, дәлелдеу және жоққа шығару жолдарын дұрыс құру қабілеттерін, болжам құрып оны тексеру жолдарын ойластыру біліктерін ескереді. Тесттер білім, білік, дағдының тек жекелеген элементтерін ғана ескереді, бірақ соның өзі осы элементтердің обьективті өлшемі болып
табылып, соның негізінде оқушылардың жалпы білімі белгілі бір пікір қалыптастыруға болады. Тестік әдіспен білім бағалау тексерілушінің және тексерушінің де көп уақытын алмайды, аз уақыттың ішінде үлкен көлемді материалды тексеруге мүмкіндік береді.
Қорыта айтқанда жастарға білім беру мен тәрбие беру- әлемметтік, қоғамдық маңызы бар мәселе. Тәуелсіз мемлекет болғалы еліміздің білім беру саласында оңды өзгерістер аз емес. Білім беру стандарты, бағдарламалар, оқулықтар мен оқу құралдарының мазмұндары қайта қаралып, жаңашыл әдіс тәсілдерді іздеу, оларды өмірге ендіру жүргізіліп жатыр. Әрбір пәнді оқытуда жаңа әдіснамалық амалдар тауып, оның әдіс-тәсілдерімен қамтамасыз етуге тиіспіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет