Қосымша-1 орта білім беру ұйымдарының ОҚушылары арасында өтетін «тіл – ҚҰндылық» атты республикалық байқау туралы ереже 2023 жылғы 10 наурыз 15 сәуір аралығында орта білім беру ұйымдарының оқушылары арасында «Тіл – құндылық»



бет8/9
Дата02.06.2023
өлшемі231,61 Kb.
#97756
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
1 Тил-кундылык. ЕРЕЖЕ

Аталымдар (номинациялар):

  • Көркем ойдың кемеңгері

  • Сөз шебері

  • Кестелі сөздің иесі

  • Даналық ойдан дән іздеген

  • Тіл сақшысы

V. Оқу тілі қазақ тілінен өзге бастауыш мектептің 3-4-сынып оқушылары арасында байқаудың талаптары мен бағалау критерийлері


1-кезең. Ертегілер әлемі


Тапсырма. Өзің қалаған ертегі мазмұны бойынша комикс әзірле.


Талаптар:

  • комикс электронды түрде ұсынылуы керек;

  • ертегінің сюжеттік желісін сақтай отырып кемінде бес иллюстрация (комикс) құрастырылуы қажет;

  • сөйлемдердің құрылымы жеңіл, мағынасы түсінікті болуы керек.

  • кейіпкерлер арасындағы диалог қысқа, ой анық жеткізілуі тиіс.

Бағалау критерийлері:

Критерийлер

Ұпай

Ертегінің сюжеттік желісі мен иллюстрациялардың сәйкестігі

15

Сөйлемдердің сауатты құрылуы

15

Комикс суреттері әрлі, эстетикаға сай, қанық бояулы болуы

10

Инста парақшада жарияланған бейнероликтерді көрушілер мен «лүпіл» саны

10

Барлығы

50


Оқушыға ұсынылатын ертегілер тізімі:

  1. «Қасқыр мен кірпі»

  2. «Сауысқан мен көкек»

  3. «Бір үзім нан»

  4. «Жыл мезгілдері»

  5. «Екі дос»

  6. «Ай неге жалаңаш қалады?»

  7. «Түлкі мен құмыра»

  8. «Қасқыр мен егінші»

  9. «Түлкі мен ешкі»

  10. «Үкінің тапқырлығы»

  11. «Түлкі мен тауық»

  12. «Қасқыр мен түлкі»

  13. «Арыстан мен кісі»

  14. «Түлкі мен тырна»

  15. «Түлкіден де қу бір қаз»

2-кезең. Ертегі айта аламын...


Тапсырма. Тізімде берілген ертегі бойынша ұсынылған суреттердің бірін таңда. Сурет бойынша ертегі оқиғасын әңгімеле. Тірек сөздерді пайдалан.
Талаптар:

  • берілген тірек сөздерді толық пайдалануы тиіс;

  • ертегідегі суретке қатысты оқиғаны ғана баяндауы керек;

  • кейіпкерлердің сөзі әсерлі, анық жеткізілуі керек;

  • сөйлеу үшін берілетін уақыттан (3 минут) аспауы керек.


Бағалау критерийлері:

Тірек сөздерді толық пайдалануы

10

Оқиғаны нақты баяндауы

10

Сөйлеу сауаттылығы

15

Оқиға мазмұнын жүйелі түрде жеткізе білуі

10

Уақытқа сыйымдылығы

5

Барлығы

50


Аталымдар (номинациялар):
Жас суретші
Комикс үздігі
Қылқалам шебері
Зерделі балақай
Шебер ертекші
Ең үздік ертекші
VІ. Оқу тілі қазақ тілінен өзге негізгі мектептің 5-7-сынып оқушылары арасында байқаудың талаптары мен бағалау критерийлері


1-кезең. «Атаулар сыры...»


Тапсырма. Өз өлкеңіздегі жер-су атауларына қатысты бір аңыз бойынша бейнематериал дайындаңыз.


Талаптар:

  • аңыздың танымдық мәні болуы керек;

  • бейнематериал аңыз мазмұнына сәйкес болуы керек;

  • бейнематериал оқушының өз дауысымен жазылуы керек;

  • баяндау тілі жатық, әдеби тіл нормаларына сай болуы керек.



Бағалау критерийлері:

Критерийлер

Ұпай

Аңыз мазмұнының танымдық мәні

10

Баяндау тілінің әдеби тіл нормаларына сәйкестігі

15

Бейнежазбаның техникалық сапасы

10

Бейнежазбаның уақытқа сыйымдылығы

5

Инста парақшада жарияланған бейнероликтерді көрушілер мен «лүпіл» саны

10



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет