«Қостанай ауданы әкімдігінің Владимиров орта мектебі» мм



бет23/27
Дата23.04.2023
өлшемі0,93 Mb.
#85857
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
қазақ тілі бойынша грамматикалық тапсырмалар

Етістік.
1-нұсқа
1. Күрделі етістікті табыңыз.
А) Айтуды. В) Бастады. С) Барды. Д) Береді. Е) Ойланып қалды.
2. Болымсыз етістікті табыңыз.
А) Алмады. В) Қызғанды. С) Жылады. Д) Күлді. Е) Жуынды.
3. Нақ осы шақтағы етістікті табыңыз.
А) Келіп қалдым. В) Тыңдап отыр. С) Шыдамайды. Д) Келген жоқ. Е) Ұнамайды.
4. Ауыспалы осы шақта тұрған етістікті белгілеңіз.
А) Билейді. В) Биледі. С) Биле. Д) Билеу. Е) Билеген.
5. Тұйық етістікті анықтаңыз.
А) Ұнау. В) Айтыс. С) Жу. Д) Көрсет. Е) Қу.
6. Бірыңғай болымсыз етістіктер қатарын көрсетіңіз.
А) Қашты, жазба, ойна. В) Бергенбіз, ойнасам, тістеме. С) Келіпті, тыңда, оқысын. Д) Отырма, сөйлес, біл. Е) Барған жоқ, келме, қайтатын емес.
7. Болымды етістікті табыңыз.
А) Ұшпады. В) Көрсетпеді. С) Жумады. Д) Әкелмеді. Е) Сүртті.
8. Негізгі етістікті табыңыз.
А) Көр. В) Берер. С) Ашуланды. Д) Салынды. Е) Әперді.
9. Өткен шақтағы етістікті табыңыз.
А) Ақша. В) Көрмеу. С) Ақшыл. Д) Келе жатыр. Е) Бітірді.
10. Түбір етістікті табыңыз.
А) Келгелі. В) Келіп. С) Кел. Д) Келіпті. Е) Келу.
11. Қалау райды табыңыз.
А) Менікі емес. В) Бара жатыр. С) Көргім келеді. Д) Көрдім. Е) Кездесетін болдық.
12. Етістіктің нақ осы шақ түрін көрсетіңіз.
А) Қарармын. В) Келмекші. С) Естіген болатын. Д) Бара жатыр. Е) Ұғыпты.

47


13.Көсемшенің жұрнағы бар сөзді көрсетіңіз.
Түнде тұрып, түн ұйқынды төрт бөлдің,
Тыныш ұйықтасын деп аз сөйлеп, аз күлдің.
А) Ұйықтасын, тыныш. В) Ұйқынды, түнде. С) Күлдің, бөлдің. Д) Тұрып, сөйлеп. Е) Бөлдің, аз.
14. Шартты райдағы етістікті табыңыз.
А) Отырмас. В) Әңгімеледі. С) Барғай. Д) Кетіңдер. Е) Бармаса.
15.Ауыспалы нақ осы шақты белгілеңіз.
А) Жүр. В) Жазады. С) Жазды. Д) Отыр. Е) Жатыр.
16. Көсемшелі етістікті табыңыз.
А) Жазды. В) Келіп еді. С) Ойнау. Д) Ойланды. Е) Сөйледі.
17. III жақта тұрған сөзді табыңыз.
А) Алды. В) Алдым. С) Алдың. Д) Алдыңыз. Е) Алдық.
18. Қай сөйлемде «ма» болымсыз етістіктің жұрнағы ретінде бірге жазылатынын белгілеңіз.
А) Бала(ма) айт. В) Бұл да бір амал(ма). С) Сен ойла(ма). Д) Балдай тәтті ал(ма). Е) Ол жақсы бала(ма).
19. Қосымшасыз тұрған түбір сөзді көрсетіңіз.
А) Тон. В) Көріңдер. С) Отырғыз. Д) Жарату. Е) Сыйғыз.
20. Асты сызылған сөзге қойылатын сұрақты табыңыз.
Өз отбасымыз ұлттық дәстүрлерді сақтаймыз.
А) Қайтті? В) Қандай? С) Не істейміз? Д) Қалай? Е) Кім?
21. Етістіктің жедел өткен шағын табыңыз.
А) Жеткізер. В) Жеткізген. С) Жеткізді. Д) Жеткізеді. Е) Жеткізетін.
22. Болымсыз етістік жұрнағын белгілеңіз.
А) –дау. В) –ырақ. С) –рек. Д) –па. Е) –леу.
23. Сынып кезекшісінің атқаратын қызметін анықтаңыз.
А) Бала оқытады. В) Телевизор көреді. С) Тақта сүртеді. Д) Гүл тереді. Е) Тамақ ішеді.
24. Қимылды білдіретін сөзді анықтаңыз.
А) Тыңда. В) Түнде. С) Жоғары. Д) Дауыс. Е) Күндіз.
25.Күрделі етістікті табыңыз.
А) Отырмын. В) Отырсыңдар. С) Қыдырамыз. Д) Жазып отырмын. Е) Жуынамыз.
48
2-нұсқа
1. Күрделі етістікті табыңыз.
А) Жаз бойы. В) Ақ үй. С) Барып кел. Д) Көріпкел. Е) Алтыбақан.
2. Болымды етістікті табыңыз.
А) Күлмеді. В) Жуынбады. С) Қуанбады. Д) Алды. Е) Жыламады.
3. Негізгі етістікті табыңыз.
А) Барған. В) Айтар. С) Келмек. Д) Келер. Е) Кел.
4. Осы шақтағы етістікті табыңыз.
А) Айтып кетті. В) Әкеле жатыр. С) Келді. Д) Сұрайды. Е) Барып келді.
5. Көсемшенің жұрнағын табыңыз.
А) –ар, -ер, -р. В) –мақ, -мек. С) –а, -е, -й. Д) –ған, -ген. Е) –атын, -етін, -итын.
6. Қалау райлы етістікті табыңыз.
А) Еңбек етсем. В) Амандасайын. С) Айтқысы келген. Д) Тынығыңыз. Е) Жүдеп қалыпты.
7. Сөздерге жалғанатын тиісті жұрнақтарды белгілеңіз.
Асық..., қи..., жағалас..., ұмыт...
А) –па,-ма,-па,-па В) –ба,-бе,-ма,-па С) –бе,-па,-ме,-ма Д) –ма,-па,-пе,-ме Е) –па,-ма,-па,-ме
8. Көсемшені белгіле.
А) Кет. В) Кеткелі. С) Кетпек. Д) Кеткен. Е) Кетеді.
9. Түбір сөзді табыңыз.
А) Қоныстан. В) Қондыру. С) Қону. Д) Қон. Е) Қоныстану.
10. Тұйық етістікті көрсетіңіз.
А) Қуу. В) Жабық. С) Күл. Д) Түне. Е) Кірген.
11. Болымсыз етістікті табыңыз.
А) Жаз. В) Жүзеді. С) Ашады. Д) Жазба. Е) Оқыды.
12. Шартты рай етістігін анықтаңыз.
А) Айтып келдім. В) Тыңдаса болды. С) Барғым келеді. Д) Біліп отырмыз. Е) Ойнап кел.
13. Тұйық етістікті көрсетіңіз.
А) Жуу. В) Ашық. С) Күндерде. Д) Жақсы. Е) Кірген.

49

14. Күрделі етістікті табыңыз.


А) Жүгірме. В) Ойнады. С) Жаздыртты. Д) Жүре бер. Е) Қуанды.
15. Өткен шақтағы етістікті табыңыз.
А) Отырармын. В) Отырдым. С) Отырмассың. Д) Отырмын. Е) Отырарсың.
16. Күрделі нақ осы шақ бар сөйлемді анықтаңыз.
А) Биыл көктем кеш келді. В) Қар еріп жатыр. С) Өзендерде мұз еріді. Д) Өзен, көлдерден сең кетті. Е) Бүгін ауа – райы жақсы болды.
17. Ауыспалы келер шақта тұрған етістікті табыңыз.
А) Келдім. В) Алдың. С) Отырмын. Д) Келемін. Е) Жүрді.
18. Екінші жақтың көпше түрінде тұрған етістікті табыңыз.
А) Жатырсың. В) Жатырсыз. С) Жатырмыз. Д) Жатырсыңдар. Е) Жатырмын.
19. Күрделі етістікті табыңыз.
А) Оқыды. В) Оқып отыр. С) Жазады. Д) Оқиды. Е) Жазбайды.
20. Шартты райлы етістіктің жұрнағын көрсетіңіз.
А) –ды, -ді. В) –ғы, -гі. С) –са, -се. Д) –ын, -ін, -н. Е) –а, -е, -й.
21. Зат есімнен жасалған туынды етістікті белгілеңіз.
А) Елпілде. В) Бағала. С) Қалашыл. Д) Тақ . Е) Есім.
22. Негізгі етістікті көрсетіңіз.
А) Отырғыз. В) Аула. С) Үйренуші. Д) Шығар. Е) Ал.
23. Тұйық етістік жұрнағын табыңыз.
А) –ып. В) –й. С) –а. Д) –у. Е) –е.
24. Етістіктің шағы қанша түрге бөлінетінін белгілеңіз.
А) 3. В) 9. С) 2. Д) 8. Е) 7.
25. Туынды етістікті көрсетіңіз.
А) Көреген, сүзеген. В) Жая, қоя. С) Жала, тала. Д) Ойна, ойла. Е) Ойшыл, ойыншыл.
50




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет