Қосымша: 1.Пономарев В.Д. Аналитическая химия. ч. 1, 2. М., Высшая школа, 1982.
2.Основы аналитической химии. Практическое руководство. Под ред. Ю.А. Золотова - М., Высшая школа, 2001.
3.Патсаев Ә.Қ., Шыназбекова Ш.С. Аналитикалық химия пәні бойынша студенттердің өзіндік жүмыстарына арналған оқу-әдістемелік қолданба, Шымкент, 2005.
9. Бақылау сұрақтары : 1. Әлсіз электролит түзілуіне алып келетін, тұз иондары мен судың әсерлесу үрдісін...........деп атайды
2. Толық гидролизге келесі екі тұздың сулы ерітінділері түседі:
А. натрий сульфаты мен калий сульфаты
В. мырыш хлориді мен барий нитриті
С. аммоний сульфаты мен нитраты
Д. калий карбонаты мен натрий сульфиты
Е. барий нитраты мен кальций хлориді
3. Тұздың сулы ерітіндісінде лакмус қызарады:
А. Na2SO4 B. Al(NO3)3 C. K2SO3 D. Zn(CH3COO)2 E. BaCl2 4. Гидролиз дәрежесі тәуелді емес:
А. еріген зат концентрациясына
В. температураға
С. қысымға
Д. еріген зат табиғатына
Е. еріткіш табиғатына
5. Қысым жоғарылағанда гидролиз тепе-теңдігі қай қабатқа қарай ығысады:
А. оңға
В. солға
С. ығыспайды
Д. жауабы жок
6. 0,01М аммоний хлоридінің ерітіндісінің гидролиз константасы мен дәрежесі (тәуелді) тең:
А. 0,5610-7; 2,410-3 В. 0,5610-7; 2,410-5 С.5,610-10; 2,410-1 Д. 5,610-9; 2,410-4 Е.5,610-8; 1,210-4 7. Температура төмендегенде гидролиз дәрежесі:
А. төмендейді
В. жоғарылайды
С. өзгермейді
8. Гидролиз константасы тәуелді емес:
А. еріген зат табиғатына
В. температураға
С. Концентрацияға
9. Бериллий сульфатының сулы ерітіндісінің рН-ы тең:
А. 7-ге
В. 7-ден көп
С. 7-ден аз
10. Әлсіз негіз бен әлсіз қышқылдан тұратын түздар ұшырайды:
А. жартылай гидролизге
В. толық гидролизге
С. гидролизге ұшырамайды
№6 тақырып
Тақырыбы: Катиондардың қышқылдық-негіздік, сульфидтік және аммиакты-фосфатты жіктеулері
2. Мақсаты: Катиондардың қышқылдық-негіздік Сульфидтік жіктеу бойынша барлық катиондар бес топқа бөлінеді. Сульфидтік жіктеу бойынша жүйелік әдіспен сапалық талдау жасағанда катиондардың аммоний сульфидімен және күкіртті сутекпен әрекеттесуі қолданылады.
Аммиакты-фосфатты жіктеу бойынша катиондар бес топқа бөлінеді.
Жіктеу катиондардың фосфаттармен әрекеттесуіне негізделген.
3. Тапсырмалар: 1. Катиондардың сульфидті жіктеуін қалай түсінесіз ?
2. Катиондар сульфидтік жіктеу бойынша қанша топқа бөлінеді ?
3. Сульфидтік жіктеу бойынша бірінші топқа қандай катиондар жатады ?
4. Сульфидтік жіктеу бойынша ІІ топқа жататын катиондар.
5. Сульфидтік жіктеу бойынша ІІІ топқа қандай катиондар жатады ?
6. Аммиакты-фосфатты жіктеудің негізі.
7. Сульфидтік жіктеу бойынша катиондар қанша топқа бөлінеді, атап көрсетіңіз.
8. Аммиакты-фосфатты жіктеудің басқа әдістерге қарағанда ерекшелігі.
9. Әрбір топтың реагенті және реакция өнімі.
4. Тапсырманы орындау түрі: реферат, презентация, глоссарий.
5. Тапсырманы орындауға қойылатын талаптар : 1. 10 беттен артық қолмен жазылған үлгісі
2. Кем дегенде 3 қосымша пайдаланылған әдебиет
3. Интернетті пайдалану
4. Барлық сұрақтар мен есептердің жауаптары берілуі тиіс
6. Тапсыру мерзімі: ІІІ семестр, 6 апта.
7. Бағалауға қойылатын талаптар: рефератты қорғау, презентация жасау, глоссарий құрастыру бойынша бағалау.