Оңтүстік Қазақстан облысы дін істері басқармасы «дін мәселелерін зерттеу орталығЫ» мкм



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата16.02.2017
өлшемі488,34 Kb.
#4185
1   2   3

Нұрлан Еламанов

ИЧ-167/11 мекемесінде  

жазасын өтеуші, 

Шымкент қаласы 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



11 

 

АҚ ЖОЛДАН АДАСПАЙЫҚ, АҒАЙЫН! 

Елiмiздiң тәуелсiздiгiн алғанына, әлемдiк өркениеттен өз орнын анықтауға 

бет  алғанына  да,  мiне  23  жыл  болды.  Қазiргi  бiздiң  қоғамдағы  әлеуметтiк 

топтардың iшiнде ең әлсiз буын – жастар. Олар – сенгiш, елiктегiш, сезiмге тез 

берiлгiш.  Сондықтан  болар,  олардың  дiн  атын  жамылған  дәстүрлi  емес 

ағымдардың  жетегiнде  кетуi  жиi  орын  алып  жатады.  Сол  елiктегiш,  сенгiш 

жастардың  бiрi  –  мен.  1988  жылы  2  желтоқсанда  Атырау  қаласында  дүниеге 

келдiм. Балалық шағым қарапайым, бар нәрсенi қанағат тұтып, шүкiршiлiкпен 

тәрбиелендiм. Адекеновтар отбасында, нағашыларымның қолында тәлiм-тәрбие 

алдым. Анам 1994 жылы науқастанып, марқұм болған. Атырау қаласында 1995 

жылы  1  қыркүйекте  мектеп  табалдырығын  аттадым.  2005  жылы  11-сыныпты 

бiтiрiп,  Атырау  политехникалық  колледжiне  «Экономика,  есеп  және  аудит» 

мамандығына  түстiм.  Аталмыш  оқу  орнын  2008  жылы  бiтiрiп  шықтым.  Сол 

кездерi араласатын жора-жолдастарым санаулы едi, қайда жүрсем де олар маған 

жан-жақты  қолдау  көрсететiн.  Сол  достарымның  бiрi  әрi  курстасым  Асхат 

маған  уағыз-насихат  айтатын.  Менiң  дiнге  қызығушылығым  сол  колледжде 

оқып  жүрген  кезiмде  басталды.  Қызығушылығым  оянғаны  соншалық,  ислам 

дiнiн  насихаттайтын  мақалаларды  оқып,  аудио  және  бейнетаспаларды  жиi 

көрдiм.  Жұма  намаздарына  қатысып,  имамдардың  оқыған  құтпасын  тыңдап, 

әсер алатынмын. 

Қазақстан  Республикасының  Президентi  Нұрсұлтан  Әбiшұлы  Назарбаев 

«Алла – хақ, Пайғамбарымыз – Мұхаммед (с.а.у) қасиеттi кiтабымыз  – Құран, 

тегiмiз  –  түрiк,  дiнiмiз  –  Ислам»  деп  тамыры  тереңде  жатқан  дәстүрлi  дiнiмiз 

турасында  өз  көзқарасын  бiлдiрдi.  Қазiр  жастарымыз  ата-бабаларымыздың 

ұстанған  ислам  дiнiне  бет  бұрғанын,  оның  құндылықтарын,  парыздарын 

орындайтынын көрiп жүрмiз. Бiрақ жымысқы мақсаттарын бүркемелеп, арамза 

пиғылымен  енген  дiни  ұйымдар  мен  ағымдар  үшiн  осы  өтпелi  кезеңде 

қадағалаудан  тыс  қалған  әлеуметтiк  топ  үгiт-насихат  жүргiзетiн  негiзгi 

объектiге  айналып,  өлке  тұрғындарын  алдау  мен  арбауға  түсiрiп  үлгердi. 

Сырттан  келiп  жатқан  дiни  миссионерлердiң  жастарымыздың  сана-сенiмiн, 

ақида бағытын өзгертiп, уландыра бастағаны шындық. Қазiргi жастарымыздың 

дәстүрлi  емес  радикалды  дiни  бағытқа  өтуiне  себептер  бар.  Бұл  жастардың 

бiлiмiнiң таяздығынан, дiни сауаттылықтың жетiспеушiлiгi салдарынан асығыс 

шешiм  қабылдағанынан  дер  едiм.  Әр  адасқан  топтың  өз  кемшiлiктерi  болады, 

сол  кемшiлiктердiң  бiрi  Үкiмет  заңына  бағынбауы  –  намаз  оқымаған  адамды 

кәпiр  деп  бiлу,  намаз  оқымайтын  әке-шешелерiнен  безiп  олармен  қарым-

қатынастарын  үзу,  намаз  оқымайтын  адамға  «тәкфир»  шығару.  Ендi  осы 

адасқан  ағымдардың,  ислам  атын  жамылған  керi  ағымдардың  бiрi  «Әт-

тәкфирул  уәл-хиджра»  және  өздерiн  «Ахлу  сунна  уал-жамағат»  тобына 

жатқызатын  ағым  «Сәлафус  солихин»  (бұрынғылар  жолы)  жайында  айтып 

өткiм  келедi.  Тәкфиршiлердiң  арабша  аталуы  –  «ат-Тәкфир  уал-хиджра» 

қазақша «тәкфир және хиджра», ат-Тәкфир және хиджра жамағаты өздерiн ғана 

мұсылман, ал, қалғандарын кәпiр санайды. Сондықтан жамағаттың аты да өзiне 



12 

 

сай  тәкфир,  яғни  жамағаттан  басқаларды  кәпiр  дейтiндер  және  хиджрат,  яғни 



басқалармен араласпайтындар деп аталады. Жамағаттың алғашқы идеологиясы 

Мысыр түрмелерiнде өрiс алып, соңынан бостандыққа шыққан мүшелерiнiң ой-

пiкiрлерiнен тұжырымдалады. Бұл ағым сенiмдердiң негiзi хауариж ағымының 

тәкфир ұғымына құрылады. 

Хауариж  –  ислам  тарихында  ең  алғаш  пайда  болған  кереғар  ағым.  Бұл 

ағымның  мүшелерi  III  халифа  Оспан  бин  Аффанды  және  IV  халифа  Әли  бин 

Әбу Талибтi қастандықпен өлтiргенiн бiлемiз. Осы хауариж ағымына жататын 

қарулы  жиїадты  насихаттайтын  топтың  бiрi  неосәлафизм.  Бұл  –  жiкшiл 

сепаратистiк  экстремистiк  ұйым  екенiн  бiлемiз.  Қазiргi  таңда  қарулы  жиїадты 

насихаттайтын  өз  ғалымдары,  радикалдық  ислам  идеологиясының  өз 

жаршылары бар. Мен де өз бетiмше жасырын бiлiм iздеп, мешiт имамдарынан 

«iстеп  жатқан  амалым  дұрыс  па,  әлде  бұрыс  па?»  деп  сұрамадым. 

Тәкаппарлығым  басым  болып,  өзiмнiң  iстеген  амалым  дұрыс  деген  шешiм 

қабылдадым.  Қарулы  жиїадты  насихаттайтын  Әбу  Мұхаммад  ал-Мақдиси, 

шейх  ал  Худайр  ал-Худейр,  Саид  абу  Саад,  тағы  басқалардың  жиїад  жайлы 

бейнетаспаларын  көрiп,  үнпарақтарын  ғаламтордан  көшiрiп,  кiтапшаларын 

алатынмын.  Саид  Бурятскийдiң  бейнетаспаларын  қарап  жүргенiмде  менiң 

қоғамға деген көзқарастарым өзгере бастады. Мен осылай екi адасқан ағымның 

жетегiнде  жүрдiм.  Бiлiмiмнiң  таяздығынан,  дiни  сауаттылықтың  жоқтығынан 

асығыс 


шешiмдер 

қабылдайтынмын. 

Себебi, 

Құран 


аяттары 

мен 


Пайғамбарымыздың  хадистерiн  түсiнбей  тiкелей  қабылдап,  дiни  радикалдық 

бағыттағы қарулы жиїадшы, зорлық-зомбылықты насихаттайтын «Ат-тәкфирул 

уал-хиджра» сепаратистiк экстремистiк ұйымының көзқарасында болдым. 

Мен  өз  ойымнан,  өз  көзқарасымнан  қайтпаған  едiм.  Осы  жамағатта  бiр 

жылдай  жүрдiм.  Алты  айдан  соң  менi  ұлттық  қауiпсiздiк  комитетi 

қызметкерлерi  ұстап,  2012  жылдың  27  желтоқсанында Шам  өлкелерiнде орын 

алып  жатқан  қарулы  жиїад  тұжырымдарын  насихаттағаным  үшiн  қамауға 

алындым. 

2012  жылы  осы  өңiрде  жiберген  қателiктерiм  үшiн,  дәстүрлi  емес 

бағыттағы  исламды  насихаттағаным  үшiн  маған  қылмыстық  iс  қозғалды.  Сот 

үкiмiмен  ҚР  ҚК-нiң  233-бабының  1-тармағымен,  167-бабының  1-тармағымен 

алты жылға бас бостандығымнан айрылдым. Қазiр мен Шымкент шаїарындағы 

ИЧ-167/3 түзеу мекемесiнде жалпы режимде жазамды өтеп жатырмын. Әр апта 

сайын  имам-теологтармен  кездесу  арқылы  дәстүрлi  дiни  көзқарасым 

қалыптасты.  Ханафи  мәзїабы  бойынша  сабақ  алып,  көкейiмде  жүрген 

сұрақтарға жауап алып, олармен ой бөлiсiп, дiни сауатымды арттырдым. Менiң 

Ислам дiнiндегi жиїад турасында да түсiнiгiм, көзқарасым Аллаға шүкiр, жақсы 

қалыптасқан. Жиїадты әр адам әрқалай түсiнедi. Жиїад – араб тiлiндегi «жуїд» 

түбiрiнен  шыққан.  Ол  «белгiлi  бiр  мақсатқа  жету  үшiн  жiгер-күшiн  салу, 

күресу»  деген  мағынаны  бiлдiредi.  Ал,  шариғаттағы  мағынасы:  ақиқат  үшiн 

күресу, хақ дiнге шақыру. Құранда жиїадқа байланысты аяттар бiрнеше жерде 

келгенiмен,  оның  барлығы  қолға  қару  алып  соғысқа  аттану  деген  мағынада 



13 

 

емес.  Шариғатта  имамның  мемлекет  басшысының  рұқсатынсыз  соғысуына 



тыйым салынған. Имамға, мемлекет басшысына бойұсыну жайлы  Алла тағала 

«Әй,  мүминдер!  Аллаға  бойұсынып,  Пайғамбарға  әрi  өздерiңнен  болған  әмiр 

иелерiне бойұсыныңдар» (Ниса 59-аят) дейдi. 

Сондықтан  Қазақстан  азаматтарына  Елбасының  және  дiни  басқарманың, 

сонымен  қоса  ата-ананың  рұқсатынсыз  сыртқа,  басқа  жерге  жиїадқа  аттануға 

болмайды.  Оқырмандарға  айтарым,  бұл  өмiрде  тез  арада  шешiм 

қабылдамаңдар.  Бауырларыма,  туысқандарыма,  аға-iнiлерiме,  жолдастарыма 

ислам  дiнi  атын  жамылған  терiс,  кереғар,  адасқан  жолға  түсiп  кетпеулерiн 

ескертемiн.  Қазақстандық  жұртшылыққа,  жастарға  айтарым,  өз  беттерiңше 

ғаламтордағы  дiни-саяси  «қойыртпақтардан»  бiлiм  iздемеңдер.  Имам-

теологтармен  ақылдасыңыздар.  Иә,  мен  қателестiм.  Сол  қателiктерiмдi  түсiне 

отырып, кереғар ағымдардың жетегiнде жүрген жастарға айтарым, адаспайық, 

бауырлар,  тәубеге  келейiк.  Қазақта  «Адамға  ұл,  Құдайға  құл  болайық»  деген 

даналық  сөз  бар.  Мұхаммед  Пайғамбарымыз  салып  кеткен  оң  жолдан 

алыстамайық, ағайын! 

С. БЕГАЙДАРОВ,  

ИЧ-167/3 мекемесiнде жазасын өтеушi. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


14 

 

ДІНИ САУАТСЫЗДЫҚ – ОРНЫ ТОЛМАС ӨКІНІШ 

Ата-бабаларымыз көп жылдардан бері армандап келген бейбітшілікке қол 

жеткізгенімізге  24  жыл  болды.  Осы  жылдар  барысында  Ислам  діні  өсіп, 

дамыды. Жаман айтпай жақсы жоқ, дегендей, дініміз қанша өсіп, дамығанымен 

әділетсіз  ағымдар  да  (Хизбут  Тахрир,  зікіршілер,  уахабизм,  неосалафизм, 

таблиғи  жамағат,  тәкфиршілер)  көбейе  бастады.  «Ислам  діні  73  ағымға 

бөлінеді,  осылардың  арасында  тек  қана  бір  жолы  бағытты,  қалғандары 

жаңылыстырады»,- деген екен Пайғамбарымыз (с.а.у). 

“Таблиғ  жамағат”  мүшесі болғандығым.  2010  жылдан бастап намаз оқуға 

мешітке көп баратын болдым. Мешіт имамынан мені қызықтырған сұрақтарға 

жауап сұрадым, бірақ сұраққа тиесілі жауап алмадым. Себебі имамдарды дұрыс 

қабылдамайтынмын  оларда  білім  жоқ  деп  ойладым.  Сол  кезде  “Таблиғ 

жамағат”  мүшелері  лақап  атты  Абдулла,  Қырғызстан  азаматы  Алла  Тағаланы 

қадірлеу керектігін, дін туралы айтып жүргендерін естідім. Мен өз ойымнан, өз 

көзқарасымнан қайтпаған едім. Осы жамағатта төрт жылдай жүрдім. Сол күнге 

дейін менде дін туралы еш қандай білім жоқ еді. Бір күні Қырғызстаннан келген 

осы  ағымның  мүшелері  Омар,  Ильяс  маған  Алла  жолына  3  күнге  шық,  осы  3 

күн  ішінде  бүл  дүниеге  неге  келгеніңді  түсінесің,  өміріңнің  соңына  дейін 

бақытты  боласың  деп  ұсыныс  білдірді.  Менің  дін  туралы  білімім  жоқ 

болғандықтан,  еш  ойланбай  бүл  ұсынысқа  келісіп,  3  күндік  Алла  жолына  3-4 

рет  адамдарға  уағыз  айтуға  шықтым.  Содан  кейін  2013  жылы  17  қаңтарда 

Бангладешке адамдарды “Алла жолына” шақыруға бардым. Бангладештен 2013 

жылы 19 ақпан күні қайтып келдім. Бангладеште “Таблиғ жамағат” тың үлкен 

Тунгур (төрт қабатты ғимаратты үй) атты орталығы бар екен. Осы орталықта 3 

күн  болып  “Фазайл  амал”  атты  кітабын  және  алты  сипатты  ұстаздардың 

айтқанын  тыңдадым,  Қырғызстаннан  7  кісі,  Қазақстаннан  3  кісіні  1  топ  етіп, 

бізге  1  имам,  1  аудармашы,  1  қызметші  қосып,  13  адам  болып  Алла  жолына 

адамдарды насихаттауға шақыруға жіберді. 

Менің  дін  туралы  білімім  болмаса  да  адамдарды  Алла  жолына  еш  бір 

дәлелсіз,  өзім  есіткен  және  ойлап  тапқан  мысалдарды,  Тамим  (р.а)  вулканды 

тоқтатып  қойды,  Саад  ибн  аби  Уаққас  судың  үстінен  жүріп  өтті  және  тағы 

басқа мысалдарды келтіріп насихаттадым. 

Бұны ,көрген ҰҚК қызметкерлері менің іс-әрекетім заңға қайшы екендігін 

бір неше рет ескертті. Бірақ мен өз дегенімнен танбай, өзімдікі дұрыс деп санап 

насихаттауды  доғармадым.  Мен  қазіргі  күні  Шымкент  қаласындағы  ИЧ  167/3 

мекемесінде  жазамды  өтеп  жатырмын.  Бізге  имамдар,  теологтар  дін  туралы 

түсінік  беруде.  Олар  маған  Құран  Кәрімнен  дәлелдер,  мысалдар  келтіріп, 

“Таблиғ  жамағат”  тың  ханафи  мазһабына  сай  келмейтін  іс-әрекеттерін 

салыстырмалы  түрде  түсіндіріп  берді.  Мен  терең  ойландым.  ИЧ-167/3 

мекемесіндегі  кітапханаға  барып,  білім  ала  бастадым.  Имам  Ағзам,  имам 

Матруди  кітаптарын  және  “Дін  мен дәстүр”  “Ислам  ғылымхалы”,  “Отан  және 

кереғар  ағымдар”  атты  кітаптарынан  және  “Ислам  өркениеті”  газетін  көп 

мақалаларды  оқыдым.  Кітапханадан  білім  алып,  бұрын  “Таблиғ  жамағатты” 



15 

 

насихаттап  жүрген  кездерім  туралы  ойландым.  Отбасымызды  тастап,  Біз  бір 



айда Алла жолына деп 3 рет шығамыз, қалған 27 күн шайтан үшін болғаны ма? 

1  жылда  40  күн  Алла  жолында  болып,  қалған  күндері  шайтан  жолында 

болғанымыз ба? Алла жолына шықпағандардың барлығы шайтан жолында ма? 

Білімсіздік  бізді  көп  адастырды.  “Таблиғи  жамағат”  тобында  жүрген  адамдар 

ата-анасы  қойған  есімдерін  ауыстырып  Абдуллах,  Омар,  Абу  Бэкір,  Усман, 

Али, Абу Хурайра деп өзгертіп тастаған, оларды жалған есімдерімен іздеп таба 

алмайсын. Мен Қырғыз қауымымен бір рет, Алматы қауымымен екі рет “Алла 

жолына” шықтым, бірақ оларды еш қайсысын шын аты-жөнін тегін білмеймін. 

Насихаттаушылардың  адасқан  жері,  өздері  ойлап  тапқан  жалған  мысалдарын 

Пайғамбардан  (с.а.у)  келген  хабарлама  деп  адамдарды  сендіргені. 

Пайғамбарымыз  (с.а.у):  «Кімде-кім  біздің  осы  ісімізге  қатысы  жоқ  жаңалық 

енгізсе,  онда  оның  ісі  қайтарылады»-деді.  (Бұхари,  2697)  Егер  біздер  құран 

тәпсірлері мен хадистерге зер салып қарар болсақ, мағынасына жете мән берсек 

 –  онда  құран  мен  хадистің  де адам  баласын ілім  мен  білім  үйренуге 

шақырғанын  байқаймыз.  Таблиғи  жамағаттың  үй  аралап  үш  күндік  немесе 

қырық  күндік  деп  жүруі  шариғаттың  талабына  сай  келмейді.  Сол  үшін 

жоғарыда  Алла  Тағала  және  Пайғамбарымыздың  (с.а.у.)  аят-хадистерде 

айтқандай  діни  білім  алуымыз  керек  екен.  Менің  мұсылман  бауырларыма 

айтатыным Алла Тағала «Білмесеңдер ғылым иелерінен сұраңдар» деген аятты 

негізге  ала  отырып  отандық  ғылым  иелерінен,  имам-теологтардан  білім 

алыңыздар, өз беттеріңізше білім алу ол адасу кейін өкініп жүрмеңіздер. 

Насихаттаушылар  дүние  ілімін  теріске  шығарады,  дінсіздік  деп  айтады. 

Қазіргі  күнде  техника  дамыған  кезде  әрине  дүние  білімі  қажет, 

балаларымыздың жақсы білім алуы үшін, біреудің қолына қарап қалмауы үшін 

Елбасымыз  Н.Ә.  Назарбаевтың  әділ  саясаты  арқасында  елімізде  тыныштық 

орын  алған.  Біз  осыны  қадірлеуіміз  қажет.  Сондықтан  бауырластар,  мен 

сіздерді  білім  алуға  шақырамын.  Өйткені  Алла  Тағала  Құран  Кәрімде  айтқан: 

«Білімділер мен білімсіздер тең емес?» деген. 

Біз  білімді  болмасақ,  адасқан  ағымдарға  немесе  дінді  өзінің  түсінігімен 

түсінгендерге қосылуға жол береміз. Дұрыс жолдан адасып, ата-ана, бала-шаға, 

отбасынан  айрылып,  түрмеде  отырғаннан  гөрі,  алдын-ала  дінді  жақсы  білетін 

ғұламалардан, имамдардан білім үйренсек, тура жолда боламыз. 

Мені дұрыс жолға қайтарған теолог Икрам Айтаев және басқа имамдарға 

өз  алғысымды  білдіремін.  Адасқандардың  дұрыс  жолға  қайтуына  Алла 

Тағаланың өзі көмектессін. 

Осы  жоғарыда  жазылған  шынайы  ой  пікірлерімді  газет-журналдарға, 

бұқаралық  ақпарат  құралдарына  жариялауға  келісімімді  беремін,  себебі 

қоғамдағы  діни  мәселелерге  өзімнің  тарапымнан  болған  қателіктерді  ескере 

отырып, өзге адамдар  және  ҚР  азаматтары  діни жолда жүрген  адамдарға діни 

мәселелерді  талқылау  кезінде  білім  иелерімен  мәселелерді  шешуге  ой-

пікірлерімді  қосамын.  Маған  ИЧ-167/3  мекемесі  қызметкерлері  және  имам, 

теолог  тараптарынан  моральдық-психологиялық  қысым  болған  жоқ.  Арыз 



16 

 

шағым  қояр  талабым  жоқ.  «Білімсіздік  –  ол  өкініш  жолы»  атты  мақаланы  өз 



еркіммен, саналы түрде түзелу жолына нық түсіп жазып отырмын. 

М.Турашов  

                                                       ИЧ-167/3 мекемесінде жазасын өтеуші     

         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

17 

 

АЛЛАНЫҢ МЕЙІРІМІН ӘЛЕМГЕ ТАРАТАЙЫҚ 

«Отырардың  күйреуі»  атты  кітаптан  мынадай  жолдарды  оқып,  терең  ойға 

берілгенім  бар  еді:  «Шыңғыс  қаһан  түмендерінің  қоршауында  қалып,  оты-

рарлықтардың  басына  қасіретті  күндер  туған  сындарлы  кезеңде  Отырардың  бір 

ғалымы  кітапхана  тағдырына  алаңдап,  ғасырлар  бойы  жинақталған  алтыннан 

қымбат  асыл  кітаптарды  жаудың  суық  қолынан  аман  сақтап  қалудың  қамымен 

кітапхана  хұжыраларын  аралап  жүріп,  қолына  бір  кітапты  алып,  бетін  ашып 

оқиды: «Ертеде парсы еліне үнді елінен бір піл әкелінеді. Піл көрмеген қала жұрты 

пілді тамашалу үшін сол піл орналасқан жабық қора алдына жиналады, бірақ қора 

ішіне  барлығы  бірдей  сыймайтын  болғандықтан,  іште-рінен  төрт  адамды  таңдап 

қораға кіргізеді, өздері сол төрт адамның көрген-білгендері арқылы пілдің қандай 

жануар екендігін білуді ұйғарады. Қораға кірген әлгі төртеуі қараңғы қора ішінде 

пілді  анық  көре  алмай,  қолдарымен  сипалап  көреді;  бірі  қабырғасын  ұстап,  бірі 

құлағын  ұстап,  бірі  ұзын  тұмсығын,  ал  бірі  аяғын  ұстап  көреді.  Сыртқа  шыққан 

соң қалың жұрт қаумалап әлгі төртеуінен: «Піл қандай жануар екен?», – деп сұрай 

бастайды.  Қабырғасын  ұстап  көрген  кісі:  «Піл  деген  үлкен  дуал  тәрізді  жануар 

екен», – дейді, құлағын ұстап көргені: «Піл жалпақ жапырақ секілді екен», – дейді. 

Тұмсығын  ұстап  көргені:  «Піл  деген  ұзын  түтік  тәрізді»,  –  деп  салады,  ал  аяғын 

ұстап  көргені:  «Жоқ,  піл  дегенің  жуан  діңгекке  ұқсас жануар»,  –  деп  даурығады. 

Төртеуінің төрт түрлі сипаттамасынан қалың жұрт ештеңені түсінбей аң-таң, әрі-

сәрі күйге түседі. Әлгі төртеуі өз білгендерін дұрыс деп  дәлелдеп, бір-бірлерімен 

айтысып-тартысып  әлек  болады.  Сонда  оларды  сырттай  бақылап  тұрған  бір 

данагөй:  «Әттеген-ай,  қолдарына  шам  алып  кіргенде,  пілдің  кескін-тұлғасының 

қандай екендігін айқын көрер еді ғой, қараңғылықтың кесірінен өздері де шатасты, 

қалың  жұртты  да  шатастырды»,  –  деп  күйінген  екен.  Айтса  айтқандай,  осы 

мысалдан байқарымыз, қараңғылық адамға ақиқатты жан-жақты қамтып тұтастай 

білуге  кедергі  келтіреді  екен,  ендеше  бүгінгі  білім  қуған  жастар  білім  алу 

барысында  ақиқаттың  бір  бөлігін  біліп  алып,  мысалдағы  төрт  бейбақ  секілді 

әрқайсысы ақиқаттың бір-бір ұштығын ұстап алып: «Менің білгенім дұрыс, сенікі 

бұрыс»,  –  деп  өзара  айтысып-тартысып,  дауласа  бермей,  қандай  да  мәселенің 

байыбына зиялы көзбен қарау керек секілді. 

«Бір Аллаға сыйынып

Кел, балалар, оқылық, 

Оқығанды көңілге, 

Ықыласпен тоқылық, 

Оқысаңыз, балалар, 

Шамнан  шырақ  жағылар»,  –  деп  Ыбырай  Алтынсарин  бабамыз  қазақ 

балаларын білімнің шырағын жағуға шақырған екен. 

«Білім  –  нұр,  білімсіздік  ол  –  қараңғылық».  «Зиялы»  деген  сөздің  өзі  араб 

тілінен  аударғанда  «зия»  –  «жарық»  деген  мағынаны  білдіреді.  Алла  тағала 

Құранның  «Бақара»  сүресінде  надандықты  төбесінен  қою  бұлт  төнген  қараңғы 



18 

 

түнге, ал білімді сол қою қараңғы түнді жарқылымен жарық еткен жасынға теңеп 



былай  дейді:  «(Найзағай)  әрбір  сәт  оларға  (жолаушыларға)  жарық  түсірген  кезде 

олар  сол  жарықпен жүреді, ал  (жасын  жарығы  сөніп)  оларды  қараңғылық  басқан 

кезде  олар  тоқтайды,  егер  Алла  қалаған  болса,  олардың  есту  қабілеттерін  және 

көздерін алып қояр еді, шын мәнісінде Алланың барлық нәрсеге құдіреті жетеді». 

Аят  тәпсірінде  қою  бұлт  торлаған  қараңғы  түн  –  надандық  пен 

имансыздықтың  мысалы,  ал  жарқылдаған  жасын  мен  оның  жарығы  –  қасиетті 

Құран ілімінің мысалы ретінде түсіндіріледі және осы аяттағы жасын жарқылынан 

түскен жарықты арабша «зия» етістігімен баяндайды. 

Иә, Ислам діні адам ба-ласын зиялы білімге, сәулелі санаға үйретеді. Қазіргі 

қазақ қоғамындағы дін аясындағы қарама-қайшылықтардың басты себебі осы бір 

зиялы  да  сауатты  білімнің  жетіспей  жатқандығы-нан  деп  түсінемін.  Сондықтан 

Алланың  кеңшілігінің  арқасында  азды-көпті  білімге  қол  жеткізген  жігіттер  ел 

ішінде уағыз айтып, айналасына жамағат жиып, дәстүрлі дінге қайшы дәйектерін 

айтпастан  бұрын  өзіндегі  бі-лімнің  қаншалықты  дұрыс  және  қаншалықты 

толыққанды  екен-дігін  терең  оймен  елеп-екшеп,  Алла  тағала  аманатының 

аспандар  мен  жер  көтеруден  бас  тартып,  таулар  үгітіліп,  тас-талқаны  шығардай 

ауыртпашылығы мен жауапкершілігін әділетті ар-иман таразысына салып, мұқият 

өлшеп алулары маңызды деп ойлаймын. 

Қияметтің  алдында  болатын  үлкен  фитналардың  (іріткі)  қараңғы  түндей 

сипатта белең алатындығы жайлы Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Сендердің алдарыңда 

қараңғы түннің бөліктеріндей фитналар тұр…», – деген, ал осы фитналар жайында 

ескертіп келген хадистің Әбу Һурайра риуят еткен нұсқасында Алла елшісі (с.ғ.с.): 

«…(Сол кезде) адам дүние пайдасы үшін дінін сатады», – деп есекертеді. 

Сондықтан  мұсылман  ретінде  дін  мәселесіне  бей-жай  қарамай-тын  көзі 

қарақты оқырмандарға  айтарым:  дінге  – саяси  айламен емес,  байлыққа ұмтылған 

ашкөз мүддемен емес, атақ-даңққа бөленемін деген құмар желікпен емес, ғажайып 

сиқырлы күйге бөленемін деген алдамшы соқыр сезіммен емес, өзгеге үстемдігім-

ді  жүргіземін  деген  астамшыл  өркөкіректікпен  емес,  ашық  көзді  ақ  адал 

жүрекпенен,  әлемдердің  хақ  иесі  Аллаға  шынайы  сенімдегі  құл  боламын  деген 

ықыласты  ниеттегі  нық  сеніммен;  зайырлы  да  зиялы  біліммен,  салиқалы  ізгі 

амалға  негізделген  игі  мақсатпен,  адамзат  қоғамына  Алланың  кең  мейірімін 

таратуға дәнекер боламын деген талпыныс көзімен ден қояйықшы. Өйткені, Алла 

тағала  өз  елшісі  Мұхаммед  (с.ғ.с.)  хақында..  «Біз  сені  әлемдерге  мейірім  қылып 

қана жібердік», – деп айтқаны бізге үлгі болуы тиісті емес пе! 

Дініміздің тарихынан ойып тұрып орын алған, келешек ұр-пақтарына жарқын 

із  бен  даңғыл  сүрлеу  қалдырған  тұлғаларымыз  –  Пайғамбар  аманатын  арқалаған 

сахабалар мен табиғиндердің және олардың ісін жалғастырған Имам Әбу Ханифа, 

Имам  Мұхаммед,  Имам  Шафиғилердің,  т.б.  үммет  бақыты  мен  бірлік-ынтымағы 

үшін күресіп өткен өмір жолдарынан ғибрат алайық. 


19 

 

Тарих  тереңіне  үңілудегі  мақсат  –  одан  ғибрат  алу,  жаманынан  жиреніп, 



жақсысын үйрену, өткенге қарап болашаққа бағдар жасау. 

Өткенді  ұмыту  мен  шынайы  тарихын  білмеудің  соңы  жазушы  Ш. 

Айтматовтың «Мәңгүрт тура-лы аңыз» повесіндегі өзін жорық-та тұтқындап алған 

қожасы-ның қайрап салуы салдарынан «құлыным» деп мейірім құшағын жайған өз 

анасына  оқ  атқан  «мәңгүрттің»  кейпіне  түсу  болмақ.  Алла  бізді  ондай 

бақытсыздықтан сақтағай! 

Мәңгүрт  дегеніміз  –  санасында  өткен  өмірі  мен  өскен  ортасы,  әке-шеше, 

ағайын-бауырлары,  ел-жұрты  ұмытылып,  бүгінгі  көз  алдындағы  қожайыны  кім 

болса,  соның  ғана  құлы  болып,  қызметінде  жүретін  адам,  қожасының  берген 

тамағына телміріп, содан ғана қорқып, өткен өмірі жайлы мүлде ойламайтын, ата-

ана, ағайын-туысын танымайтын пенде. 

Бұрынғы  заманда  адамдарды  құлақ  кесті  құлға  айналдыру  үшін  тақыр 

бастарына  жаңа  сойылған  түйенің  мойын  терісін  қаптаумен  «мәңгүрт»  ететін 

болса, қазіргі технология дамыған заманда адамдар өзгеше жолдармен мәң-гүртке 

айналуда:  арақ-шарап,  есірткі-наша,  темекі-насыбай,  даң-ғыр-дұңғыр  музыка, 

теледидар  мен  интернет  беттеріндегі  арсыздық  пен  теріс  қылықтардың  алдамшы 

әңгімелері  мен  зорлық-зомбылық  қатігездіктерінің  тәулік  бойғы  үздіксіз 

көрсетілімдері  және  казинолардағы  құмар  ойындары  секілді  сананы  тұмшалап, 

рухани азғындыққа ұшыратуға апаратын сорақы нәрселер бүгінгі қазақ қоғамында 

белең алуда. 

Осының  нәтижесінде  адам-дар  моральдық  құлдырауға  ұшырап,  тарихы  мен 

дәстүрін  ұмытатын,  ата-ана,  туған-туысқа  деген  бауырмашылдық  қарым-

қатынастары бұзылып, тіпті өздерін жоқтан бар қылып жаратқан Ұлы Алланы еске 

алмайтын, Оған шүкіршілік етіп, дәргейіне жығылмайтын дәрежеге жетуде. 

«Шын  мәнісінде  арақ-шарап,  құмар  ойындары,  бәске  тігілген  тастар  мен 

бұттар – шайтанның лас істерінен, одан аулақ болыңдар», – деген Алланың сөзінде 

терең  мән  бар  ойланған  адам  үшін.  «Кәһф»  сүресінде:  «Алланы  еске  алудан  бет 

бұрып,  нәпсі  қалауына  ергеннен  артық  кім  залымырақ  болады,  оның  ісі  заяға 

кетеді», – деп айтылған. 

Алла тағала адамзат баласына ақыл-сана беру арқылы оны әлемдегі көптеген 

жаратылыстар-дан  артық  қылды,  ақыл-санамен  оның  мәртебесін  биікке  көтеріп 

ардақты  етті.  Ал  енді  түрлі  зиянды  нәрселерге  бой  ұру  арқылы  сол  бір  асыл 

ақылдан айырылатын болса, онда ол бұл өмірде де, ақыретте де бар жақсылықтан 

жұрдай  болып  бақытсыздыққа  ұшырары  ақиқат.  Нәпсінің  құмарлығы  мен  көңіл 

аңсарының  және  көкей  көксеуінің  жетегіне  ерген  адам  адасады,  білімнен  шет 

қалып,  надандық  шырмауынан  шыға  алмайды:  «Өзінің  көкей  қалауы  мен  көңіл 

аңсарын  табынар  құдайы  қылып  алған  біреуді  көрмейсің  бе?  Алла  оны  білімнің 

жолынан  адасушылықта  тастап  қойды,  әрі  оның  құлағы  мен  жүрегін  (білім-

танымнан) бітеп мөрлеп қойды, ал көзіне перде жасады, оны енді Алладан басқа 


20 

 

кім тура жолға сала алады, сонда да ақылға келмейсіңдер ме?», – дейді Алла тағала 



(«әл-Жасия» сүресі, 22-аят). 

Алланың пайғамбарының хадисінде: «Әйелдің құлы болған бақытсыз болды, 

киім-кешектің құлы болған бақытсыз болды, үй-жиһазының құлы болған бақытсыз 

болды,  динар  мен  дирхамның  (яғни  ақшаның)  құлы  болған  бақытсыз  болды»,  – 

делінген.  Әрине,  адамзат  жаралғалы  бері  оның  арғы-бергі  тарихына  зер  салар 

болсақ, бүкіл адамзаттың, мейлі ол қандай ұлт, не ру болмасын, не қандай бір ел, 

не  өркениет  болмасын,  әлде  жеке  тұлға  болмасын,  барлығының  ең  биік  аңсаған 

арманы мен діттеген мақсаты жалғыз ғана: бақытты өмірге қол жеткізу. Мұны бәз-

біреулері  сәнді  киімнен  іздеді,  Алла  тағала  бұл  жөнінде:  «Мал-дүние  мен  бала-

шаға  дүние  тіршілігінің  сәні  ғана,  ал  мәңгі  қалатын  ізгі  амалдар  сауап-сыйлық 

ретінде  және  үміт  арту  тұрғысынан  қайырлы»  (Кәһф),  –  деп  баяндады  және  де: 

«Кім  менің  жолыма  (Исламға)  еретін  болса,  ол  адаспайды  да,  бақытсыз  да 

болмайды»  (Таһа),  –  деп  құлдарына  асқан  жанашырлықпен  өсиет  етеді.  Алайда, 

адам  баласы  дін  тағылымына  немқұрайлы  қарап,  біліммен  санасына  сәуле 

бермейтін  болса,  надандыққа  бой  алдырып,  шын  бақыттың  сара  жолынан 

жаңылып,  тар  жол  тайғақ  кешуге  түсетін  болады:  «Кім  мені  еске  алудан  теріс 

айналатын  болса,  онда  оған  өте  тар  және  ауыр  өмір  беріледі,  әрі  қиямет  күнінде 

оны соқыр етіп тірілтеміз…» (Таһа), – деген Ұлы Алланың ескертпесі және бар. 

Ал  дін  тағылымына  немқұрайлы  болмай,  Алланы  және  оның  дінін  танып 

зеректік  танытатындар  жөнінде:  «Шын  мәнісінде  Алла-дан  қорқатындар  – 

ғалымдар»,  –  деп  айтқан  («Фатыр»  сүресі, 28-аят). Иә,  ғалымдар  әрқашан  бұқара 

халық үшін қараңғы түнде жол көрсетер шамшырақ секілді. Қазақ ойшылы Абай 

Құнанбайұлы өзінің «Ғақылия» атты қара сөздер жинағында өз заманындағы қазақ 

қоғамының  аға  буын  өкілдері  зиялы  білім  емес,  шен-шекпен,  билік-мансап 

қуғандығын,  ал  жастардың  арзан  ойын-күлкіге  алданғандығын  қатаң  сынға  ала 

отырып,  елді  жайлаған  надандыққа  күйініп-ашынады:  «Бұл  қазақтың  тегі 

мұңғұлдан  шыққандығы айып  емес, бірақ  сол мұңғұлдықтан  арылуға  тырыспауы 

айып», – дейді. 

Бұралаңы  көп,  күрмеуі  күрделі  жаһандану  заманының  асау  толқынына 

жұтылып  кетпес  үшін  бүгінгі  Қазақ  елінен  шыққан  көзі  ашық,  көкірегі  ояу 

зиялыларының  ұлан-байтақ  қазақ  даласының  біз  секілді  албырт  көңіл  жас 

ұрпақтарына  кешегі  зиялы  бабаларымыз  секілді  даналық  пен  білімнің,  дін  мен 

парасаттың  қақпасын  айқара  ашып,  болашағының  баянды  болуына  белсене 

атсалысулары  аса  маңыз-ды.  Қорыта  айтқанда,  дін  Ислам  тағылымының  төл 

тарихымызбен  қабысып  жатқандығын  ескере  отырып,  осы  саладағы  озық  ойлы 

дана бабаларымыздан ғұлама-имамдарымыздан үлгі алсақ деймін. 

                                                                          Мейрамбек МАҚҰЛБЕК,  



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет