Жаңарту сұранысы. Деректер қорында сақталған ақпаратты жаңарту «сыртқы әлемдегі» сәйкес өзгерістер болғанда қажет. Жаңартудың кіші бірлігі бір жолдағы бір баған мәні болып табылады.
UPDATE <кесте_аты>
SET баған_аты = <өрнек> [,…n]
[WHERE <таңдау_шарты>]
UPDATE инструкциясы бір кестеде таңдалған жолдағы бір немесе бірнеше бағандардың мәнін жаңартады. Инструкцияда өзгертілетін мақсатты кесте көрсетіледі, оған қоса қолданушының кестені толықтыруға, нақты бағанды жаңартуға рұқсаты болуы керек. WHERE ұсынысы жаңартылатын кесте жолдарын іріктейді. SET ұсынысында жаңартылатын бағандар көрсетіліп, оларға жаңа мәндер беріледі.
КАМАЗ компаниясы үшін несие лимитін 60000 үлкейту және оны Джанзаковаға бекіту (идентификатор 309):
UPDATE инструкциясы сұрыптау шартына сәйкес бірнеше жолды бір уақытта жаңарта алады.
Астанадағы барлық сатушыларды (идентификатор 51) Қарағандыға (идентификатор 52) ауыстыру және олардың жеке жоспарларын 10 пайызға төмендету:
Сұрыптау шарты орындалатын жолдар жаңартылады, ал сұрыптау шарты орындалмайтын жолдар жаңартылмайды. Берілген типтегі UPDATE инструкциясы кестеде жолдарды іздейді, кейде ол іздеуші деп аталады.
Тапсырмаларды орындауға қажетті әдістемелік нұсқаулар:
Оқулық материалды және түсіну кезінде негізгі түсініктемелерді ұғу және материалды бекіту арқылы жүргізілу керек. Тақырып бойынша терминдердің сөздігін құрастыр.
Негізгі әдебиеттер: 1-5
Қосымша әдебиеттер: 6-17
9 Деректердің тұтастығын қамтамасыз ету
Сұрақтар:
Алғашқы кілт дегеніміз не?
Сыртқы кілт дегеніміз не?
Мәндер ерекшеліктеріне аңықтама беріңіз.
Деректердің тұтастығын қамтамасыз ететін стандартты механизмдерді атаңыз.
FOREIGN KEY мен CHECK шектеулері мүмкін болатын мәндерді анықтаңыз.
Тапсырмалар:
Деректердің бар болуы
Мәннің шарты
Кестенің тұтастығы
Сілтемелі тұтастық
Мәннің шарты. Деректер қорындағы әрбір бағанда өзінің домені бар, ол - берілген бағанда сақталуына рұқсат етілетін мәндер жиынтығы. ДҚБЖ-ге нақты бір диапазонға кірмейтін мән жазбасы мұндай бағандарда мүмкін емес. Кесте құру кезінде әрбір бағанға нақты бір типті дерек бекітіледі, бағанға осы типті деректер енгізілуін ДҚБЖ қадағалайды. SQL Server деректер дұрыстығына тексерісті қамтамасыз етеді, қолданушыға көрсетілген бағанға қандай деректерді енгізуге болатынын анықтайтын ереже құруына мүмкіндік береді.
Бұл ереже бағанға теріс сандар жоспарын, 500000 асатын сандарды енгізуге тыйым салады. Ережелердің деректер қорындағы бағандарға немесе басқа объектілерге рұқсаты жоқ.
SQL2 стандарты деректер дұрыстығын тексеруде кеңейтілген қолдау көрсетеді, екі қосымша амал береді – баған мәніне шектеме және домендер.
Егер бағанға шектеме қойылса, онда әрбір қосылуда немесе жолдарының өңделуіне осы баған мәніне шектеме орындалуын ДҚБЖ аутоматты түрде тексереді. Баған шектеме кесте құру кезінде CHECK кілті сөзімен беріледі:
CREATE TABLE ПРОДАВЦЫ
( номер_продавца INTEGER NOT NULL,
..
план MONEY CHECK(MONEY>=0.0))
Берілген мысалда бағанға шектемені жоспар сатушыға жоспарлы сатылым көлемінен 0.0 кем беруге мүмкіндік бермейді.
Бағанда сақтала алатын көптеген мәндерді бейнелеуді домен дейміз. Ол CREATE DOMAIN инструкциясы бойынша құрылады, домен құрылған соң оны деректер қорындағы кестеден түрлі бағандарды анықтауға әдеттегі деректер түрі сияқты болса да қолдануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |