Оқу құралы жоғары оқу орындарының қазақ тілін үйренуші студенттеріне арналған. Тілдік материалдарды беруде тіл үйренушілердің жалпы білім беретін мектептен қазақ тілін үйреніп келгені ескерілген



бет49/244
Дата27.04.2022
өлшемі30,06 Mb.
#32567
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   244
Оқыңыз!

АСТАНА ҚАЛАСЫ ЖАСТАРЫНЫҢ БІРЛІК АПТАЛЫҒЫ

    «Бірлік апталығы» жастар фестивалі Астана қаласында 1999 жылдан бері өткізіліп жатыр. Қалалық студенттік іс-шара соңғы жылдары кең көлемде өтуде. Мерекелік апталықтың уақыты да кездейсоқ алынбаған, басталуы да, жабылу күні де атаулы күндерге сәйкес келеді, яғни, 10-қараша Астана жастары Бірлік күнін тойласа, 17-і дүниежүзі студенттерінің күні. Іс-шараны қалалық әкімдіктің қолдауымен Астана қаласының жастар Ассосациясы өткізеді. «Бірлік апталығы» бірнеше айтулы күндерді ұсынады:  Бірлік күні, Спорт күні, Шығармашылық күні, Еске алу күні, Мамандықтар күні, Күлкі мен әзіл-оспақ күні, Патриоттар күні, Жастар күні. Аталған күндердің әр қайсысында 5-6 іс-шаралар өткізіледі. Мәселен, «Еске алу күні» «Отан қорғаушылар» ескерткішіне гүл шоғын қояды, мұражайларға барып, ардагерлермен кездеседі. «Қамқорлық» акциясы кезінде студенттер  ардагерлер мен зейнеткерлерге көмек көрсетеді. Астана қаласы әкімінің кубогі үшін КТК музыкалық фестивалі, жастар балы, «Бірлік» алауы ұйымдастырылады. Осы бір кішігірім мейрам жастардың көңілінен шығады. Жылдан жылға өткізілетін іс-шаралар көбейіп, белсенді қозғалыстар мен ұйымдар жаңа ойларын алға тартуда. Бастамалар ұйымдастырушы комитеттің жиналыстарында талқыланып, соның қолдауымен іске асады. Фестивальдің басты мақсаты – «Бірлік түбі - тірлік!» ұранымен жастарды тәрбилеу.  



СТУДЕНТ КӨКТЕМІ

    Алғаш рет «Студент көктемі» Целиноград қаласында 1981 жылы өтті. Фестивальде жоғарғы оқу орындары өздерінің  шығармашылық өнерлерін көрсететін. Кейінірек, қабырға газеттері мен ақындар сайысы, сондай-ақ, КТК чемпионаты өткізілетін болды. 1992 жылы Ақмола «Студенттер көктемі» фестивалінің жеңімпаздары республикалық слеттің ақтық сынына қатысты. Алты жыл өткеннен кейін, қарамағына «Студент көктемін» алған,  бірінші «Болашақ Қазақстан үшін» жастар қозғалысы құрылды. Қала елорда болғалы фестиваль қала жастары өмірінің басты қызығына айналды. Жаңа «Студент көктемінің мырзасы мен ханымы» байқауы ұйымдастырылды. Ал фестивальдің жабылу салтанатында мерекелік бал өткізілді. Бүгінде фестиваль жеті күнге созылған мерекелік марафон іспеттес, оған қаланың ең белсенді әрі дарынды жастары қатысады. Спортшылар баскетбол, жүгіру мен теннистен жарысқа қатысып, бақ сынасады. Шығармашылық дарыны бар қыз-жігіттер авторлық және патриоттық әндер байқауын өткізеді.  Ақылдылар түрлі дебат турнирлерінде, конференция мен дөңгелек үстелдерде интеллектуалды сайыстар ұйымдастырады. Ал сұлулыққа жаны құмарлары сұлулар байқауы мен дизайнерлер көрсетіліміне асығады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет