Оқулық 2 басылым жоғары деңгей Астана, 2018 Қо с ы м ш а диск


Мағыналас сөздерді сәйкестендіріңіз



Pdf көрінісі
бет104/341
Дата25.01.2022
өлшемі10,63 Mb.
#24331
түріОқулық
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   341
3. Мағыналас сөздерді сәйкестендіріңіз.
1 – ____
жедел
А
жылдам
2 – _____
қарқынды
Ә 
сана
3 – _____
жаппай
Б  
артық
4 – _____
зерде
В 
сипат
5 – _____
озық
Г 
дереу
6 – _____
келбет
Ғ  
жапа-тармағай
7 – _____
ықпал
Д
әсер
4. Оқыңыз.
Көптеген  проблема  әлемнің  қарқынды 
өзгеріп  жатқанына  қарамастан,  бұқаралық  
сана-сезімнің «от басы, ошақ қасы» аясында 
қалуынан туындайды.
Бір қарағанда, жер жүзіндегі миллиардтан 
астам адам өзінің туған тілімен қатар, кәсіби 
байланыс  құралы  ретінде  жапа-тармағай 
оқып  жатқан  ағылшын  тілін  біздің  де 
жаппай және жедел үйренуіміз керектігі еш 
дәлелдеуді қажет етпейтіндей.


100

БӨ
ЛІМ
Еуропалық Одақтың 400 миллионнан астам тұрғыны ана тілдері – неміс, француз, испан, 
итальян  немесе  басқа  да  тілдерді    сыйламай  ма?  Әлде  100  миллиондаған  қытай  мен 
индонезиялықтар, малайлар ағылшын тілін еріккеннен үйреніп жатыр ма?
Бұл  –  бәз  біреулердің  әншейін  қалауы  емес,  жаһандық  әлемге  еркін  кірігіп,  жұмыс 
істеудің  басты  шарты.  Бірақ,  мәселе  бұған  да  тіреліп  тұрған  жоқ.  Сананың  ашықтығы 
зерденің үш ерекшелігін білдіреді.
Біріншіден, ол дүйім дүниеде, Жер шарының өзіңе қатысты аумағында және өз еліңнің 
айналасында не болып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді.  
Екіншіден, ол жаңа технологияның ағыны алып келетін өзгерістердің бәріне дайын болу 
деген сөз. Таяудағы он жылда біздің өмір салтымыз: жұмыс, тұрмыс, демалыс, баспана, адами 
қатынас тәсілдері, қысқасы, барлығы түбегейлі өзгереді. Біз бұған да дайын болуымыз керек.
Үшіншіден,  бұл  –  өзгелердің  тәжірибесін  алып,  ең  озық  жетістіктерін  бойға  сіңіру 
мүмкіндігі.  Азиядағы  екі  ұлы  держава  –  Жапония  мен  Қытайдың  бүгінгі  келбеті  –  осы 
мүмкіндіктерді тиімді пайдаланудың нағыз үлгісі.
«Өзімдікі ғана таңсық, өзгенікі – қаңсық», – деп, кері тартпай, ашық болу, басқалардың ең  
озық  жетістіктерін  қабылдай  білу,  бұл  –  табыстың  кілті  әрі  ашық  зерденің  басты 
көрсеткіштерінің бірі.
Егер  қазақстандықтар  жер  жүзіне  үйден  шықпай,  терезеден  телміріп  отырып  баға 
беретін  болса,  әлемде,  құрлықта,  тіпті  іргедегі  елдерде  қандай  дауыл  соғып  жатқанын 
көре  алмайды.  Көкжиектің  арғы  жағында  не  болып  жатқанын  да  біле  алмайды.  Тіпті, 
бірқатар ұстанымдарымызды түбегейлі қайта қарауға мәжбүрлейтін сыртқы ықпалдардың 
байыбына барып, түсіне де алмай қалады.
(Н. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» http://www.akorda.kz) 
5. Мәтін мазмұны бойынша маңызды деп санайтын екі сұрақ қойыңыз.                             


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   341




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет