Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016


Боғдыхан - қытай императорының монғол тіліндегі атауы. Стелла -



бет28/251
Дата11.05.2023
өлшемі0,62 Mb.
#91911
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   251
Байланысты:
О улы 8 аза стан Республикасыны Білім ж не ылым министрлігі

Боғдыхан - қытай императорының монғол тіліндегі атауы.
Стелла - ескерткіш құлпытас.
Шежіре - қазақтардың генеалогиялық кестесі, тарихи жылнама.


Бұқар жырау Қалқаманұлы (1693-1787) - қазақтың әйгілі ақын-жырауы, мемлекет қайраткері, Абылай ханның бас кеңесшісі.
Әмірсана (1722-1757) - жоңғар нояны, Давацидің бақталасы, елдің күйзеліске ұшыраған кезінде Жоңғария ханы тағына отыруға үміттенді. Әмірсана 1755 жылы Қытайдың Цинь империясына қарсы көтеріліс ұйымдастырды.



«...Сұлтан Абылай тап сол кезде күн өткен сайын күшейе түсті.
Өзімен замандас қырғыздардың (қазақтардың. - авт.) қай-қайсысынан болса да тапқырлығы мен тәжірибесі жағынан артық, ақыл-парасаты жағынан әбден танымал, қол астындағы халықтың саны жағынан қуатты әмірші. Үш жүзге өзінің Орыс мемлекетінің императорымен де, Қытай боғдыханымен де қарым-қатынасы арқасында даңқы артқан Абылайдың бойында Орта жүздің билеушісі болуға қажетті құқықтың бәрі де сай еді. Өзінің артықшылықтарына әбден сенімді ол өз жақтастарының бәрін де айбынымен, салиқалы мінез-құлқымен таңғалдыра қызықтырып, өзіне тарта білетін, өзінің жауларын күш көрсете қорқыта алатын, ал әрбір қалыптасқан нақты жағдайға қарай өзін бірде орыстардың қол астында, бірде қытайлардың қол астында болғаидай ұстай білетін, бірақ іс жүзінде ешкімді мойындамайтын тәуелсіз билеуші еді, Оның бұл қасиеті әсіресе 1771 жылдан кейін ерекше айқын көрінді. Ол бұл кезде Ресейге сырттай болса да бағынышты сияқты болып көріну туралы ойлауды да қойды, екіжүзділік жасамай-ақ, өзін нағыз дербес те тәуелсіз ханмын деп атай бастады».
Левшин А. И. Қырғыз-қазақ, немесе қырғыз-қайсақ ордалары мен даласының сипаттамасы. - Алматы, 1996, 254-бет.



& 8. Қазақ Е. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қатысуы


1773-1775 жылдары Ресейде аса ірі шаруалар көтерілісі болып өтті. Оны Емельян Пугачев басқарды. Ол өзін Ресейдің III Петр патшасымын деп жариялады. Көтеріліске шыққан шаруалардың басым көпшілігі Орал казактары еді. Олар казактардың ежелгі еркіндігі мен артықшылықтарын жоюға, әкімшіліктің озбырлы- ғына қарсы шықты. Бұл көтерілістің өзіндік ерекшеліктерінің бірі - оған Ресей империясындағы әртүрлі халықтардың өкілдері: башқұрттар, татарлар, қалмақтар белсене қатысты. Көтерілістен Кіші жүз бен Орта жүз қазақтарының бір бөлігі де сырт қалған жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   251




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет