Оқулық А. С. АқтАновА, А. К. ЖундибАевА, Л. К. ЖұмеКеновА



Pdf көрінісі
бет4/74
Дата31.12.2021
өлшемі1,58 Mb.
#21788
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   74
4-тапсырмаЕртегіні кімдер зерттеді? М. Әуезов қандай пікір айтқан?
5-тапсырма.  Ұсынылған  графикалық  органайзер  бойынша  ертегі 
түрлеріне анықтама беріп, дәптерге жазыңдар. 
?
!


7
Ертегі
Қиял-ғажайып 
ертегілері
Жан-жануарлар 
туралы ертегілер
Шыншыл 
ертегілер
Ертегілердің ұқсастықтары
Аßз би
(Ертегі)
Ертеде  Мадан  деген  хан  болыпты.  Оның  ақылы,  тапқырлығы 
өзінің  заманындағы  көп  хандардан  артық  екен.  Õанның  қырық 
уәзірі бар екен. Бір күні хан уәзірлерімен мәжілістес болып отырып:
–  Óәзірлерім!  Сендер  қырқың  да  асып  туған  ақылды,  даныш-
пан едіңдер. Мен сендерді бір жұмысқа жұмсаймын, сендер маған  


8
дүниедегі адамның жаманын, құстың жаманын және шөптің жа-
манын тауып әкеліңдер. Он бір ай уақыт беремін. Сол он бір айдың 
ішінде тауып әкелмесеңдер, жазалы боласыңдар, – депті.
Õан бұйырған соң, амал жоқ, уәзірлері өзара ақылдасып, іздеуге 
кіріседі.
Көп іздеп, азап шегіп, шеңгел деген шөпті тауып: «Өзі – тікен, 
арасынан жүрсе киім жыртады, мал жемейді екен, шөптің жама-
ны осы ғой», – деп шеңгелді алады. Қырғауыл деген құсты тауып: 
«Үстінде жүні жоқ, ұсқыны келіссіз, құстың жаманы осы екен», – 
деп қырғауылды атып алады. Енді адамның жаманын таба алмай, 
қырық  уәзір  келе  жатса,  таудың  етегінде  үстінде  жыртық  тоны, 
басында тері тымағы бар, ұсқынсыз бір адам бес-он қойды бағып 
жүр екен. Óәзірлер таңырқап: «Адамның жаманы, сірә, осы болар-
ау», – деп тұрғанда, әлгі адам:
–  Óа, мырзалар, неге таңырқайсыңдар? – депті.
Óәзірлер  ханның  сондай  бір  жұмысқа  жұмсағанын,  шөптің, 
құстың  жаманын  тауып,  енді  адамның  жаманын  таба  алмай,  ол 
адамның ұсқынын көріп таңданып: «Адам жаманы осы болар», – 
деп таңырқап тұрғандарын айтыпты.
Жаман тұрып:
–  Болды,  адамның  жаманы  керек  болса,  мен  боламын.  Õанға 
мені алып барсаңыз, сіздердің жұмысыңыз бітеді, – дейді.
Óәзірлер:
–  Олай  болса,  жарайды,  –  деп  Жаманды  аттың  артына 
мінгестіріп алып, ханға жөнеледі. Õанға келе жатып, Жаман:
–  Адамның жаманын тауып алдыңыздар, бірақ шөптің, құстың 
жаманын  таба  алмаған  екенсіздер.  Шөптің  жаманы  –  қарақоға, 
құстың  жаманы  сауысқан  еді,  –  деп  уәзірлерге  қырғауыл  мен 
шеңгелді тастатып, олардың орнына қарақоға мен сауысқанды ал-
дырады. Óәзірлер мәнісін сұрайын деп еді, ол:
–  Õан  алдында  айтам,  –  деп  сөйлемеді.  Óәзірлер  келген  соң, 
хан әкелген адамның ұсқынына қарап:
–  Әкелген  адамың  жарайды.  Мұнан  жаман  кісі  дүниеде  жоқ 
шығар.  Қазір  аспазшыға  апарыңдар,  көже  мен  нан  берсін,  сый-
ласын. Ертең ортаға алып, тамаша етеміз, – деп Жаманды асүйге 
жіберді.


9
–  Бірақ  құстың  жаманы  мен  шөптің  жаманын  таба  алмаған 
екенсіңдер. Құстың жаманы – қырғауыл, шөптің жаманы шеңгел 
еді. Осыны көре, бұларды әкелулеріңнің не мәні бар еді? – деп хан 
уәзірлеріне қатулана бастады.
Сонда уәзірлер:
–  Тақсыр, айтқаныңыз дұрыс. Біз шөп жаманы деп шеңгелді, 
құс жаманы деп қырғауылды алып едік. Бірақ жолшыбай әлгі Жа-
ман: «Шөптің жаманы – қарақоға, құстың жаманы – сауысқан», – 
деп, бізге оларды тастатып, қарақоға мен сауысқанды алдырды, – 
деп жауап берді.
Õан аз кідіріп:
– Е, Жаманның не білгені бар екен?! Шөптің жаманы – қара- 
қоға,  құстың  жаманы  сауысқан  екенін  қайдан  білді?  Алып  кел, 
сұралық! – деп бұйрық етті. Жаманды ханға алып келді.
Õан Жаманның бетіне қарап:
– Мен құстың жаманы – қырғауыл, шөптің жаманы – шеңгел 
деп ойлаушы едім, сен оларды уәзірлерге тастатыпсың. Сен шөптің 
жаманы  –  қарақоға,  құстың  жаманы  сауысқан  екенін  қайдан 
білдің? – деді.
–  Тақсыр  хан,  елу  жасқа  келіп  жаман  болған  жоқпын, 
жасымнан-ақ жаман едім. Өмірімде отын-су тасып, еткенім кісінің 
құлшылығы  болды.  Сол  уақытта  шеңгелді  әкеліп  отқа  жақсам, 
кешке жаққан отым ертеңге дейін сексеуілдің шоғындай жайнап 
жататын еді. Сол уақытта: «Киім жыртып, мал жемейтін шеңгел 
отын ретінде пайдаға асады екен-ау», – деп ойлаған едім. Ал енді 
қарақоғаны алып отқа жақсам, отқа жанбайтын еді, үрсем, жалы-
ны мен шоғы бірге сөніп, күлі бұрқырап, үйдің ішін алып кететін 
еді. Отқа жанбаған соң, апарып малға салсам, мал жаманы сиыр 
екеш,  сиыр  да  мұрнын  шүйіріп  жемейтін.  Сонан  соң  қарақоға 
тіпті пайдаға аспайтын шөп қой деп ойлаушы едім. Қарақоғаның 
жамандығын содан білдім, – деді Жаман.
– Сауысқанның жаман екенін қайдан білдің? – деді хан.
– Қырғауылдың жүні жоқ болса да, қанаты бар, адамның пай-
дасына жарайтын адал құс еді. Біреудің сиықсыз болуы – тәңірдің 
ісі.  Қырғауылдың  айыбы  –  тек  сиықсыздығы.  Ал  сауысқанның 
жүні  ала  болғаны  сияқты,  өзі  де  ала,  бірлігі  жоқ.  Екеуі  бірігіп 


10
ұшпаған,  екеуі  бірігіп  қонбаған,  адам  пайдасына  аспайтын  арам 
құс еді. Сондықтан құс жаманы сауысқан деймін.
–  Õош,  сауысқан  мен  қарақоғаның  жамандығын  білдің.  Енді 
өзіңнің жамандығыңды қайдан білдің? – деді хан.
–  Óа, тақсыр! Менің жасым елуге келді. Мен қатарлылар әйел 
алып, бала көрді, келін жұмсап, қызық көріп отыр. Мен қайда бол-
са сонда, әлі күнге дейін әркімнің артына мінгесіп, басқа біреудің 
құлшылығында  жүрмін.  Енді  мен  жаман  емей,  жақсымын  ба?  – 
деп Жаман ханға қарады. Õан басын шайқап:
–  Апыр-ай,  сен  жаман  болсаң  жарар  еді...  Құстың,  шөптің, 
өзіңнің  жамандығыңа  дәлел  айттың,  жарайды.  Енді  менің  бір 
тұлпарым бар, соны сынап бересің бе?– деді.
– Жақсы, сынап берейін.
Тұлпарды  алып  келген  соң,  Жаман  тұлпардың  алды-артына 
қарап:
–  Тұлпарыңыздың  сипатынан  мін  таба  алмадым.  Енді  мініп 
қарар едім,– деп ханнан рұқсат сұрап алып, тұлпарға мініп, есік 
алдындағы өзеннен әрі-бері өтті де, қайтып келіп:
– Тақсыр! Тұлпарыңыздан басқа мін таба алмадым. Тұлпарыңыз 
тек сиырға шатыс екен, – деді.
Õан таңданып:
–  Апыр-ай, залым, оны қайдан білдің? Айтқаның рас. Менің 
Ақша  хан  деген  құдам  бар  еді.  Соның  тұлпар  табатын  бір  буаз 
биесін қалап алдырған едім. Бие күні жетіп, құлынды туа алмай, 
өлер  болған  соң:  «Бие  өлсе,  құлын  қалсын»,  –  деп  биенің  ішін 
жарып, құлынды алғанмын. Сол құлын осы еді. Әбден отығып кет-
кенше, сиырдың сүтімен асырап едім. Ал енді сен мұның сиырға 
шатыс екенін қайдан білдің? – деді хан.
– Тұлпардың одан басқа мінін таба алмадым. Бірақ тұлпарыңыз 
судан әрі-бері өткенде, аузын суға малып, артқы аяғын сілкіп өтті. 
Сиырды  күніне  қырық  суарсам  да,  судан  айдағанда,  аузын  суға 
малмай, артқы аяғын сілікпей өтпеуші еді. Тұлпардың сиырға ша-
тыс екенін содан білдім, – деді.
Отырған жұрт таңғалып, бір-біріне қарасты.
Õан біраз ойланып отырып:


11
– Енді менің бір гауһар тасым бар. Сол тасымның қандай қасиеті 
бар екенін тап, – деп қазынасындағы тасты алдырып берді.
Жаман тасты қолына алып салмақтап, шайқап қарап отырды 
да:
– Сіздің тасыңыз, рас, қасиетті тас екен. Бірақ екі жылдан соң 
қасиеті бітеді. Тасыңыз көзіккен екен. «Адам тілі тас жарар, тас 
жармаса, бас жарар» деген. Тастың ішінде көз тиіп түскен екі қара 
бас  құрт  бар.  Тасыңыздың  пышақ  сыртындай  ғана  қалыңдығы 
қалыпты. Сол құрт екі жылдан соң тесіп шығады. Тесіп шыққан 
соң, тасыңыз пайдаға аспайды, – деді.
Бірсыпыра  жұрт  не  дерін  білмей:  «Бәрібір  екі  жылдан  соң 
пайдаға аспайтын болса, тасты жаралық», – десті. Бірсыпырасы: 
«Жаманның сөзіне бола тастан айырылмайық», – десті. Ақырында, 
тасты жармақшы болды. Тасты жарып қараса, ішін екі қара бас ақ 
құрт кеулеп, тесуге жақындап қалған екен.
–  Тастың ішінде құрт бар екенін қайдан білдің? – деді хан.
–  Тастың өз қасиетіндей салмағы да болуы керек. Тас жеңілдеген 
екен. Құрт бар екенін содан білдім, – деп Жаман жауап берді.
–  Апырым-ай,  сен  жаман  болмадың  ғой,  тіпті  бір  данышпан 
болып жүрме! Ал сен менің өзімді сынашы? Мен неше атамнан бері 
хан екенмін?– деді хан. Жаман:
–  Жақсы,  –  деп  тақта  отырған  ханның  алды-артына  шығып, 
алдына келіп, ханның бетіне тіке қарап тұрып:
– Жоқ, тақсыр, сіздің басыңыздан басқа тегіңізде хандық жоқ 
екен,  хандық  қара  басыңда  екен.  Қарадан  туып  хан  болғансың, 
атаңда  хандық  жоқ  екен!  –  деді.  Жаманның  сөзін  бітірмей,  хан 
оның сөзін бөліп:
–  Жоқ,  қате  айтасың,  мен  жеті  атамнан  бері  ханмын.  Өзімді 
қойғанда да алты атамды қайда жібересің,– деп Жаманға жекірді. 
Жаман саспады.
– Жоқ, тақсыр, сіздің қара басыңыздан басқа тегіңізде хандық 
жоқ. Сіз нағыз наубайдың баласысыз, – деді.
Õан не дерін білмей, халыққа қарап:
–  Апырым-ау,  мына  Жаман  не  дейді?  Õалқым,  мен  хан  ба-
ласымын деп жүр едім, шақырыңдар анамды! – деді. – Ақыретке 


12
біреудің қанын жүктеп барып, тәңірі алдында қарабет болмасын, 
не де болса, шынын айтсын. Әйтпесе ашумен мына Жаманның ба-
сын кесермін, – деді.
Шешесі  келген  соң,  хан  шешесіне  Жаманның  сөзін  айтты. 
Шешесі терең күрсініп, сөзге кірісті:
– Е, шырағым, жасым сексенге келгенде, біреудің қанын жүктеп 
не қылайын. Бір сыр бар еді, оны тәңірінің өзі ғана білетін еді, мен 
білетін едім. Мынау Жаманың біліпті, енді айтайын.
Атаң сенің Çәрлі хан еді. Менен бұрын 19 әйел алып, кілең қыз 
тапқаны  үшін  бәрінің  де  ішін  жарып  өлтірген  екен.  Соның  үшін 
де  «Çәрлі  хан»  деп  халық  ат  қойып  еді.  Жиырмасыншы  әйелге 
мені алды. Мен де екіқабат болған соң, жалғыз жанымнан қорқып, 
тәуіптерге қаралып едім: «Сенің ішіңдегі қыз», – деді. «Қыз тап-
сам, мені де өлтіреді ғой», – деп көп қайғы жедім. Сол күндерде 
бас  аспазшы-наубайдың  әйелі  де  екіқабат  екен.  Оның  да  тамы-
рын ұстатып қаратып едім: «Мұның ішіндегі ұл», – деді. Жалғыз 
жаным  үшін  сол  жерде  маған  ой  келді.  Әйелді  оңаша  шақырып 
алып, барлық мұңымды айтып, қазынадан табақтап алтын беріп: 
«Ақыреттік  дос  болайық,  ұл  тапсаң,  ұлыңды  маған  бер,  менің 
қызымды ал. Бірақ бұл сырды ешкім білмесін!» – деп жалындым. 
Әйел табақтап алтын алып, бір жағынан мені аяп, сол жерде уәдесін 
берді.  Туар  кезімізде  Çәрлі  хан  аңда  еді,  екеуіміздің  толғағымыз 
бір күнде келіп, бір сағатта босандық. Сырды ешкім білмесін деп, 
басқа біреуді де жолатпай, біріміздің баламыздың кіндігін біріміз 
кесіп, сол қолыммен қызымды беріп, оң қолыммен сені алған едім, 
шырағым!..  Енді  бұл  күнде  мына  Жаманың  соны  біліпті.  Сыр 
ашылуға  тәңірі  жазса,  не  шарам  бар?  –  деп  сөзін  аяқтай  алмай, 
шешесі жылап жіберді.
– Сөз тапқанға қолқа жоқ! Олай болса, мен таққа лайық емес 
екенмін, осы оқиғаны оймен білген сіз лайықты екенсіз, – деп хан 
тағынан түсіп, тақты Жаманға береді.
Жаман:
– Жоқ, тақсыр, кешегі күні «Жаман кісі керек», – дегенде, ат 
артына салып келген Жаман едім, бүгін таққа отырмаймын. Сіздің 
көлеңкеңізде жүрсем де жарар. Тағыңызға өзіңіз отырыңыз, – деп 
болмайды.


13


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет