81
өзiнiң арман-қиялы туралы түн ортасы ауғанша айтқан күбiр-күбiр
әңгiмесiнiң емiс-емiс елесi ғана. Менi жып-жылы қойнына алып,
ағалық ақылын айтатыны мен зеректiгi едi.
– Бұл дүниеде мен пiр тұтар, сырласар жалғыз-ақ нәрсем бар,
ол – кiтап, – дейтiн.
– Әкем де, шешем де – сол кiтап. Кейбiрiн екi-үш қайтара
жалықпай оқып шықтым. Жалғыздығың, жетiмдiгiң – бәрi-бәрi
ұмытылып, басқа бiр жұмақты өмiрге сапар шеккендей боламын.
Әттең, жағдай келсе, оқуымды одан әрi жалғастырып, Алматыға ат-
танар едiм. Шынымды айтайыншы, кiтап жазып, жазушы болғым
келедi.
...Тортай көзi жайнап, астындағы жақпар тасты тебiнiп-тебiнiп
қалғанда, ар жағындағы шатқалға құлап кетедi екен деп зәре-
құтым қалмайды.
– Ақ боз ат демекшi, түнде түсiмде көк өгiзiм арғымақ болып,
жер тарпып, кiсiнеп тұр. О несi екен? – деп, бұзауларымен бiрге
қаперсiз оттап жүрген өгiзiне күн сап қарады.
– Тортай, сен түбi сол ақ боз атқа мiнесiң, – дедiм мен шын
көңiлiммен.
– Қайдам, – дедi ол тастан-тасқа секiрiп, төменге түсiп бара
жатып. – Қайдан бiлейiн... Әкем марқұмның тақымы қотыр тайға
тимей кетiп едi, қайдан бiлейiн.
Күз жақындап, фермадағы барлық бала жайлаудан ауылға
оқуға аттанғанда, тау басында бұзау бағып, жападан-жалғыз Тор-
тай ғана қалған. Әрине, мен оны қимадым, қиналдым. Өзiммен
бiрге ала кететiн шаманың жоқтығына жыным келдi. Кетерiмде ол
маған ең сүйiктi кiтабын сыйлап тұрып айтты: «Мен үшiн де оқы.
Бәлкiм, мен мiне алмаған ақ боз атқа сен мiнерсiң».
– Сенiң өз ақ боз атың бар емес пе?
– Жоқ, менiң маңдайыма көк өгiз жазылған.
– Онда мен өз ақ боз атымды саған сыйға тартамын.
?
Достарыңызбен бөлісу: