Оқулық Алматы, 012 ббк 74. 04 П 15



Pdf көрінісі
бет32/80
Дата06.01.2022
өлшемі0,78 Mb.
#16336
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   80
1.4.3- бөліміне ҚОСЫМША МАТЕРИАЛ
Владимир Исакович Герчиков: жалпы қызметкерлерді уəждеп 
қажеті жоқ, ол - əртүрлі деген. Бұл айырмашылық ішкі уəждің алуан 
түрлі типтері бойынша бөлінеді. Ішкі уəждеу феноменін ашу адамдар-
ды басқаруда төңкеріс жасады. Адамдарға ұйымда барлығына бірдей 
нəрсе қажет емес екендігі анықталды. В. И. Герчиков ішкі уəждеудің 
бес типін бөліп, қызметкерлерге бағытталған ынталандыру осы бес 
типтің арасындағы айтарлықтай айырмашылықтарды есепке алма-
са, ол ынталандыру кейде мақсатына жетеді, кейде қалт кетеді, кейде 
қарама-қарсы болады. 
Басшылардың қызметкерлерге ішкі уəждің бес типінің қайсысы тəн 
екендігін анықтау өте маңызды. 
1. Герчиков бойынша ішкі уəждің бірінші типі– «коммерциялық». 
Мұнда қызметкерлерді еңбек ақы ғана қызықтырады, олар үшін еңбек 
мазмұны, тіпті жұмыс жағдайы маңызды емес. 
2. Екінші тип – «шаруалық». Бұл адамдар басшылық жұмыстың 
белгілі бір учаскесінде нəтижеге жетуге тырысады. Олар жақсы 
ұйымдастырушылар, билікті жақсы көреді жəне оны пайдалана 
алады. Бірақ оларға жұмыс барысында барынша дербестікке ие 
болуға ынталану тəн. Бұл адамдарда жұмыстың өз учаскесі мен 
олардың қол астындағы қызметкерлер үшін жеке жауапкершілік 
сезімі үлкен. 
3. Үшінші тип – «кəсіптік», яғни бұл адамдарға жұмыс мазмұны аса 
құнды. Олар өз мамандығын жақсы көреді, өз саласындағы жаңалықтар 
мен ақырғы беталыстарға қызығады. Олар үшін қадір-қасиеттің ең бас-
ты межесі – кəсіпқойлық, яғни біліктілік деңгейі жəне жұмыстағы 
жеке жетістіктері. Қиын тапсырмалар оларды белсендіре түседі, 
ал шығармашылық мүмкіндігі олардың қуатын шоғырландырады. 
Олардың кəсіптік атақ сезімі дамыған, демек олар өзін көрсету 
мүмкіндігін бағалайды. 
4. Төртінші тип – «патриоттық». Олар өзі ұйымына, ұжымына, 
жұмыс орнына өте берілген адамдар. <...> Осылайша уəжделген 
адамдар басқа жұмыс іздеуден гөрі өз ұйымында қиыншылықтар мен 
шығындарға төзуді жөн көреді. «Патриоттарда» қатыстылық сезімі өте 
6–7420


82
дамыған. Бірақ оларда қол жеткізу уəждемесі нашар дамыған, қайта 
олар сəтсіздіктерден қашқақтауға тырысады. 
5. Ішкі уəждеменің бесінші типі туралы В. И. Герчиков əдетте 
өкінішпен жəне аяушылықпен айтатын. Бұл типті ол «люмпендік» деп 
атайтын. Бұл жоғарыда аталғандардың барлығы маңызсыз, «күн өтсе 
болды» ұстанымы бойынша өмір сүретін адамдар. Олардың өзін-өзі 
бағалау деңгейі біршама төмен, олар жұмыстағы жетістіктер, карьера, 
маңындағы адамдардың танымалдығы  қол жеткісіз екен деп түсінеді. 
Бұл адамдар орындаудың төменгі деңгейінде жұмыс істейді, олар істі 
ең төмен мөлшерде беріліп орындайды.
Пригожин А. Н. Открытие Герчикова //http://niscu.ru/?
lvl1 = konsul&lvl2 = manual&curr = 13
1.4.3-бөліміне СҰРАҚТАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР
1. А. Маслоудың «қажеттіліктер пирамидасына» сүйене отырып, 
адамның қажеттіліктерін ол жұмыс істейтін мекеме басшылығы қалай 
қанағаттандыруы мүмкін екендігін ойластырыңыз.  
2. Уəждеу теорияларының бірін таңдап, зерттеңіз. Осы теорияға 
негізгі ретінде бағдарланатын басшы уəж функциясын қалай жүзеге 
асыратынын сипаттаңыз. 
3. «Қызметкерлерді басқару» оқулығында 
(http://dps.smrtlc.ru/Od_PM/
Od_0.htm
) қызметкерлерді материалдық ынталандырудың жеті жалпы 
ережесі берілген: 
І. Ынталандыру жүйесі қарапайым жəне əр қызметкерге түсінікті 
болуға тиіс. 
ІІ. Ынталандыру жүйесі икемді болып, жұмыстағы əрбір жағымды 
нəтижеге орай əрекет етуі тиіс. 
ІІІ. Сыйақы мөлшерлері экономикалық жəне психологиялық 
тұрғыдан негізделу керек (көбірек бірақ сирек; азырақ, бірақ жиірек). 
ІV. Қызметкерлерді ынталандыруды əрбір қызметкерге дұрыс бо-
лып көрінетін көрсеткіштер бойынша ұйымдастыру маңызды.
V. Ынталандыру жүйесі қызметкерлерде материалдық сияпаттар 
əділдігі сезімін қалыптастыруы тиіс. 
VI. Бұл жүйе қызметкерлердің тек өз жұмысы ретінде ғана емес, 
сонымен қатар, басқа қызметкерлермен «іскерлік байланыстардың» 
табыстылығына қызығушылығын арттыруға себепкер болуы қажет. 
VII. Материалдық ынталандыру жүйесінде қызметкер өз жұмысы-
ның нəтижелері жəне фирма қызметінің арасындағы өзара анық байла-


83
нысты көріп, қызметкерлердің қателіктері мен əрқайсысының табыста-
ры неге əкеліп соғуын көрулері қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет