Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет317/525
Дата09.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#25118
түріОқулық
1   ...   313   314   315   316   317   318   319   320   ...   525
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

тыл бес қадам» деп аталатын 2009-2010 жылдарға арналған 

экономиканы жəне қаржылық жүйені тұрақтандыру бойынша 

бірлескен іс-қимыл Жоспарын əзірледі.

Осы құжатқа сəйкес, ең алдымен, жүйе құраушы банктерге 

қолдау көрсетіліп, 4 млрд. доллар қаржы бөлінді, бұл олардың 

өтімділігін көтеруге жəне нақты жобаларды қаржыландыруға 

мүмкіндік берді. Банктік секторды қолдаудан басқа, ауыл 



270

шаруашылығына 1 млрд. доллар, шағын жəне орта бизнесті 

қолдауға 1 млрд. доллар, серпінді индустриялық-инновациялық 

жобаларды іске асыруға 1 млрд. доллар жəне жылжымайтын 

мүлік нарығындағы тұрғын үй мəселелерін шешуге 3 млрд. дол-

лар бөлінді.

Тұтастай, мемлекеттің антикризистік саясатын іске асыруға 

бағытталған көлемді қаржы 2,2 трлн. теңгені немесе елдің жал-

пы ішкі өнімінің 14%-дан астамын құрады. Сөйтіп, осы бірлескен 

іс-қимыл Жоспарын жүзеге асырудың нəтижесінде 2009 жылы 

нақты жалпы ішкі өнімнің өсуі қалпына келе бастады. 2010 жылы 

антикризистік бағдарламаларды орындау ары қарай жалғасып, 

Үкіметтің күшімен БТА банктің жəне Альянс банктің қарыздарын 

қайта құрылымдау жүргізілді жəне сол арқылы экономикалық 

құлдырауды жұмсарту жəне экономиканы посткризистік даму 

жолына салу міндеттері алға қойылды. Сондай-ақ, «Бизнестің 

жол картасы» бағдарламасына сəйкес, жаңа жұмыс орындары 

ашылды, жұмыссыздық қысқарды, қосымша өндіріс қуаттары 

іске қосылды, басымдықты жобалар белсенді қаржыландырылды, 

шағын жəне орта бизнестің жұмысы жандана түсті жəне олардың 

құрылымы өзгерді. 2010 жылдың қаңтарынан қабылданған 

экономиканың үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 

Мемлекеттік бағдарламасы сəтті орындалып келеді жəне осының 

аясында жаңадан ішкі жəне сыртқы нарықтар игерілу үстінде, атап 

айтсақ, мұнай мен газ, металл, бидай өнімдерін экспорттаудың 

қытайлық бағыттылығы, ислам елдерінен, Оңтүстік Кореядан, 

Қытайдан жəне басқа да елдерден тікелей инвестициялар тарту.

Қазіргі жүргізіліп отырған іс-шаралар өз жемісін беруде: 

нақты ЖІӨ 7%-ға өсті, жұмыссыздық деңгейі 5,5%-ға қысқарды, 

инфляция қарқыны 7,8%-ды құрады, нақты жалақы 7,5%-ға өсті, 

банктердегі депозиттердің жалпы сомасы 13,7%-ға өсіп 6,8 трлн. 

теңгені құрады, банктердің жиынтық активтері де 4,2%-ға өсіп 

12,0 трлн. теңгені құрады, валюталық активтерді қоса есепте-

генде Ұлттық қордағы қаражаттың көлемі 59 млрд. долларға тең 

болды, Ұлттық Банктің алтын валюталық активтері 22,5%-ға 

ұлғайып 28,3 млрд. доллар болды.

Қазіргі уақытта, Қазақстанның антикризистік жəне пост кри-

зистік жетістіктері халықаралық аренада мойындалып отыр. 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   313   314   315   316   317   318   319   320   ...   525




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет