Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет394/525
Дата09.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#25118
түріОқулық
1   ...   390   391   392   393   394   395   396   397   ...   525
Халықаралық сауда – əртүрлі мемлекеттердің ұлттық 

шаруа 


шылықтарының арасында жүретін тауар мен қызмет 

айырбасы. Халықаралық сауданың негізі – халықаралық еңбек 

бөлінісі. Халықаралық еңбек бөлінісі жеке елдердің мамандан-



331

дырылуын сақтайды. Олардағы өндіріс қызметінің əртүрлі са-

ласын белгілі түрге мамандандырады. Нəтижесінде өндіріс 

пен ғылыми техникалық қызметтерді тауарлармен айырбастау 

жағдайын туғызып, халықаралық сауда дами түседі.

Халықаралық экономикалық қатынастардың басты нысанда-

рына жататындар:

- халықаралық еңбек бөлінісі;

- тауарлар мен қызмет көрсетудегі дүниежүзілік сауда;

- халықаралық несие;

- халықаралық жұмыс күші миграциясы;

- өндірістік факторлардың халықаралық ауысуы;

- халықаралық валюта-қаржы қатынастары;

- халықаралық ғылыми-техникалық байланыстар;

- экономикалық интеграция.

Халықаралық еңбек бөлінісі мен тауар айырбасына əсер ете-

тін төрт негізгі фактор бар:

1. Əлеуметтік-жағрафиялық фактор – жағрафиялық орнала-

су, халықтың құрылымы, саны жəне де олардың шаруашылық 

тəжірибесі.

2. Табиғи экономикалық фактор – табиғи климаттық жағ-

дайлар, жер шаруашылығы құралдары, табиғи кен байлықтар.

3. Техникалық экономикалық факторлар – жеке елдердің 

эко 


номикалық жəне ғылыми техникалық даму деңгейі əртүрлі 

болуы мен  анықталады.

4. Ғылыми-техникалық проресс. Халықаралық еңбек бөлі нісі 

өнімдерінің тұрақты түрде жаңаруына, тауарлар ассортиментінің 

жəне олардың техникалық күрделілігінің шапшаң өсуіне алып 

келеді.


Сыртқы сауда – тауарлар мен қызметтерді сырттан əкелуден 

жəне оларды сыртқа шығарудан құралады. Əрбір елдің сыртқы 

сауда нəтижесі сауда балансынан көрінеді. Егер шығарылған тау-

ар құнынан артық болса, онда оны сауда балансының оң саль-

досы дейді. Керісінше жағдай болғанда пассивті сауда балансын 

құрайды. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   390   391   392   393   394   395   396   397   ...   525




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет